«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет74/157
Дата02.06.2023
өлшемі0.5 Mb.
#474610
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   157
Кәсіби стандарт МІ

Ескерту: - майлы ерітіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).
- пластикалық флаконның тығынына тамызғыш қондырылған дәрілік ерітінді тек қана бір науқасқа қолданылады.

Көзге тамшы тамызу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні, колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  3. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

  4. Антисептикалық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

  6. Оң қолыңызбен тамызғышты алып, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

  7. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқастан жоғары қарауын сұраңыз.

  8. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, көзден 1,5 см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

  9. Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

  10. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

  11. Екінші көзінде тамшыны сол тізбектілікпен тамызыңыз.

  12. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту:

  • екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

  • бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

  • егер де көзден іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет