Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


МЕЙІРКЕШТІК ҮРДІСТГІ СТАНДАРТТАР



бет151/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Пациент күтімі технол Байболина

25.МЕЙІРКЕШТІК ҮРДІСТГІ СТАНДАРТТАР






Стандарттар

Мейіркештік кірісулер

1

Стандарт
Өкпедегі жабыспақ
қақырықтың
болуына байланысты нәтижесіз, жеткіліксіз демдік процесс.

1. Өкпенің гигиенасын жақсарту үшін пациентке

  • терең демнің жаттығу маңыздылығын түсіңдіру және оларды орындау

2. Қақырықты нәтижелі шығару үшін "Жөтел әдісін" пациентке үйрету

  • демді ішке біртіндеп тереңнен алу

  • 2 секундқа демін ұстау

  • аузын ашып,демді шығарған кезде қақырықты шығару

3. Демнің шығуын жақсарту үшін еркін жай ғана қосылуын талап ету. Осы кезде жөтел нәтижелі болады.
4. Пациентті жөтелуге қолдап отыру.
5. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді беру.

2

Стандарт
Пациент ентігуді және ауырсынуды басу үшін қандай жағдай болу екенін білмейді, істей алмайды.

1. Табиғи қақырықтың шығуын үйрету үшін постуральдық дренаждың керектілігі мен маңыздылығын түсіндіру.
2. Дәрігер тағайындаған төсектегі дренаждың жағдайын пациентке үйрету.
3. Ауырсынуды басу үшін ауырған жағына жатқызуын талап ету
4. Емдеу процесінде пациенттің белсенді қатысуын қолдау.

3

Стандарт
Су ішудің керектілігін түсінбеуі.

1. Қақырықты жібіту, улануды азайту, су балансын біркелкі ұстау үшін, көп мөлшерде суды қолдану маңыздылығын түсіндіру.
2. Суды көп ішуін талап ету
3. Қанша ішкен сұйықтығын қадағалау,қағазына тіркеу.

4

Стандар
Жөтелмен, жұқпамен, гипертермиямен байланысты ыңғайсыз жағдай.

1. Жөтелгенде жастықшаны ішіне және кеудесіне қарай қысуын пациентке үйрету.
2. Бөлмені біркелкі температурамен ұстау.
3. Ауыз гигиенасын үнемі сақтау: ауызын шайып отыру,қасында орамал т.б болуы тиіс .
4. Төсек орнын, ішкі киімін құрғақ және таза ұстау.
5.Физиологиялық белсеңдігін азайтуын талап ету .
6.Жеке түкіргішпен қолдануын үйрету.
7. Тәуліктегі қақырығын анықтау.
8. Бактериологиялық зерттеуге және жалпы анализге қақырықты жинауын үйрету.
9.Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді жіберу.


5

Стандарт
Пациенттің қорқыныш сезімі пайда болуынан ұйқысының бұзылуы

  1. Сөйлесу арқылы қорқыныш сезімін анықтау.

  2. Пациентті тындап алуға дайын болу, кеес беру және аурухананың ішінде психологиялық көмек көрсету.

  3. Пациентке оның жанұясына стационарлық ем қолдану керектілігін түсіндіру.

  4. Туыстарына күнде пациентке келіп отыруына кеңес беру.

  5. Пациент жақсы ұйықтау үшін (жылы ванна, сүт беруге) керекті шараларды қолдану.

  6. Ұйықтайтын бір уақытта белгілеу, осы кестені бұзбау.

  7. Дәрігердің нұсқауы бойынша ұйықтататын дәрілерді беру.




6

Стандарт
Өзінің ауруы туралы білімінің жеткілксіздіп.

  1. Пациентке оның жанұясына осы ауру туралы мағынасын, оның ағзағы әсер етуін түсіндіру.

  2. Барлық жанұя мүшелеріне пациентке көмек көрсету керектігін келтіру.

  3. Ауруханадан шықаннан кейін пациентке көп жұмыс істемеуін, белсенді қозғалмауын уақытша азайту туралы түсіндіру.




7

Стандарт
Әлсіреген жағдайды құлап қалуына шалдығу.

  1. Дәретханаға біреудің көмегінсіз өз бетінше баруға болмайтын түсіндіру.

  2. Пациентті мейіркеш постыға таяу палатаға жатқызу.

  3. Пациенттің палатасына мейіркешпен байланыс жасау үшін сигнализаторды қою.

  4. Пациенттің аяқ- киімі ыңғайлы болу керек.

  5. Пациентті дәретхана баруына көмектесу.

  6. Жолында ыңғайсыз заттар болмау керек.




8

Стандар
Пациенттің ауруханада болған жағдайға байланысты ұйқысының бұзылуы.

  1. Пациентпен жақсы қарым- қатынаста сөйлесу.

  2. Пациентке назар аударып тындау, кеңес беру, психологиялық түрде қолдау.

  3. Емдәм, ұйқысын ашатын қою шай, кофе тәрізді заттарды алып тастау.

  4. Пациенттің жан- жағына ыңғайлы жағдай жасау.

  5. Ұйқының бір уақытын белгілеу, осы уақытты бұзбау.

  6. Пациентке ұйықтататын шараларды қолдану (арқасын сипау, жылы ванна, жылы сүт

  7. Дәрігердің нұсқауы бойынша ұйықтататын дәрілерді беру.





9

Стандарт
Тесілудің пайда болуы.

Күнде бір рет нортон шкаласы бойынша пациенттің жағдайына баға беру.
2. Төсек тартып жатқан пациентті 2- сағат сайын орнынан ауыстырып отыру.
3. Күнде белгілі уақытта тесілуге шалдыққан жерлерін сүрту.
4. Төсек орнын тексеріп отыру
5. Туыстарына пациентті дұрыс қозғалтуын үйрету.
6. Ішкен тағамын қадағалап отыру (ақуыздын мөлшері тәулігіне 120 г болуы тиіс)
7. Тәулігіне 1,5 л су ішуіне қамтамас ету.
8. Поролон жастықшаларды қолдану.
9. Зәрі, нәжісі тұрмаған кезінде, памперсті қолдану, оны айырбастап отыру.
10. Ауырсыну пайда болғанда дәрігерді шақыру.

10

Стаңдарт
Тесілу.

I Ауырсыну дәрежесі.
- биооклюзиондық тану
- солкосерил немесе басқа дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді қолдану.
II Ауырсыну дәрежесі:
- Өңдеу алдында тесілеуді, жараны жуу.
- Активтелген көмір дәкемен сору.
- Ауаны желдету.
- Дистиленген су немесе физиологиялық ертіндімен жуу.
III және ІУдәрежесі:
Хирургиялық емдеу, ойықты кесіп, зарарсыздандырып, өлі еттерді алып тастау (ферменттік препараттарды қолдану).
Дәрігердің нұсқауы бойынша солкосерилді қолдану(зат алмасуды жақсарту үшін).

11

Стандарт
Тесілудің айналасының қабынуы және жағымсыз иістің шығуы

Жараны байлау (иісі шықпау үшін және сырттан инфекция түспеу үшін).
- Байламның ішіне активтелген көмір салуға болады.
- Хлорофилы бар дайын байламды қолдануға болады.

12

Стандарт ұзақ емес байланысты көңіл күйдің болмауы.

Аурудың туыстары жағынан психологиялық көмек.

13

Стандарт
Пациент өз бетінше киімді кие алмайды. Мысалы: оңжақ гемиплегия.

1. Науқастың өз бетінше киім киюін бақылау.
2. Егер науқас өз бетінше киіне алмаса онда оның себебін анықтап, пациентті тәуелсіз түрде істеу қабілетін анықтау.
3. Пациент өз бетінше киінуіне келісім береді ма, жоқ па?
4. Киіну тәсілін бір қолымен көрсету.
5. Пациентке сол жақ қолымен киінуіне көмектесу
6. Пациентті киім ауыстырған кезде қолдау.

14

Стандарт
Пациент өз бетінше жұмыс орнын жуа алмайды.

1. Себебін анықтау. Өз бетінше көмек жасау қабілетін үйрету.
2. Пациенттен келісім алу.
3. Пациентке сол жақ қолымен жыныс органдарын жууын үйрету.
4. Процедураны орындаған сайын пациентті қолдау.
5. Пациенттің жан-жағын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.

15

Стандарт
Пациент өз бетінше төсекте отыра алмайды, жан жағына қозғала алмайды.

1. Пациентке қозғалу әдісінің ерекшелігін түсіндіру (төсек жағдайында)
2. Керуетке қосымша жабдықтарды тіркеу (белдік, аспа, тұтқа т.б.)
3. Осы заттардың тұрақты екенін анықтау.
4. Пациеттің төсектегі жағдайын 2 сағат сайын ауыстыру және отырғызу.

16

Стандарт
Өз бетінше ауыз қуысының гигиенасын орындауын жүргізе алмау.

1. Пациентке түсіндіру (егер бұл мүмкін болса) осы процедураның жүрісін түсіндіру және келісім алу.
2. Ауыз қуысын (2% натрий гидрокарбонат, калий перманганат әлсіз ертіндісімен сүрту 2- мезгіл
- тілінен, тісінен жағының алуы
- Және шприц арқылы немесе балон арқылы ауыз қуысын жуу

17

Стандарт
Пациент ауыз қуысының тазалығынан бас тарту.

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау.
2. Ауыз қуысын таза ұстау туралы әңгімелесу.
3. Туыстарына пациентке тіс щеткасы мен пастасын қамтамасыз етуін айту.
4. Пациентті ауыз қуысының гигиенасына үйрету
а) тамақ ішкен сайын аузын шаю
б) тісті таңертең, кешке тазалау.




18

Стандарт
Шап
аймағындағы
қыртыстарының
қызаруы.

1. Себебін анықтау және пациенттің,қабілетін, үйренуін білу.
2. Пациентке қай жерде душ алатын орнын көрсету.
3. Гигиеналық процедураны тәуелсіз түрде орындауына көмектесу.
4. Күнде 2-мезгіл жуынуына көмектесу.
5. Дәрігердің нұсқауы бойынша
а) Қызарған жерін күнде 70% спирттық ертіндімен сүртіп отыру
б) Тальк, окись цинк ұнтақтарын қолдану
в) егер орындары суланса мырыш тотығы мен солкосерил қоймалжыңын қолдану солкосерил қоймалжыңын қолдану.

19

Стандарт
Тоңуға
шалдығу.

І.Тексеруді қатаң түрде орындау
- су температурасын
- процедураның ұзақтығын
2. Процедураны орындаған кезде ауа мен желдетуін тоқтату.
З.Процедураны жүргізгеннен кейін пациентті құрғатып сүрту, киіндіру.

20

Стандарт
Тағайындалған
емдәмнің
жеткіліксіздіп.

1. Ем дәмдік тағамдар қағидалары туралы пациентпен әңгімелесу.
2.Тағайындалган емдәм бойынша тамақтану режимін сипаттау.
З.Пациентке керекті тағамдарын жазып және бұл диета бойынша қолданбайтын тағамды жазып беру

21

Стандарт
Тағамды өз
бетінше іше
алмауы.

1 .Тамақ ішкенде жағымды жағдай жасау
- тамақтану уақыты
- тазалық шаралары
- тақамды эстетикалық түрінде беру
2.Тағайындалған диета бойынша тағам температурасы сәйкес болуы керек.
З.Әр түрлі мәзір талап ету.
4.Егер пациент өзінің тағамын толық іше алмаса, қосымша тағам арасында тамақпен қамтамасыз ету.

22

Стандарг
Тағамды өз
бетімен іше

1 .Пациенттен қандай жағдайда тамақганғысы
Келетінін сұрау.
2.Ыстық сусындардың температурасын анықтау.
З.Ауыр халдегі науқас ыстық, сусынды трубочка арқылы ішу керек.
4.Қатты тағамнан кейін сусын ұсыну және жайлап тамақтандыру.
5.Тамақтан кейін аузын шаю




23

Стандарт
Үлкен және кіші дәретін ұстай алмағандықтан қорқыныш сезіммен тамақ ішуден бас тарту.

1. Пациентке өзінің сезімін айтуға мүмкіншілік беру және осы сұрақтарына жауап беру .
2. Су режимі туралы әңгімелесу.
3. Үлкен дәретпен кіші дәреттің қай уақытта болуын белгілеу, дәретханаға баруына көмектесу немесе судномен қамтамасыз ету. Тәулік бойы су қабылдауын диурезін реттеу.
5. Пациентті пост байланысымен қамтамасыз ету.

24

Стандарт
Пациент немесе оның туыстары гасгростома арқылы тамақты жіберуін және оның күтуін білмейді.

1. Пациентке керекті талап беру.
2. Пациент өзінің пікірін, қорқынышын айтуына мүмкіншілік беру. Пациенттің сұрақтарына жауап беру.
3. Пациентті керекті дағдылармен үйрету.
- егер гасгростоманы ұзақ қолданса оның қалай алуын, тағуын, қалай тамақ жіберуін үйрету.
- Егер асқазан секрециясы рефректорлық түрде сақталынса онда пациентке тамақты дұрыстап шайнап су мен араластырып аузынан құйғышқа құю, резеңке трубка арқылы.
- Асқазанға көп мөлшерде тағамның жіберуіне болмайтынын түсіндіру (себебі асқазанның бұлшықеттері жіңішкереді тағам қайтадан резеңке трубка арқылы сыртқа шығады. - Тамақтан кейін трубканың ішін сумен жуу.
- Пациент тамақ ішкеннен кейін 30 минут жартылай жату. Қолданған трубканы зарарсыздаңдыру.

25

Стандарт
Ағзадан су кету қаупі.

1. Дәрігердің талабы бойынша сұйықтықты ауыз арқылы қолдану.
2. Ауыз және көктамыр арқылы жіберілетін сұйықтық мөлшерін тіркеу.
3. Егер ауыз арқылы пациент іше алмаса, көк тамыр арқылы жіберу.
4. Ағзаның жағдайын қадағалап отыру.
5. Мейіркештер 24 сағаттың ішінде су балансын өлшеп. Құжатқа жазып отыруы тиіс.

26

Стандарт
Пациент тоңып, дене-сінде ауырсыну пайда болады. Әлсіздену, дене кызуының көтерілуі.

1. Төсек режимімен қамтамасыз ету .
2. Пациентті жылыту:
- жылы киім кіргізу
– жылылап орау
– жылытқышты жан-жағынан қою, дене қызуын әрбір 2 сағат сайын өлшеу

27

Стандарт
Дәретханаға өз
бетінше бара
аламауы.

1. Уақытымен судноны, зәржинағышты төсек тартып жатқан пациентке беру.
2. Үлкен дәрет,кіші дәрет кезінде пациетті жекелеу.
3. Жыныс органдарын жуу.

28

Стандарт
Сандырақтау
Кезінде жарақаттау қаупі.

1. Жекелік мейіркештік постыны ұйымдастыру.
2. Керуетті қосымша қорғаныш заттармен қамтамасыз ету.
3. Демін, қан қысымын, тамыр соғысын әрбір сағат сайын қадағалау.

29

Стандарт
Пациент тоңып
тұр. Дене қызуының
критикалық түсуі.

1. Дене қызуын өлшеу.
2. Жылытқышпен жылындыру жылылап орау.
3. Ыстық шай, кофе беру.
4. Дәрігер тағайындаған дәрілерді беру.

30

Стандарт
Қатты әлсізденгеннен
кейін жаракаттану
болуына кауіп.

1. Қатаң төсек режимі.
2. Пациентке жүргізіліп жатқан кірісулердің керектілігін түсіндіру.
3. Мидың қан айналысын жақсарту үшін, пациентті жатқызып, аяғын көтеру.
4. Кан қысымын, демін, тамыр соғысын әрбір сағат сайын тексеру.
5. Пациенттің жағдайында болған өзгерістерін дәрігерге хабарлау.
6. Жалпы жағдайын жақсарту үшін жеке басының тазалығын жүргізуге көмектесу.










31

Стандарт
Кақырық шықпайтын
жөтел. Нәтижесіз
Демдік процесс.

1. Пациентке сау жағына жатуына ұсыну (дренаждық жағдай қақырықтың жақсы шығуы үшін)
2. ішінің жағдайын тексеру (метеоризм болмау үшін)
3. Ішектің және қуықтың жұмысын реттеу.
4. Кақырықты жібіту үшін көп мөлшерде су ішу.
5. Постуралдың массажды вибрациоңдық массажбен алмастыру.
6. 2 мезгіл термометрия жүргізу
7. Бөлмені желдету.
8. Бүгін, ернін, тырнақтарын тексеріп отыру.
9 Демдік жаттығуларды дәрігерді келісіммен жүргізу.

32


Стандарт
Құрғақ жөтел.

1. Пациентке физикалық психологиялық тыныштық жасау.
2. Жылы су (минералды суды жартылай сүтпен аластырып) ішу
3. Кеудесіне қыша қою, қышалық ванна аяғына, жылылап орау, жылытқышты аяғына салу.
4. Дәрігердің нұсқауымен инголяция қолдану




33

Стандарт
Қан түкіру.

1. Пациентті тыныштандыру.
2. Толық физикалық, психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету.
3. Пациентке сөйлесу және шылым шегуге болмайды.
4. Төсекке жартылай отырғызу жағдайын жасау (жоғарғы Фаулер жағдайы)
5. Қанды түкіру үшін лотокты беру.
6. Кеудесіне мұздатқышты қою.
7. Жедел түрде дәрігерді шақыру.
8. Суды, тағамды суық түрде беру.
9. Қатаң төсек режиммен қамтамасыз ету.
10. Терісін, тамыр соғысын қан қысымын қадағалап отыру.




34

Стандарт
Экспираторлық ентігудің ұстамасы.

1. Пациентті тыныштандыру.
2. Жедел түрде дәрігерді шақырту.
3. Қысып тұрған киімдерін шешу.
4. Жартылай отырғызу.
5. Ауа жіберу немесе оттегіні беру.
6. Аяқ киімін ыстық ваннаға салу.
7. Дәрігердің нұсқауы бойынша аэрозодық ингаляторды қолдану.




35

Стандарт
Жүрегінің ауырсынуы.

1. Дәрігерді шақырту.
2. Пациентті тыныштаңдыру.
3.Пациентті жатқызу, физикалық, психологиялық тыныштык,
4. Тіл астына нитроглицерин салу, 30-40 тамшы корвалол немесе валокордин ішу.
5. Жүрек маңына қыша қою жылытқышты сол жақ жауырынына, қолына қою.
6. Пациенттің жағдайын қадағалап отыру
7. Дәрігердің тағайындаған нұсқауларын орындау.




36

Стандарт
Талып келу.

1. Пациентті жастықсыз жатқызып аяғын көтеру.
2. Ауа жіберу.
3. Қысып тұрған киімдерін шешу.
4. Бетіне кеудесіне су бүрку.
5. Мұрнына нашатыр спиртін иіскету, самайын сүрту.
6. Кеудесін, самайын үйкелеу
7. Бетінен шапалақтау немесе суық орамалмен сүрту.
8. Керекті дәрілерді дайындау.




37

Стандарт
Коллапс.

1. Жедел түрде дәрігерді шақырту.
2. Пациентті ыңғайлап жатқызу, аяғын көтеру.
3. Көрпемен жылылап орау, жан-жағына жылытқыштарды қою.
4. Ауа жіберу. Оксигенотерапия жасау.
5. Қою ыстық шай беру.
6. Дәрігердің нұсқауын орындау.




38

Стандарт
Ісіктер.

1. Дәрігерге хабарлау.
2. Су балансын тексеру.
3. Емдәмді тексеру
4. Теріні күту (тесілудің алдын алу)




39

Стандарт
Қан қысымы көтерілуі мен басының ауруы.

1. Дәрігерді шақырту.
2. Ауа жіберу.
3. Басын көтеріңкі қылып жатқызу.
4. Қарақұсына, аяқтың бұлшық етіне қыша қою.
5. Маңдайына суық компресс жасау.
6. Дәрігердің нұсқауын орындау.




40

Стандарт
Жүрегінің кағуы.

1. Дәрігерді шақырту.
2. Пациентті тыныштандыру.
3. Ауа жіберу, бөлмені желдету, қысып тұрған киімдерін шешу.
4. Ыңғайлы жағдай жасау.
5. Дәрігер келгенше, қан қысымын, тамыр соғысын, демін санау.
6. Тіл астына нитроглицерин беру.
7. Жалпы жағдайын қадағалап отыру.
8. Дәрігердің нұсқауын орындау.




41

Стандарт
Дәреттің тұрып қалуы.

1.Пациентке керекті емдәмді өңдеу (емдәм3)
2. Ағзада су жоғалуын келтірмеу.
3. Пациентке ішек жұмысын жақсарту үшін, күнделікті тағамнан кейін жекелеу, жоғары Фаулер жағдайын жасау, судно беру (егер пациент төсекте жатса).
4. Пациентке іштің бұлшық еттің толықсуын басу үшін жаттығулар жасауын үйрету.
5. Дәретті жібітетін дәрілерді беру.
6. Пациентке көп қозғалуын ұсыну.




42

Стандарт
Метеоризм (ішінің тырсылдауы).

  1. Емдәм режимін сақтау (қара нан, сүт, капуста, боб тағамдарын, жүзім жеуге болмайды).

  2. Күнде ішін тексеріп отыру.

  3. Дәрігердің нұсқауы бойынша активтелген көмір, түймедақ тұнбасын т.б беру керек.

  4. 4. Жел шығаратын түтікше қолдану.




43

Стаңдарт
Физиология-лық шығарумен байланысты ұялшақтықтың пайда болуы.

1. Пациенттің жекелік қасиеттерін сипаттау.
2. Пациентпен сөйлесу. Келісім алу.
3. Физиологиялық шығару болған кезде пациентті жеке қамтамасыз ету.




44

Стандарт
Ыңғайсыз жағдайда физиология-лық шығарудың қиындығы.

1. Пациентке жеке жағдаймен қамтамасыз ету.
2. Судно берер алдында пациентті жоғары фаулер жағдайына келтіру немесе егер жағдайы келсе орындыққа қойылған судноға отырғызу.




45

Стаңдарт
Диаррея

1. Күнде пациентпен бірге дәреті туралы мәліметтерін құжатқа тіркеу (оның жиілігін, түсін).
2. Ішектің жұмысын қадағалау.
3. Пациентке көп мөлшерде су ішуін ұсыну.
4. 4 емдәм туралы кеңес беру.
5. Жаралардың қызаруын алдын алу үшін жыныс органдарын күту.




46

Стандарт
Жүрегі айну.

1. Тағам қабылдауына назар аудару.
2. Уақытша симптомын басу: газдалмаған минерал суын ішу
3. Дәрігердің нұсқауы бойынша церукал, мотилиумды қолдану




47

Стандарт
Құсық

  1. Пациентті тыныштандыру.

  2. Басын жоғарлатып, бір жақ қырына жатқызу.

  3. Аузының бір жағына дәке немесе орамал салу, лоток қою.

  4. Тіс протездерін алып тастау.

  5. Құсықтан кейіе ауызын сумен немесе перманганат калийдің әлсіз ертіндісімен шаю.




48

Стаңдарт
Іштің ауырсынуы

  1. Пациенттің ауырсынуын басу үшін, ыңғайлығып жатқызу.

  2. Дәрігерді шақырту.

  3. Мүлде тыныштық

  4. Аш ұстау

  5. Қан қысымын, тамыр соғысын, дене қызуын тексеріп отыру.

  6. Дәрігердің нұсқау бойынша жұмыс істеу.

49

Стандарт
Асқазан ішектен қан кету

  1. Пациентті тыныштандыру аузына лоток беру.

  2. Дәрігерді шақырту

  3. Басын көтеріп ыңғайлып отырғызу.

  4. Кіндіктен жоғары аймағын мұздатқышты қою.

  5. Қан қысымын, тамыр соғысын қадағалап отыру.

  6. Аш ұстау

  7. Дәрігердің нұсқауын орындау.


50

Стандарт
Зәрдің жиі- жиі шығуы

  1. Пациенттерге қолдану үшін ұсыну:

-әйелдерге- памперстар
-ерлерге- утканы
2. Пациентті зәржинағышты қалай қосуын, алып тастауын үйрету.
3. Зәржинағыштарды дұрыс күтуін пациентке үйрету.
-3-4 мезгіл зәржинағыштан зәрді босату
-тәулігіне 1- мезгіл калий перманганат калий әлсіз ертіндісімен немесе әлсіз хлорлы сутек қышқыл ертіндісімен өндеу.
-0,5% хлор ақ ертіндісіне 2 сағат салу зарасыздандыру үшін
-аяқтын сумен жуу.
4. Жыныс органдарын жуу.
5. Ішкі киімдерін, төсек орныын ауыстыру.
6.Ақ жайманың үстіне клеенка салу.
7. Емдәмді сақтау үшін кеңес беру.

51

Стандарт
Өз бетінше дәретханаға бару мүмкіншілігі жоқ

  1. 18 сағаттан кейін- сұйықтықты азайту.

  2. Пациенттен қай уақытта зәрінің келуін анықтау.

  3. Мейіркеш постысымен байланыс жасауын қамтамас ету.

  4. Пациентті постыға жақын бөлмеге жатқызу.

  5. Дәретханаға пациентті апаруға көмектесу.

  6. Қолын жуғызып егер мүмкіншілігі болса жыныс органдарын жуғызу.

52

Стандарт
Үнемі катетері бар пациенттің зәр шығаратын органдарының жұқпалы шалдығу қаупі.



  1. Асептика ережесі сақтау, катетерді салу

  2. Катетер шығып кетпеу үшін байлау.

  3. Катетерді көп уақыт ұстауға болмайды.

  4. Қолын әрбір әдістен кейін үнемі жуып отыру.

  5. Катетер зәр жинағының системасы жабық болу керек.

  6. Егер катетер пітеліп қалса жуу керек.

  7. Катетер жуқан кезде асептика ережесін сақтау.

  8. Керекті жағдайда, зәрді анализге алу.

  9. Үнемі зәрдің ағып тұрғанын қадағалау.

  10. Катетердің жан- жағын өндеп отыру.

  11. ІАЖ алдын алу үшін жыныс органдарына дұрыс күтім жасау.

53

Стандарт
Қуықтың жыртылуына қорқыныш сезімнің пайда болуы

  1. Күнде пациентпен бірге зәрдің шыққанын тіркеп отыру.

  2. Егер зәр жүрмей қалса пациентті жекелеу.

  3. Пациентті жоғарғы Фаулер жағдайына келтіру немесе дәретханаға апару

  4. Зәрді рефлекс арқылы шығару

  5. Егер нәтижесі болмаса дәрігерге хабарлау.

54

Стандарт
Эндоскопиялық тексеріс алдында қорқыныш сезімнің пайда болуы

  1. Пациентпен әңгімелесу осы процедура туралы түсіндіру.

  2. Пациентті тындап алу (оның қоқыныш сезімін)

  3. Біртіндеп сұрақғына жауап беру.

  4. Аурулар туралы мысал келтіру.

  5. Эндоскопиялық тексерістің қауыпсыздігі туралы ұсыныс беру.

  6. Манипуляция алдында жақсы ұйқымен қамтамас ету. Дәрігер нұсқауы бойынша ұйықтататын дәрілерді беру.

55

Стандарт
Процедурадан бас тарту.

1. Пациентке процедураның мақсатын, кезеңін, қауіпсіздігін түсіндіру.
2. Пациентке өзінің қорқыныш сезімі туралы пікір айтқызу.
3. Пациенттің сұрақтарына жауап беру.

56

Стандарт
Дәрілерден бас тарту.

1. Пациенттерді үйрету.
2. Пациентке хабарлау ,
-дәрінің дозасын,
-мақсатын,
-нәтижесін,
-қолдану тәсілін, уақытын, ұзақтылығын,
-жағымсыз әсерін,
-ішімдіктен, қолайсыз тағамнан бас тартуын,
- егер емнің кестесін бұзса, оның жағымсыз нәтижесін.
3. Керекті жағдайда жазбаша кеңес беру.
4. Пациентке өзінің пікірін айтқызу, сұрақтарына жауап беру.

57

Стандарт
Пациент дәріні ингаляция арқылы қолдана алмайды.

  1. Ингаляторды қалай қолданатынын көрсету:

- ингалятордың қақпашасын алу,
- жоғарыдан төмен төңкеру,
- терең дем алу,
- ингаляторды аузына салып, ернімен кысып, басын кішкене артына шалқайту,
-аузынан терең демді шығарып, баллонды басу, ингаляторды ауыздан алып демді
5-10 се-куңд ұстап, содан кейін біртіндеп демді шығару.

58

Стандарт Кақырық жинау дағдысын білмеу.

1. Анализдің алдында, пациентке қақырықты жинау әдісін үйрету.
2. Назар аударыңыздар:

  • қақырық таңертең ашқарыңда жиналады,

  • қақырықты жинар алдында аузын 2% сода немесе 1:5000 фурацилин ерітіндісімен немесе 0,01%

  • перманганат калий ертіндісімен шаяды,

  • терең демалып, қақырықты құрғақ түкіргішке 3-5 минут жібереді,

  • бактериологиялық тексеріске антибиотиктардың сезімталдығына Петри ыдысына жинайды. –

Жиналған қақырықты 2-сағат шамасында лабораторияға жібереді .
3. Егер пациенттің сұрақтары болса жауап беру.
4. Үйде жатқан халі нашар пациенттің қақырығын туыстары жинап әкеледі.
5. Тәуліктегі қақырықты таза құрғақ ыдысқа жинайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет