Улы заттар: /мышьяк, атропин, стрихнин/
Қатты әсер ететін дәрілер: /аминазин, адреналин, преднизолон/. Осы айтылған дәрілер арнайы шкафтарда сақталынады /А және В/ және дәптерге тіркеледі.
Ерекше тіркеуге жататын нашақорлық дәрілер: /морфий, омнопон, промедол, кодеин т.б. Нашақорлық дәрілерді ұрлаған үшін медицина қызметкерлері жауапқа тартылады.
13.1 Дәрілерді енгізу жолдары
Дәрілерді ағзаға енгізу үшін үш тәсілге бөледі:
1. сыртқы жолмен:
тері арқылы
шырышты қабаттар арқылы
тыныс алу жолдары арқылы
2. энтералдық жолмен:
ауыз арқылы
тіл астына
тік шекке
3. парентералдық жолмен:
тіндерге
куыстарга (плевра қуысына, буындарға т.б.)
тамырларға
Шырышты қабыққа
Қынапқа
Тіл астына
Тік ішекке
Ауыз арқылы
Дәрілерді сыртқы жолмен енгізу
Сыртқы жолмен майларды, эмульсияларды, ерітінділерді тұнбаларды, микстураларды ұнтақтарды қолданады. Оларды компресс, примочка, жағу, сүрту, себу, жараға орам салумен, тамшы, ингаляция арқылы ішкізеді.
Дәрілерді энтералдық жолмен таблетка, пелюля, ұнтақ, капсула, драже, тұнба, кайнатпа арқылы жіберілуі кең түрде қолданылады. Осы тәсілдің кемістіктері:
дәрілер жартылай бауырға сіңеді;
дәрілердің әсері пациенттің жасына, жекелік сезімталдығына, ағзаның патологиялық процесстеріне тәуелді;
асқорыту органдарына баяу сіңуі;
сана сезімнің жоқтығында, құсық кезінде, ауызға дәріні беруге мүмкіншілігі жоқ. Мысалы: стрепгомицин, асқазан кілегейлі қабатына сіңбейді.
Инсулин, окситоцин асқазанды, ішекті зақымдандырады;
Гормондар /бауырды зақымдайтын әсері бар, асқазанға қатты тітіркеңдіргіш жағдай көрсетеді/;
Дәрілер асқазанның кілегейлі қабатына жағымсыз әсер етпеу үшін, оның сыртқы қабаттарын пленкамен жабады. Кейбір дәрілер біртіндеп сіңу үшін және жағымсыз әсер етпеу үшін көп қабатты болады .
Достарыңызбен бөлісу: |