Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Пациенттерді бөлімшеге қабылдау



бет56/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

7.4.Пациенттерді бөлімшеге қабылдау
Пациенттерді әр түрлі аурухананың ішіндегі бөлімшелерге жатқызу үшін, қабылдау бөлімшесі арқылы қабылдайды. Қабылдау бөлімшесінде пациеттерді тіркейді, дәрігер тексереді және санитарлық өндеу жүрізеді. Қабылдау бөлімшесі пациеттер күтетін бөлмеден, тіркеу бөлмесінен, изолягордан, диагностикалық бөлмеден, санитарлық бөлмеден құралады. Санитарлық бөлімше (санпропускник) үш бөлмеден кұралады: пациенттерді шешіңдіретін, жуыңдыратын, киіндіретін бөлмеден. Қабылдау белімшесінде процедура кабинеті, тану бөлмесі, кіші операция жасайтын бөлме, рентген кабинеті, лаборатория, кезекші дәрігердің бөлмесі, дәретхана, т.б. тәулік бойы жұмысын атқарып отырады. Қабылдау бөлімшесіне пациенттер жедел және жоспарланған түрде түседі. Пациенттің жағдайына қарай бүкіл хабарларды пациенттен егер ессіз болса оның туыстарынан аласыз. Егер пациенттер құжатсыз келсе, милиция саласына хабарлайсыз. Жоспарланған пациенттер дәрігердің жолдамасымен келеді. Пациентті тіркегеннен кейін дәрігер қарайды да, егер жағдайына қарай ауруханаға жатқызса, оңда мейіркеш санитарлық өндеу жүргізеді: педикулезға, грибоктық жұкпаны тексереді.


7.5.Пациентерге санитарлық өлшеу жүргізу.
Пациенттің жағдайына байланысты жартылай немесе толық санитарлық өңдеу жүргізіледі. Толық санитарлық өңдеуге ванна және душ жатады. Жартылай өңдеуге сүрту, дымқыл дәкемен жуып жатады. Санитарлық өңдеуің алдына мейіркеш пациенті педикулезге тексереді.
Педикулез анықталғанда пациенттерге санитарлық өңдеу жүргізу.
Мақсаты: шаштағы бит және сіркелерді жою.
"ҚР Брилль аурудың, бөрте сүзегінің алдын алу жетілдіру шаралары" N622 бұйрық бойынша жүргізіледі.
Педикулоцидтерді қолдану тәсілі.

  1. 20 % сабын су араласқан бензил — бензоат суспензиясы 10 —30 мг.

  2. 10 % керосин — сабын су араласқан эмульсия 10 - 50 мг.

  3. Лосьон немес шампунь "Ангафор" "Анпйит" — 50 — 80 мг.

  4. 0,25 % дикрезил ерітіндісі 10 — 50 мг.

  5. "К" - сабыны 2 % 1 г/1 адамға.

  6. 5 % бор мазі — 5 — 25 гр.Шашын өңдегеннен кейін 5 — 10 % сірке қышқылымен қайтадан жуады.

Педикулезге қарсы өңдеу жүргізетін қалаудың іші.

  1. Пациенттердің киіміне арналған клиникалы немесе мақта маталық капшык.

  2. Шашқа жағатын лоток немесе шелек.

  3. Клиникалық пелерина.

  4. Резеңке қолғап.



5. Металлдық жиі тарақ.


6. Шаш алғыш.
7. Спиртовка.
8. Мақта.
9. Байлам.
10.Қайшы.
11.5-10% сірке қышқылы.
12. Битті өлтіретін заттар
13. Киімдерді зарарсыздандыратын препараттар.
14. Бөлмені зарарсыздандыратын заттар.
Шашты бір педикулициттердің түрімен өндеп, байламмен орап, 25-30 мин қалдырады, содан кейін сабынмен немесе шампунмен жуып, жылы сірке қышқылы қосылған сумен шаяды. Сіркелерде жиі тарақпен сірке қышқылына малып тарайды. Егер ішкі киімдерді бит, сіркелер болса, оны 2% содасы бар ерітіндісіне 15 мин қайнатып, ыстық өтекпен, әсіресе қыртыстары бар жерлерін өңдейді. Педикулоцидтермин 5 жылға дейін- жүкті әйелдерге, емізетін аналарға, терісі қабынған кісілерге қолдануға болмайды. Ішкі киімдерді, төсектерді су эмульсияларға 5-10 мин салып қояды. Эмульсия шығыны 2,5 л бір комплект ішкі киімге 4-4,5 мл, бір комплект төсекке немесе1 кг заттарға. Содан кейін жақсылап шайып, өтектеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет