«Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі музыканың орны» Орындаған: Тексерген: Орал, 2022ж. Мазмұны


Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру



бет2/3
Дата14.06.2022
өлшемі1.03 Mb.
#459210
1   2   3
Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі музыканың орны

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
Эстетикалық мәдениет белгілі бір қызметтерді де атқарады:
-ақпараттық-танымдық – тұлғаның білімдерін жүзеге асырумен байланысты;
-құндылықтық-бағыттылық – эстетикалық сенімдерді; іс-әрекеттілік-жігерлілік – эстетикалық мәдениеттің әлеуметтік-шығармашылық бағытын анықтайтын эстетикалық қабілеттіліктерді жүзеге асырумен;
-коммуникативтік-реттеушілік – тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін эмоционалдық және нормативтік тұрғыда реттеуші үлгі ретінде.
Эстетикалық мәдениеттің бұл әрекеті өз алдына оның құрылымындағы барлық үш жүйенің жиынтығында тұлғаны біртұтас қалыптастыру процесінің жолын анықтайды.
2 Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру ерекшеліктері
2.1 Музыкалық білім беру арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
Музыка мұғалімі музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты өмірдегі, күнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп, бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілікте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге үйретеді. Ол - әр оқушының ақыл-ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән мен жанның қалыптасуына ықпал етеді. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамытады.
Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда музыкалық өнердің маңызы
Музыкалық шығармаларды аспапта ойнап үйрену, жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды — сезімдік, сана сезімін дамытып, қалыптастырады және әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Музыкамен қарым — қатынаста болу әуен — саздың өзара байланысын, мәнерін, құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың тембрі мен гармонияларын қабылдауы, сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын тануға көмектеседі.
Жалпы музыка тыңдау, аспапта ойнау, ән айту музыканттың жүйке жүйесін (тонусын) шымырлатып, босатып, күш — қуатын арттырады, өмір тәжірибесін байытады да ойлау процесін жеделдетеді.
Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.
1. Музыкалық білім беру педагогикасы - ғылым саласы, оның пәні - музыкалық білім беру.
2. Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі -оқушы, музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер.
3. Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен — тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап, қорытады, музыкалық-педагогикалық құбыластардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды.
4. Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу, эксперимент және т.б.) қолданады.
5. Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру) қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет