Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет11/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Ятрогенияның болу себептері:

  1. Диагноз туралы хабарды негізсіз болжау.

  2. Емдеу және диагностикалық процедураны теріс түсіну.

  1. Әрекетсіздіктен "мылқау"

  2. Мейіркештің орынсыз үндемеуі. Мейіркеш өзінің кәсіптік жұмысын
    атқарғанда пациентермен қатыгез, дөрекі, төрешіл, тәкәппар, өзімшіл,
    сұрампаз, немқұрайлы және шектен тыс салқын болмауы керек.

Медицина қызметкерлерінің парызы үнемі пациенттің жанының жайбарақатын бұзатын, денінің саулығына қайшы әсер ететін жағдайлармен белсеңді күресу, мейірімді, кішіпейіл болу. Мейіркеш ашуланшақ ынтасыз немкұрайлы болса, онда пациенттер жағымсыз пікірде болады. Мейіркеш пациеттермен араласқаңда этикалық нормадан басқа әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай біліп, кәсіпттік байсалдылық пен жоғары сезімге ие болғаны жөн. Сонымен бірге мейіркеш әр нақтылы жағдайда пациентермен түсінесе білуі керек, оның ауруына қарсы күресіп денсаулығын бұрынғы қалпына келуіне жағдай жасауы керек. Балалар ауруханасының медицина қызметкерлері балалар психологиялық ерекшелігіне, әсіресе пациент баланың жасына мінез-кұлқына, түріне, ауыртпалығына сонымен бірге балаға арухана жағдайының берген әсерін ескерген жөн. Кішкентай балалар сырқаттанғанда жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты мінез-кұлқы, хал-жайы өзгергені байқалады. Әсіресе әртурлі процедура мен инекцияларға, операцияға әзірлікке және тағы басқа да шараларға өте қорқыныш сезім білдіреді. Аурухананың балалар бөлімшесіңде қызымет ететін медицина қызметкерлері балалардың ата-аналарымен араласқанда түрлі қиыншылықтармен кездеседі. Себебі ата-аналардың балаларының саулығына деген қоркыныш, абыржулары байқалады, мұның бәріде олардың табиғи сезімдері бола тұра мейіркеш аса мейірімділікпен ата-аналармен жұмыс атқаруы қажет.
Жеке тұлға дегенімізсана-сезімі толығымен дамыған, болмысымен ерекшеленетін, жеке қасиеттерге ие адам. Барлық емдеу диагностикалық процессінің барысыңда мейіркеш пен пациенттің дербес қарым-қатынасы жаллпы деонтологиялық ережеге сай болуы керек. Соңғы жылдары адамдардың өмір сүруі ұзарды, соған байланысты халықтың ішінде қартайған адамдардын көбейіп, бүгінгі күнде созылмалы аурумен ауыратын қартайған адамдарға күтім көрсету мәселелері пайда болып отыр. Қартайған адамдардың жасы мен ерекшеліктерін мейіркеш ескере отырып байсалдылықпен, шыдамдылықпен, сабырлықпен, адал қызымет көрсетуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет