«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет24/157
Дата02.06.2023
өлшемі0.5 Mb.
#474610
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   157
Кәсіби стандарт МІ

НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ

Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш- каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.




Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен)
тасымалдау


Іс-әрекет алгоритмі:



  • Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болу керек

  • Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі науқастын басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.

  • Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрылады.

  • Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.

  • Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімщеге жіберілді деп хабар береді.

  • Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.



Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш- каталкамен тасымалдау



  • Мейірбике аяққа арналған тірегішті басып отырғыш - каталканы алға қарай енкейтеді.

  • Аяққа арналған тірегішке науқастын тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.

  • Отырғыш-каталканы түпкі қалпына келтіреді

  • Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш- каталканың шынтақ сүйектін маңынан шықпауы керек.


ІV. Қауіпсіз ауруханалық орта


Науқасты Фаулер қалпына жатқызу
(жартылай жату және жартылай отыру қалпы
аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.




Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет