Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет23/30
Дата05.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455130
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Керн-Йирасектің

«Әріптер әлемі» ойыны.

Нұсқау: «Қалампыр» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты -3 минут). Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оқушы оған өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы 9 және одан көп сөз. Орташа деңгей 7-8 сөз. Төменгі деңгей 6 және одан аз сөз.



«Заттың қолдану тәсілдері» ойыны.

Мақсаты: зейін шоғырландыру, құбылыс (заттардың) қалыптан тыс мүмкіндіктерін ашу арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Нұсқау: жақсы танымал бір сөз беріледі, мысалы: «кітап» сөзі. Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады, т.б. сондай-ақ, тіс щеткасы, бөтелке, тоқыма сымы, т.с.с. сөздерді пайдалануға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет