Некроз(өліеттену) – дәрі тері астына кетіп тіндерді өлі еттендіреді. Көбінесе 10% кальций хлорид ертіндісін дұрыстап салмағандықтан дамиды. Мұндай жағдайда инені алмай, поршенді өзіңізге қарай тартып, 0,25% новокаин ертіндісін сол инеге 1-2мл жібереді. Өліет пайда болған орнын 0,25% новокаин ертіндісін тері астына жан-жағына айналдыра жібереді.
Гематома – мейіркештің іс-әрекетіне байланысты. Венаға дәріні дұрыстап жібермегеннен дамиды. Тері асты ісініп, көк дақ пайда болады. Гематома пайда блған жеріне мұздатқышты қояды, келесі күні жылы спирттық компресс жасайды.
Сепсис - көк тамырға инъекция жасағанда залалсыздандырылмаған ертінділерді енгізуден, асептика және антисептика ережесін бұзғаннан ауыр түрде өтетін жұқпа.
Аллергиялық реакциялар – кейбір дәрілерді жібергенде есекжем, Квинка ісігі, конъюктивит ринит, ең соңғыда анафилактикалық шок дамуы мүмкін. Сондықтан мейіркеш міндетті түрде пациенттің аллергологиялық анамнезін жинауы және аллергологиялық сынақтарды жасауы керек.
Патертералдық жолмен дәрілерді енгізгенде болатын асқынулар
Бұлшық етке
Ине салғаннан
Кейінгі асқынулар
|
Тері астына ине
салғаннан кейінгі
асқынулар
|
Көк тамырға ине
салғаннан кейінгі
асқынулар
|
Майлы эмболиясы
Аллергиялық реакция
Гематома
Инфильтрат
Нервтық түйіннің
Зақымдануы
Иненің сынуы
|
Майлы эмболиясы
Аллергиялық реакция
Гематома
Инфильтрат
|
Ауа эмболиясы
Аллергиялық реакция
Гематома
Сепсис
Тромбофлебит
Флебит
Некроз
|
Достарыңызбен бөлісу: |