Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет14/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Белсенді эвтаназия — пациентке өлімді жасанды шақыратын дәрінің енгізілуі.
Енжар эвтаназия — пациенттің емін тоқтатып, қондырғыларды ағытады, бірақ оған деген күтім жалғаса береді.
Қазіргі кезде шет елдерде және Қазақстанда өлім аузындағы пациенттерді күтіп-бағатын арнайы мекемелер — хоспистер ашылған. Бұл медицинадағы ең мархабатты бағыт болып саналады. Сондықтаңда медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерін және мейіркештердің аса дайындылығын қажет етеді.


3.4.Мейіркеш құқығы мен міндеттсрі
Мейіркеш өзінің жұмысын бөлім меңгерушісінің, бекіткен кесте бойынша атқарады.
Мейіркеш құқығы:

  1. Пациенттің "ауру тарихына" орындаған процедураларын тіркейді,
    қажет болған жағдайда, дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсетеді,
    дәрігерді шақырады;

  2. Палатаның, кабинеттің, ваннаның, туалеттің, тумбочкалардың
    тазалықтарын, тағамдардың дұрыс сақталуын тексереді;

  3. Аға мейіркеш дер кезіңде керек дәрілерге талап қағазын жазады;

4. Дәрігермен бірге пациенттерді аралап шығуына қатысып,
пациенттердің қал жағдайын хабарлап, әрі қарай пациенттерді күту
және емдеу туралы нұсқаулар алады;
5. Пациенттердің ауру тарихындағы дене қызуын, процедураларын, анализдерін белгілейтін қағаздарын дұрыс жүргізеді.
6.Рентген және басқа әртүрлі зерттеулерге пациенттерді талапқа сай даярлайды.
7. Жаңадан түскен пациентті аурухананың ережесімен таныстырады; Бөлмедегі пациентке керек тамақ, дәрілер туралы талапты уақытында толтырып аға мейіркешке береді;
8. Бөлім меңгерушісіне күнде пациент туралы мәліметті беріп,
шыққан пациенттердің құжаттарын толтыруға көмектеседі;
9. Кезекшілікті тапсыру кезіңде мейіркештер жаңадан түскен пациенттермен танысып, олардың жағдайлары туралы жалпы мәлімет алады;

  1. Кіші медицина қызметкерлерінің жұмысын қадағалайды;

  2. Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізіп, науқастарға арналған денсаулық бұрышын ұйымдастырады;

12.Мейіркеш әрдайым өз білімін дамытып, санатын жоғарлатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет