15.2.Сифондық клизма жасаудың мейіркештік технологиясы
Егер тазарту клизмасы көмектеспесе, ішекті жуу үшін сифон клизмасы қолданылады. Сифондық клизманы жасағанда сұйықтықпен қоса газдар,сұйық ңәжістер, нәжістік тастар шығады. Пациенттерге бұл процедура ауыр тиеді, сондықтан клизма жасағанда жалпы жағдайын қадағалап отырып, дәрігердің қатысымен жасау керек.
Керекті жағдай: ішекке сифон клизмасын жасағанда сұйықтық канша енгізілсе, сонша сыртқа шығуы керек.
Мақсаты: ішектің жоғарғы бөліктеріндегі нәжісті, газдарды шығару.
Көрсеткіштері: тазалау клизманы жасағанда нәтижесінің болмауы.
Жабдықтар: шыны трубкамен жалғаскан стерильденген жуан резеңке зоңд, лоток, вазелин майы, воронка (1 литрлік), латекстік қолғап, 10-12 л су, ожау (1 литрдік)сұйықтықты кұятын ыдыс, клеенка, үлкен жөргек, дәкелер.
Халат, клеенкалы фартук, латекстік қолғап кию.
Пациентті сол жақ қырына жатқызып, аяғын тізесіне бүгіп, ішіне тарту.
Жамбасына клеенка және жөргек салу.
Системаны дайындап, зондтың тұйық жағына вазелин майын
30-40 см бойы жағу керек.
Екі жамбасының аралығын ашып, зоңдты 30-40см тереңдікке жіберу.
Воронканы зондқа жалғап, пациенттің дене деңгейіне кішкене
қисайтып ұстап 1 литр су кұю.
Воронканы жоғары көтеріп суды түбінен калдыру керек. 10.Воронканы түсіріп, сұйықтықты төгіп, қайтадан осы процедураны жүргізу, кемінде 10-12 л су кұю керек.
Зоңдты жайлап алып, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салу.
Тік ішектің кірер ауызын жуу.
Қолғапты, фартукты, халатты шешіп, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыска салу.
Достарыңызбен бөлісу: |