Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен «Мейіргер ісі» бөлімі


Салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиялары



бет4/5
Дата03.01.2022
өлшемі25.8 Kb.
#450787
1   2   3   4   5
Лашын Бөж

Салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиялары

Салауатты өмір салтын қалыптастыру халыққа профилактикалық көмек көрсетудің барлық, яғни бастапқы және қайталама профилактика кезеңдерінде де жүргізіледі. БМСК деңгейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру технологияларына мыналар жатады:

1. Мінез-құлықтық қауіп факторларын, қауіптілік топтарын қалыптастыру мақ- сатында өмір салтын бағалау технологиясы:

1) сұрастыру, тексеру;

2) көшпелі патронаж;

3) қауіптілік топтарын анықтау.

2. Халықты жалпылама, топтық және жеке деңгейлерде хабардар ету технологиясы:



  • Жалпылама деңгейде:

  1. халықты кең ауқымды акцияларға (айлықтарға, аурулардың алдын алу және қауіп-қатер факторлармен күрес жөнінде өткізілген Халықаралық күндерге) қатыстыру;

  2. бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

  3. ақпараттық-білім беру материалдарын тарату.

  • Жеке және топтық деңгейлерде:

  1. әңгіме;

  2. дәріс;

  3. ақпараттық-білім беру материалдарын тарату;

  4. Интернет-байланыс, қысқа хабарламаларды жеткізу қызметін пайдалану, теле- фон байланысы.

3. Халыққа жеке және топтық деңгейде салауатты өмір салты дағдылары мен аурулардың алдын алуды үйрету технологиясына мыналар кіреді:

  • Жеке деңгейде: Профилактикалық кеңес беру

  • Топтық деңгейде: Пациенттер мен қауіп-қатер факторы бар тұлғалар үшін денсаулық мектептерін ұйымдастыру.
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет