Енгізілген сұйықтық
Келесі күнгі таңертеңгі сағат 6.00-да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.
Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.
Мейірбикенің міндеттері:
Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.
Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.
Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.
Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).
Қатты тамақтарда 60-тан80% дейін су бар.
Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеугетек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.
Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.
Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).
Келесі формула бойынша су балансына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.
Шығарылған сұйықтық мөлшері қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.
Егерде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.
Егер де сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.
Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |