21.АСҚОРЫТУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫНДАҒЫ
МЕЙІРКЕШТІК КІРІСУЛЕР
Асқорыту - өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, корытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өндеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өндеуге ішек-қарын ферменттері қатысады. Ас қорыту жүйесі ауыз
қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады. Ас қорыту жуйесінің қызметі:
Сөл шығару қызметі;
Қимыл (жиырылу — жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды;
Коректік затарды сіңіру қызмегі, ішек карын түтігінде болады;
Тіршілікке қажетті заттарды сыртқа шығару қызметі;
Эндокриндық қызметі;
21.1.Негізгі белгілері
Негізгі белгілері ішінің ауруы /өткір іш/ қыжылдау, кекіру, жүрегінің айнуы, құсу, тәбетінің бұзылуы, дәретінің бұзылуы.
Ішінің ауырсынуы көбінесе тағамды қабылдаумен байланысты. Ауырсынулар әртүрлі болады: ұстамалы, сыздаулы, т.б.егер патологиялық процеске іштің органдарының сыртқы қабаты киіліксе /брюшина/ ауырсынуы пышақ тәрізді, өткір болады да, жан-жағына әсер етеді.
Ауырсынуға баға бергенде, әр түрлі жағдайды есепке алған дұрыс / мысалы: тамақ ішкеннен кейін немесе алдында физикалық күш түскенде әр турлі ауруларға/. Егерде ауырсынудың себебін білмесеңіз жансыздыратын немесе ішекті жібітетін дәрілерді беруге болмайды асқазанды жууға, клизма және жылытуға қоюға болмайды.
Мысалы: егер ауырсыну іштің тырсылдауы мен немесе асқазан жарасының қозуымен байланысты болса жылытқыш ауырсынуды азайтады, бірақ грыжа немесе соқыр ішектің қабынуына жылытқышты коюға болмайды. Уланған жағдайда пациенттің жағдайында асқазанды жуумен жеңілдетеді. Ал жүректің өлі еттенуінде пациентке зиян келтіреді. Егер ұстамады ауырсыну пайда болса жедел тұрде дәрігерді шақырту керек.
Қыжылдау: төстің артынан немесе асқазанның үстіңгі жағында күйдіру тәрізді сезім білінеді /асқазандағы сөлдің өңешке қайтадан оралуы / сүт нсмссе сілтілі су ішкеннен кейін басылады.
Кекіру: асқазаннан газдың шығуы /ауамен, қышқылмен кекіру, асқазанның аурумен байланысты.
Егер ауыздан жағымсыз иіс шықса, ол асқазанда ішек қызметінің бүзылуымен байланысты.
Ауызынан шіріген жұмыртқаның иісі білінсе, онда асқазанда тағамның тұрып қалуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |