«Символ» ойыны.
Мақсаты: шығармашылық қабілетті, қарым-қатынасты дамыту, өзіндік бағаны қалыптастыру.
Нұсқау: бүгінгі кездесуімізде әрқайсымыз жеке өзіндік символымызды жасаймыз, өзімізге 3 нышан белгісін ойлап табамыз:
1. Лақап аты;
2. Айрықша белгіңіз;
3. Ұраныңыз.
Белгі өзіне тән, қарапайым болу керек, ұраныңыз қысқа және мағыналы болу керек. Мысалы: лақап аты - «Вася ағай», өзіндік белгі - «күрек», ұран - «терең ойлаймын». Сурет шеңбер бойын аралайды және әр қатысушы парақ иесіне 3 белгісінің үйлесімділігіне қарай, ортақ бір баға қояды. Бағалау 5 баллдық жүйемен қойылады, әр топ мүшесі бағалап, парақ өз иесіне қайтып келген соң иесі баға сандарын қосып, жалпы қорытындысын шығарады.
Ең жоғары ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Топпен талқылап, әр суретшіге символға қарап мінездеме беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |