Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Аспаптық тексеру әдістерін атап шығыңыз?
Рентген арқылы тексеру әдістерін тізіп беріңіз?
Эндоскопиялық тексеру әдістерінің маңыздылығын және дайындау ережелерін түсіңдіріңіз?
Фиброгастродуоденоскопияға пациентті дайындау тәртібін түсіндіріңіз?
Ирригоскопияға дайындауын және жүргізуін айтып беріңіз?
Колоноскопияға сипаттама беріңіз?
Холецистографияға пациентті дайындаңыз?
Ректороманоскопияға пациентті дайындау ережесін атап шығыңыз?
Бүйрекгі УДЗ және экскреторлық урографияға дайындаңыз?
Қандай контрастық заттарды білесіз?
III. АРНАЙЫ БӨЛІМ
19.ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫНДАҒЫ
МЕЙІРКЕШТІК ҮРДІС
Тыныс алу деп- ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестерді айтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса, көптеген тіршілікке қажетті процестер тоқтап, денеде су тұрақтылығы (изогидрия), жылу тұрақтылығы (изотермия) бұзылады да адам өміріне қауіп туады. Демек, организм ауадан үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышкыл газын сыртқа шытарып тұрса ғана өмір сүре алады.
Тыныс алу бес кезеңнен тұрады:
Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосфералан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотықкан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан кұрамындағы газдардың алмасуы;
Газдардың өкпеден тіндерге, тіндерден өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
Тін мен қан арасындағы газ алмасу;
Ішкі тыныс алу - жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл – биохимиялық процесс.
Сыртқы тыныс алу, яғни газдардын ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: дем алу (инспирация) және дем шығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі кезекпен келіп алмасып отырады. Адам демді ішке алған кезде инспирация еттері жиырылады да, көкірек қуысын кеңейтеді. Көкірек қуысының тарылуы экспирация (дем шығару) еттері, яғни ішкі қабырға аралық еттердің жиырылуына байланысты. Демді ішке алып,сыртқа шығаруда плевралық куыс ішіндегі қысым денгейінің өзгеруі де елеулі рөл атқарады. Адамның демі мидың дем орталығымен реттеліп отырады. Мейіркеш пациенттерді бақылап отырғанда, демінің жиілігін, тереңдігін, түрін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |