Primunonnocere (лат.)- бәрінен бұрын зияныңды келтірме- бұл медицинадағы этикалық принциптердің бастысы болып табылады Науқасқа қамқор болу сондай-ақ онымен белгілі бір қарым-қатынасты сақтауды ұсынады. Пациентке назар аудару, оны тыныштандыру, қажетті режимнің сақталуын түсіндіру, дәрілерді тұрақты қабылдау, жазылып кетуіне және жақсаруына сендіру өте маңызды.
Медицина этикасы әртүрлі мәселелердің шешімін тұлғааралық өзара қарым-қатынасты үш негізгі бағыт бойынша оқытады және анықтайды.
Медициналық қызметкер –пациент
Медициналық қызметкер – пациенттің туыстары
Медициналық қызметкер –медициналық қызметкер
4 әмбебап этикалық принципке: мейірімділік, дербестік, әділеттілік және медициналық көмекті толыққандығы.
Мейірімділік пациентке сергек және мұқият қарау, пропорционалды ауыр жағдайда емдеу әдістерін таңдау, дайын және қабілетті болу. Бастысы, медициналық қызметкердің әрекеті нақты пациенттің ырқына бағытталуы керек.
Дербестік принципі әрбір пациенттің тұлғасына және оның шешіміне құрметті талап етеді. Әр адам жетістік құралы ретінде емес мақсат ретінде қарастыруы қажет. Дербестік принциптеріне құпиялық, мәдениетке, дінге, политикалық және басқа да пациенттің сенімдеріне құрмет, медициналық араласуға және бірлесе жоспарлау және көмек көрсету жоспарын, сондай-ақ пациентке жеке шешім қабылдау немесе заңды өкілі ретінде шешім қабылдауды іске асыруға ақпараттың келісімін беру сынды медициналық көмек көрсету аспектілерімен байланысты.
Әділеттік принципі- залал тудырмайтын принципі барлық пациенттің статусына, жағдайына немесе сыртқы жайына қарамастан медициналық қызметкерлердің бірдей қатынасы және қызмет көрсетуді талап етіледі. Бұл принцип сонымен қатар медициналық қызметкер пациентке қандай да болмасын көмек көрсеткен жағдайда пациенттің өзіне де, басқа тұлғаларға да ешқандай зардабы тимеуі керектігін анықтайды. Пациентпен және оның жақындарының немесе басқа да медицина қызметкерлерінің арасында конфликт жағдайы туындағанда, осы принципті ұстана отырып, пациенттің жағында болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |