Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері


Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы



бет4/6
Дата13.09.2022
өлшемі295.83 Kb.
#460636
1   2   3   4   5   6
Mektep zhasyna deyingi balalardy 1187 tilin damytu 1241 distemesini 1187 mazm 1201 ny Gulim

1.3 Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы


Тіл дамыту бағдарламасы – балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты кезеңдерінде қоршаған орта туралы білімдерін, сөйлеу мәнерін қалыптастырып жеке бас қасиеттерін қарайды. Мысалы: диалог түрде сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мынадай қасиет тәрбиеленуі керек: көпшілдік, жылы қабақ, әдептілік. Бұл, тіл дамыту бағдарламасы – балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаның негізінде құрылған.
Мазмұны бойынша – баланың шығармашылық және интеллектуалдық қасиетін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Мұнда – тәрбиешінің рольі, іс - әрекеті. Тіл дамытуда қолданылатын дидактикалық принциптер, оқу материалының бір – бірімен тығыз байланыстылығы, нақты әрі түсінікті етіліп берілген.
1. Ана тілінде оқыту, белсенді тіл қызметін талап ету.
2. Бала мен үлкен арасындағы байланыс. Тіл дамыту қызметіне басшылық жасау.
3. Көркем әдеби шығармалармен танысу. Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану.
4. Балалардың тілін дамытуда тәрбиешінің сөйлеу мәнері тиімді құрал болып табылады.
Сөйлеу мәнерін қарастыруда – оқыту басты әдіс болып табылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымда – сабақ ең негізгі форма болып қолданылады.
Дидактикалық мақсаты бар мынадай сабақ түрлерін атап көрсетуге болады.
1. Жаңа материалдарды оқыту сабағы.
2. Білім, дағды, іскерліктерін бекіту.
3. Қорытындылау, тұжырымдау.
4. Білімдердің қорытындысын бақылау.
5. Аралас сабақ.
3. Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады.
Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.
Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады.
Әрбір әдіске қысқаша тоқталар болсақ:
Сөйлеуді қалыптастыру мәселесі бойынша кез-келген зерттеуге психологиялық, психолингвистикалық, лингвистикалық, дидактикалық, әдістемелік жақын келу тән. Осыған байланысты тіл дамытудың әдістемелік, психологиялық, лингвистикалық негізі ашылатын әдебиеттер оқылады. Зерттеушіні қызықтыратын теориядағы сұрақтардың жағдайы, оқығандығының дәрежесі анықталатын педагогикалық әдебиеттерді талдау және оқудың маңызы зор (отандық, шетел, қазіргі және бұрыннан, ежелден қалған әдебиеттер) [16].
Модельдеу әдісі – бұл әдістің негізінде аналогия принципі жатыр. Оны жұмыстық болжамды өңдегенде, оқу-тәрбие процесін және оның фрагменттерін жобалауда қолданылады. «Модельдер» көмегімен оқу-тәрбие процестерінің элементтерінің арасында байланыс ашылады.
Қорытындылау және талдау әдісі – зерттеудің әр түрлі кезеңдерінде және әр қайсысының нәтижесі және тұтас жұмыс бойынша қорытынды шығаруда қолданылады.
Бақылау – балалардың сөйлеуіне, тіліне, тәрбиешінің әрекетіне жүргізіледі. Ол қарым-қатынастың әр түрлі ситуацияларында балалардың тілінің ерекшеліктерін, сөйлеу іскерлігі мен дағдысын игеру дәрежесін анықтауға көмектеседі.
Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық құжаттарды талдау және оқу- ата-аналармен тәрбиешілерді анкеталау арқылы қызықтыратын мәселесі бойынша жұмыс жағдайын анықтауға көмектеседі.
Әңгімелесу – (балалармен, ата-аналармен, педагогтармен) зерттеу барысында мәселені талдау, анықтау үшін қолданылады. Әңгімелесуге анкеталау және интервью әдістері де қатыстырылады.
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс – оқу және тәрбие процесіне өзгертулер енгізу әдісі. Бұл әдіс эксперименттің бір бөлігі болып табылады.
Осымен қатар, әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады.
Көрнекілік әдістер – балабақшада жиі қолданылады. Тікелей және жанама әдістер ретінде қолданыс табады. Тікелей көрнекілік әдісі және оның түрлеріне: саяхат, натуралды заттарды қарау, мекемені бқылау жатады.
Жанама әдістер бейнелік құралдарды қолдануға негізделген. Бұл ойыншықтарды, картиналарды, фотосуреттерді қарау, ойыншық және картинаны суреттеу, әңгімелеу жатады. Ол білімді, сөздік қорды бекіту үшін, байланыстырып сөйлеуге оқытуға, сөздің жалпы функциясын дамытуға көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар тікелей танысуға келмейтін құбылыстар мен объектілермен танысу үшін де қолданылады.
Сөздік әдістер – бұл көркем шығармаларды әңгімелеу, оқу, жаттау, мазмұндау, көрнекілік материалға сүйенбей әңгімелеу. Барлық сөздік әдісте көрнекілік тәсілдер қолданылады: заттарды, ойыншықтарды, картиналарды көрсету, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты иллюстрацияларды қарау.
Практикалық әдістер – сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қолдануға бағытталған. Бұған әр түрлі дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, көріністер, дидактикалық жаттығулар, хороводтық ойындар жатады. Олар барлық сөйлеу міндеттерін шешу үшін қолданылады.
Балалардың сөйлеу қызметінің сипатына байланысты репродуктивтік және продуктивтік әдістерді бөлуге болады.
Репродуктивтік әдістер – дайын үлгілерді, сөйлеу материалын қайталауға, қайта өңдеуге негізделген. Балабақшада олар сөздік жұмыста, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу бойынша жұмыстарда қолданылады. Репродуктивтік әдіске көрнекілік әдісін және оның түрлерін, суреттерді қарауды, көркем шығармаларды оқу, мазмұндау, жаттау, әдеби шығармалар мазмұны бойынша драматизациялық, дидактикалық ойындарды яғни балалар сөзді, оларды байланыстыру заңдарын, кейбір грамматикалық құбылыстарды игеретін барлық әдістерді жатқызуға болады.
Продуктивтік әдістер – балалардың өздерінің байланыстырып сөйлеуіне негізделген. Осыдан сөйлеу қызметінің шығармашылық сипатын аңғаруға болады, яғни бұл әдіс байланыстырып сөйлеуде қолданылады. Оған әңгімелесуді, мазмұндауды, байланыстырып сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарды, шығармашылық тапсырмаларды, модельдеу әдісін жатқызуға болады.
Тіл дамытудың әдістемелік тәсілдері дәстүрлі түрде үш негізгі топқа бөлінеді: сөздік, көрнекілік, ойындық.
Сөздік тәсілге - сөйлеу үлгісі, қайталап айту, түсіндіру, нұсқау беру, балалар сөйлеуін бағалау және сұрақ жатады.
Сөйлеу үлгісі – балалар еліктеу үшін, алдын-ала дұрыс ойластырылған педагогтың сөйлеу әрекеті. Үлгі мазмұны және формасы бойынша түсінікті болу керек. Оны нық, қатты және асықпай айту керек. Үлгі еліктеу үшін берілетін болғандықтан ол балалардың сөйлеу әрекетіне дейін ұсынылады. Бірақ кейде ересек топтарда үлгіні балалардың сөйлеуінен кейін қолдануға болады, бірақ бұл кезде ол еліктеу үшін емес, салыстыру және түзету үшін қызмет етеді.
Қайталап айту – есте сақтау мақсатымен бір сөз элементін бірнеше рет қайталау. Практикада қайталаудың көптеген нұсқалары қолданылады: педагогтың артынан, басқа балалардан кейін, тәрбиеші мен балалардың бірігіп қайталауы, хормен.
Түсіндіру – кейбір құбылыстар мен әрекет амалдарының мәнін ашу. Дидактикалық ойындардағы әрекеттерді және ережелерді түсініру үшін, сөздің мәнін ашу үшін сонымен қатар затты зерттеу және бақылау процесінде кең түрде қолданады [17].
Нұсқау беру – арнайы нәтижеге жету үшін балаларға әрекет амалдарын түсіндіру. Оқытуға, ұйымдастыруға және тәртіпке арналған нұсқау беру түрлері бар.
Балалар сөйлеуін бағалау – сөйлеу әрекетінің сапалы орындалуын сипаттайтын баланың сөйлеуін талқылау. Баға қалыптастыру сипатында ғана емес, оқыту сипатында болу керек. Бағалауда сөйлеудің барлық жағымды жақтары ескеріледі, ал кейбір қателіктер үлгі және басқа да әдістемелік амалдардың көмегімен түзетіледі.
Сұрақ – жауапты талап етеді. Сұрақтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі репродуктивті - кім? не? қандай? қайда? қалай? және құбылыстар арасында байланыстар мен қарым-қатынастар орнатуды талап ететін ізденушілік - неге? қалай ұқсайды? Болады. Қосымша сұрақтар – жетекші және сыбырлап айту сипатында болады. Педагог сұрақтарды әдістемелік дұрыс қоюды игеруі керек. Олар негізгі ойды білдіретін, мақсатқа бағытталған, нақты болу керек.
Көрнекілік тәсілдер – дыбыстарды дұрыс айтуға оқыту барысында артикуляциялық органдардың жағдайын, иллюстртивтік материалды көрсету.
Ойындық тәсілдер – сөздік және көрнекілік болады. Олар балада әрекетке деген қызығушылығын оятады, оқыту процесінде жағымды эмоционалды фон құрады, балалардың сөздік белсенділігін және сабақтың нәтижелілігін жоғарлатады.
Сонымен, қорытындылай келе аталған әдістер мен тәсілдер нақты педагогикалық процесте бірдей қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет