Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру



бет149/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Пациент күтімі технол Байболина

24.1Дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру
Пациентті қатты жерге жауырынның астына жұмыр жастық койып, қысып тұрған киімдерін ағытып, ауызын ашып, протез тістері болса, алып тастап, басын шалқайтып жатқызу (сол жақ қолын мойынының астына салу). Егер асқазаннан кұсық шықса, ауызын ұқыптап тазалау керек (дәкелермен, электрсорғыш арқылы).
Өкпенің жасанды ауаны жаңартуы (ӨЖАЖ)
Жасанды ауаны жаңарту бұлшық еттің босануынан және дем жолдарының өткізгіштігіне байланысты.
Бұлшық еттің толық босануынан және ауыз-қуысының бостығынан демді экспираторлық әдіспен (ауыздан - ауызға) істейді. Ол үшін реаниматор пациенттің басын шалқалатып бекітеді, бір қолымен төменгі жақ сүйегін алдына қарай тартып, бармақпен екінші саусақпен пациенттің мұрынын тығыз жауып, ауызына дәке жабады.
Реаниматор демді терең ішке тартып, пациенттің ауызына 1 сек ішіңде жібереді. Пациенттің мұрнын және ауызын ашқан кезде демнің шығуы байқалады.Сондықтан оның кеуде қозғалысына көңіл аударып отыру керек.
Демді жіберу жиілігі - минутына 12-15 рет.

  • Пациентті қатты жерге жатқызыңыз.

  • Қысып тұрған киімдерін шешіңіз.

  • Басын шалқайтып, сол жақ қолын маңдайына, оң жақ қолын мойынының астына салыңыз.

  • Жауырынына жұмыр жастық салыныз.

  • Төменгі жақсүйегін алдына қарай тартып, пациенттің ауызын ашыңыз.

  • Ауыз-қуысын тазалап, тілін бекітіңіз.

  • Сол жақ қолының екі саусағымен мұрынын жабыңыз.

  • Терең демді кіргізіп, пациенттің ауызына апарып, бүкіл демді жіберіңіз.

  • Үзіліс жасаңыз.

  • Кеуде экскурсиясын қадағалап отырыңыз.

  • Ырғакты демді минутына 12-18рет жасаңыз(жедел жәрдем келгенше).



24.2.Жүрекке жабық тікелей емес массаж жасау
Мақсаты: жүректің жұмысын, қан айналысын қалпына келтіру.
Көрсеткіші: клиникалық өлім.
Міндетті жағдай: жүрек-өкпе реанимацияның бірізділігін сақтау:

  • дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

  • жүрекке жасалынатын тікелей емес массаж, өкпені жасанды желдетумен сәйкес келіп отыруы керек

  • әрбір 2 минут сайын тамыр соғысын ұйқы артериясы және көз қарашығы арқылы тексеру

  • Жедел түрде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіңіз.

  • Пациенттің басы жүректен төмен немесе жүрек тұсында болуын.

  • Қысып тұрған киімдерін шешіңіз.

  • Пациенттің жанынан мейіркеш тізесін бүгіп отырушы.

  • Бір қолын төс сүйегінің аяқ жағына салып, үстіне екінші қолды салыңыз.

  1. Қолын бос ұстауын (массаж жасағанда).

  2. Шынтақ буындарын тік ұстауын.

  3. Төстің төменгі жағын басуын (тереңдігі 3,8-5 см).

  4. "Жоғары-төмен" - ырғақты ұстап отыруын.

  5. Егер реанимацияны жалғыз адам жасап отырса, 9-11 секунд ішінде зардап шегүшінің екі рет дем алуы мен бірге 15 ырғақты массаж сәйкестендірілуін

  6. Егер реанимацияны екі адам жасаса, онда зардап шегүшінің бір рет демалуымен 4-5 ырғақты массажды сәйкестеңдіріп отыруын

  7. Жүрек жұмысының нәтижесін 1-2 мин сайын тексеріп отырыңыз, ұйқы-артериядан тамыр соғысын, көз қарашығын анықтаңыз.

  8. Дем жолдарын ашық түрінде сақтаңыз (жедел жәрдем келгенше).

  9. Демін, тамыр соғысын бақылап отырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет