Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет30/30
Дата05.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455130
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Керн-Йирасектің

Тақырыппен жұмыс. Өзіңе талдау жасау. «Мен кіммен қандаймын?»
«Ыстық орындық» ойыны.

Психолог: Қазір әрқайсыңыз сыныптастарыңыздың сіз туралы ойы, сіздің өзіңіз туралы ойыңызбен неғұрлым сәйкес келетіндігін анықтай аласыз. Әркім бірінен кейін бірі ортадағы орындыққа отырып, «Мен қандаймын» деген сұраққа жауап береді. Бұл үшін олар плакаттағы сөздер тізімінен бірнеше анықтаманы пайдалану керек. Ортада отырған адам оның ойымен сәйкес келетіндерін белгілеп отырады. Сәйкес келген ойлардың саны есептелінеді.



«Біз де» ойыны.

Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы ойыншылар алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Егер ойын бастаушы адамдарға тән іс-әрекет туралы айтса, ойыншылар «біз де» деп қосылып отырады. Егер адамға тән емес іс-әрекет туралы айтса, қосылмауы керек. Байқамай қосылып, «біз де» деп қосылып айтып қойған бала ойыннан шығады.

Ойын жүргізуші:


  • Мен көлге барамын.

Балалар:

  • Біз де!

Ойын жүргізуші:

- Көлден балық ұстап алдым.

Балалар:


  • Біз де !

Ойын жүргізуші:

  • Балықты итіме бердім.

Балалар:

- Біз де!

Ойын жүргізуші:

- Итім балық жеді.

Осы кезде «біз де»- деп қалса, ойын тоқтайды.

«Есеп ойындары»

Есеп ойындары екі немесе одан да көп балалармен ойнала береді. Көп бала ойнаған кезде келісім бойынша әркім өз есебін кезегімен айтады. Жауабын ойыншылардың бәрі іздейді. Кім бұрын тапса, сол жеңеді. Кейбір есептердің жауабы дұрыс шығу үшін нұсқау беріледі. Қиындау болса, қосымша көмек, бағыт беріледі.

• Түнде жаңбыр жауғаннан кейін күн шыға ма ?

( Шықпайды, өйткені түн)

• Күзетшінің басына торғай қонып отыр. Күзетші не істеп отыр?

(Күзетші ұйықтап отыр)

• Теректе бес алма өсіп тұр еді, екеуін Айдар үзіп алды. Теректе неше алма қалды? ( Теректе алма өспейді)

Суда қызыл, көк, сары, қара, ақ, үшбұрыш, дөңгелек, алтын, күміс т.б. тастар бар. Суда қандай тас болмайды? ( Құрғақ тас)



• Аспанда үш тауық ұшып жүр еді, аңшы екеуін атып алды. Неше тауық ұшып жұр. (Тауық аспанда ұшпайды)

• Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Үш мысық бір мысыққа қарап отыр. Бір мысық үш мысыққа қарап отыр. Барлығы неше мысық отыр? (Төрт мысық)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет