18.4.Урологиядағы эндоскопиялық тсксерістер
Цистоскопия - қуықтың ішін тексеру (урологиялық креслода тексереді).
Хромоцистоскопия - цистоскопия және 5 мл 0,4% индигокармин ертіндісін көк тамырға жібереді.
Пациентті дайындау:
Ашқарыңда.
Танертең тексерер алдыңда тазарту клизмасын жасау.
Куықты босату.
Несеп жолдарын антисептикпен өңдеу.
Цистоскоп кіргізер алдында еркек адамға несеп жолына анестезия жасау керек.Цистоскопты стерильденген глицеринмен майлайды.
Цистоскопияны дәрігер жүргізеді.
Цистоскопиядан кейін пациент төсек режимін сақтау керек.
18.5.УДЗ - эхография
УДЗ-эхография дегеніміз ультрадыбыс арқылы тексеру. Бұл тексерістің күрделігі — ағзаға дәрілер енгізілмейді, зиянсыз, кауіпсіз, пациентке әр түрлі жағдайда жүргізуге болады.
Пациентті ішкі құрылысының УДЗ-тексерісіне дайындау (бауыр, өт қалтасы, ұйқы безі, көк бауыр, бүйрек):
Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, максатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.
3 күн бұрын тағамнан жел шығаратын тамақnарды алып тастау: жемістер, сүт, ашытқы тамақтар, қара нан, шырындар, ішекті босататын дәрілерді қабылдау.
Іші кеуіп тырсылдаса, активті көмір табілеткаларын қабылдау.
Тамақты ішуін 18-20 сағат тексерер алдында тоқтату.
Кешкі уақытта тексерер алдында тазарту клизмасын жасау.
Тексерер алдында шылым шекпеу керек.
УДЗ-ға барғаңда орамал, ақжайма, аяқ киім алу керек.
18.6.Кіші жамбастың органдарын УДЗ дайындау
(куық, жатыр, аналық без)
.Куық толып тұру керек.
.2-3 сағат бұрын 1-1,5 л сұйыктық қабылдауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |