Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.
Ф. Найтингейл, В.Хендерсон мейіркеш ісіндегі рөлдерін атап шығыңыз?
Мейіркеш үрдісінің кезеңдерін атап, оларға сипаттама беріңіз?
Пациенттің физиологиялық қажеттіліктеріне сипаттама беріңіз?
Медициналық этико-деонтологиясы туралы түсінік беріңіз?
Мейіркештік философияның маңыздылығын айтып беріңіз?
6.Емдеу мекемелеріндегі жұқпаларды тексеруді ұйымдастыру және жұқпалардың алдын алу.
Қазіргі денсаулық сақтау саласында ішкі ауруханалық жұқпалар маңызды проблема болып саналады.
Бүкіл дүниежүзілік жүргізілген зерттеулер бойынша ішкі ауруханалық жұқпалар госпитализациялық асқынуы болады.
Емдеу мекемелерінің көбеюі, жаңа медициналық құралдарының шығуы,препараттың қолдануы, ағзаның иммунитетінің төмендеуі т.б. факторлар жұқпалардың таралуына себеп болады. Мысалы: Америкада жылына 2 млн ауруға дейін тіркеледі. Германияда - 500 000; Венгрияда -100 000; Америкада - 120 000 ауырған пациенттің 25% - өлімге шалдығады, Ресейде ішкі ауруханалық жұқпалардан 6-8% өлімге шалдығады (ол 2 млн салық). Өкінішке орай Қазақстанда аурулар туралы мәліметтер шектелген.
6.1.Ішкі ауруханалы жұқпалардың эпидемиологиясы
Госпиталдық эпидемиология-ішкі ауруханалық жұқпалардың пайда болуын, дамуын, таралуын, жойылуын және алдын алуын,әдістерін енгізуін зерттейді. Ауруханаға келген пациенттер өз - өзіне және медперсоналға қауіп әкеледі.
Госпиталдық эпидемиологияның алдына қойылған мақсаттары:
Қауіп-қатер факторларды табу
Қауіпті түсіну
Қауіп-қатер факторын азайту немесе жою
Ішкі ауруханалық факторларын табу және түсіну үшін:
Эпидемиологиялық қағидаларды, әдістерді;
Ішкі ауруханалық жұқпаларды;
Қауіп-қатерді білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |