«Ауызша волейбол» ойыны.
Допты бір- біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілділік, батылдық, ұстанымдылық, жанашырлық.
«Кім екенін тап» ойыны.
Әрбір адам өзінің аты жөнін көрсетпей, өз - өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
«Шөлдеу» ойыны.
Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін «ыстық шөл даладамыз» деп елестетеді, қатты шөлдейді. Бір кезде тостағандарға құйылған суға кездеседі. Енді осы суды ішуге амал табулары керек.
«Алып» ойыны.
Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң аяғына байлайды, сөйтіп, бір белгіленген жерге барады. Немесе: үш, төрт. т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады (бақаға ұқсап, секіреді).
«Көпір» ойыны.
Еденге бормен «көпір» (түзу) сызылады. Екі топ, бір -біріне қарсы шыққан балалар «көпірден » құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір- біріне өткізіп жіберулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |