«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет51/157
Дата01.11.2023
өлшемі352.27 Kb.
#482091
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   157
«мейірбике ісі негіздері» Пәні бойынша мейірбикелік технологиялар

Ескерту:
Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.
Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

  • қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

  • артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;

  • артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.


Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу


Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қаламсапты.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.

  4. Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға бір қолмен науқастың қолын алыңыз

  5. Екінші қолыңызбен науқастың қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

  6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

  7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.

  8. Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін айтыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.



Ескерту:

  • дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

  • 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);

  • дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;

  • тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынасында;

  • дене температурасы 10С жоғарылағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиіленеді;

  • Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

  • Тахипноэ – 1 минутта 20-дан көбірек жиілік, жиі дем алу жиіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет