Мектеп тәжірбиесін жаппай зерттеудің негізінде жеке пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын талдау



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі408 Kb.
#138563
1   2   3   4   5

Атауы

Мақсаты

Мәні

Механизмі

Проблемалық


Оқыту

Оқушылардың таным-дық белсенділігін, шы-ғармашылық дербестігін дамыту.

Оқып-үйренушілерге та-нымдық міндеттерді дәй-екті және мақсаткерлікпен ұсыну, оқып-үйренушілер оларды шеше отырып білімді белсенді түрде меңгереді.


Ізденістік әдіс-тер; танымдық міндеттер қою.

Жинақталған оқыту.

Оқу процесі құрылымын адамның қабылдау қабі-летінің табиғи және психологиялық ерекше-ліктеріне барынша жақындату.

Сабақтарды блоктарға біріктіру арқылы пәндерді тереңдетіп оқыту.


Оқушылардың жұ-мысқа деген қабілет-қарымын ескеретін оқыту әдістері.

Модульдік оқыту.

Оқытудың икемділігін қамтамасыз ету, тұлға-ның жеке қажеттілікте-ріне, оның негізгі даяр-лық деңгейіне бейімдеу.

Оқып-үйренушілердің же-ке оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмысы.


Проблемалық әдіс, оқытудың жеке қарқыны.

Дамытып оқыту.

Тұлғаны және оның қасиеттерін дамыту.

Оқу процесін адамның әлеуметтік мүмкіндікте-ріне және оларды іске асыруға бағыттау.


Оқушыларды әр алуан қызмет түріне тарту.




Сараланған оқыту.

Қабілеттерін ашуға, мүд-делері мен қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағ-дай туғызу.

Бағдарламалық материал-дарды әр түрлі жобадағы деңгейде ұғыну, бірақ міндетті деңгейден (стандарттан) төмен емес.

Жекелей оқыту әдістері.

Белсенді (кон-текстік) оқыту

Оқып-үйренушінің белсенділігін ұйымдастыру.

Болашақ кәсіби қызметтің пәндік және әлеуметтік мазмұнын модельдеу.

Белсенді оқыту әдістері.

Ойын арқылы оқыту.

Білімді, білікті дағдыны игерудің тұлғалық-қызметтік сипатын қамтамасыз ету.

Оқу ақпараттарын іздеуге,өңдеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқарылатын танымдық қызмет.

Оқушыларды шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері.


1. 2. Оқыту әдістерін топтамалау және олардың сипаттамасы.
Әрбір әдістің өзінің нақты мақсаты, атқаратын негізгі және қосалқы қызметі, тәсілдері, нәтижесі бар. Ол оқытушы мен оқушыға, өтілетін пәнге, қолданылатын құралдарға, материалдық базаға байланысты екенін жоғарыда айттық.

Б.Т.Лихачев өзінің оқулығында (Педагогика. М.”Прометей.” 1998 ж). оқыту әдістерін топтап-жіктеуді (классификация) кезеңдерге бөліп беріпті. Біз де соны дұрыс санап, оқыту әдістерін Б.Т.Лихачевтің топтап-жіктеуімен кезеңдерге бөліп беріп көрейік. Сонымен:

а) оқыту әдістерінің білімді игеру кезеңі. Бұған әңгіме, түсіндіру, лекция, иллюстрация, демонстрация, өз бетінше атқаратын жұмыс жатады.

б) оқыту әдістерінің білімді түсініп айтып беру, қолдану кезеңі. Бұған проблемалы ситуациясы, ойын ситуациясы, пікір-сайыс, оқу- лабораториялық эксперимент, жаттығу, бірігіп сабаққа дайындалу, тірек конспектісі, ұйымдастырылмаған ақпарат, сұрақ-жауап, есеп, емтихан жатады.

в) оқу әдістерінің білімді оқу-шығармашылық арқылы меңгеру кезеңі. Бұған өз бетінше ізденіс, шығармашылық, сын, пікір білдіру жатады.

Сонымен оқыту әдістерінің бірінші кезеңіне білімді монолог-диалог түрінде беруге: әңгіме, түсіндіру, сұхбаттасу, лекция жатады. Көзбен көріп, құлақпен есту арқылы білім: иллюстрация, демонстрация арқылы қабылданады. Ал өзінше оқуға: құжаттармен танысу, оқулықтар, әдебиеттер, анықтамаларды т.б тауып оқу жатады. Енді біз осылардың әрқайсысын жеке-жеке тоқталып көрейік.



а) Әңгімелесу. Ұстаз оқу материалдарын бірізділікпен баяндайды. Материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді, фактыға жүгінеді. Әңгіме 10-15 минуттан артпауы тиіс. Оқыту әдісінің бұл түрі тіл, әдебиет, тарих, жағырапия пәндерінде қолданылады. Мұнда сұрақ-жауап түрі кездеседі. Сондықтан ұстаз күні бұрын жоспар құрып сұрақ-жауапты ойластырады. Әңгімелесу әдісі арқылы баланың логикасы, ойлау белсенділігін арттырып, оқу материалын жүйеге келтіріп, жинақтап қорытуға мүмкіндік береді. Әңгімелеуге эвристикалық баяндау, білімді бекіту, катехизистік (діни тұрғыдағы) әңгімелер және индукциялық, дедукциялық әдістер жатады.

б) Түсіндіру де әңгімелеу сияқты монолог ретінде өтеді. Ұстаз оқу материалын баяндауда шәкірттердің белсенділігіне, ынтасына сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды қолданады. Шәкірттер ұстаздың сұрақтарына жауап береді. Түсіндіру арқылы ұстаз шәкірттердің іс-әрекеттерін басқарады, өткен сабақтың мазмұны мен өтіп жатқан сабақтың мазмұнын салыстырып байланыс іздейді, күдікті сұрақтарға жауап береді.

в) Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекция күрделі, көлемді, логиканы қажет етеді. Сондықтан ол сұрақтардан және әдебиет тізімдерінен тұрады. Ұстаз әрбір сұрақтарға жеке-жеке тоқталып қорытынды жасайды. Оқушылар лекция бойынша конспект жазып ғылымның жаңалықтары мен танысады, сұрақтар қойылады. Лекция негізінде сынып оқушыларына 20-40 көлемінде өтеді. Лекция кезінде ұстаз шәкірттерге сұрақ қойып, диалог ретінде жүргізіп, шәкірттерді алға жетектейді, түсінген немесе түсінбегеніне диагноз қояды.

г) Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды (плакаттар, карталар, суреттер, портреттер т.б.) көрсетуге болады. Иллюстрация арқылы оқытудың көрнекілік принципін орындаймыз. Бұл әдіс оқушылардың бақылаушылығын дамытады. Иллюстрация әдісін барлық пәндерде де қолдануға болады. Ол әрбір сыныпқа да ыңғайлы. Иллюстрация арқылы шәкірттер сыныпта химия, биология т.б. пәндерден жақсы білім алады.

д) Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи обьектілерді, кинофильмдерді демонстрациялауға байланысты. Демонстрация әдісі оқушылардың күрделі құбылыстарды танып қабылдауына мүмкіндік береді. Бірақ, бір нәрсені демонстрация арқылы түсіндіру үшін ұстаз күні бұрын ойлануы қажет. Оған фрагмент жасайды, сұрақтар түзеді, қай жерде қай құралды қолдану керектігін жоспарлайды. Демонстрация әдісін әр пәнде, әр сыныпта өзінше қолдануға болады.

е) Өзінше жұмыс немесе кітаппен жұмыс. Оқушылар оқулықтар, оқу құралдарымен, кітаптармен, компьютермен өзінше жұмыс істейді. Бұл әдіс оқушыны мұғаліммен болашақ сабақты өтуіне дайындайды. Өзінше жұмыстың негізгі мақсаты оқулық, оқу құралдары, ақпарат, анықтама, құжат, компьютер т.б. пайдалана отырып оқушы өзіне тақырыпқа лайықты керекті материалдарды, фактілерді, қорытынды ойларды жинақтайды, жазып алады, келесі сабаққа пайдаланады. Өзінше оқу арқылы шәкірт үзіліссіз білімін жалғастырады. Ұстаз оқушыларды өзінше жұмыс істеуге үйретуі тиіс. Ол үшін тапсырма беріп, қандай кітаптарды пайдалану керектігі айтылады. Сонда ғана оқушы ықыласпен оқиды, ақыл-ойын жұмылдырады. Оқушының өзінше жұмыс істеу әдісі білімді қабылдау-түсіну кезіңінi» жоғарғы сатысы. Бұл білім алудың екінші кезеңіне көшуге мүмкіндік береді. Кітаппен жұмыс жасауға жоспар құру, тезистер, конспектілер жазу, тұтас оқу, кітапты зерттеу, ішінара пайдалану жатады.

Оқыту әдістерінің екінші кезеңіне білімді түсініп игеру және оны қолдану жатады. Олар: а) білімді елестету, еске түсіру, проблемалық ситуация, оқулық сұхбат, оқулық және лабораториялық ізденіс арқылы игеру; б) білімді жаттығу, өзара оқу, тірек конспектісі, еркін ақпарат арқылы бекіту; в) білімді игеруге, бекітуге диагностика қою арқылы меңгеру. Оған кері жауап алу, сұрақ-жауап, есеп, емтихан, тест, бақылау жұмысы жатады.



а) Елестету, еске түсіру әдістерінің біріне проблемалық ситуация жатады. Проблемалық ситуацияны оқу процесінде оқушылардың кейбір қиын сұрақтарды шешу үшін қолданады. Проблемалық ситуация оқушыға ой салады. Оны не өзі, не ұстаз көмегімен шешеді. Проблемалық ситуацияның ең құндылығы оқушылардың оқу материалдарын тереңірек білуге, ойлануға мүмкіндік береді. Себебі ол ғылыммен жалғасып жатыр, оқушы ғылымға үңіледі.

б) Ойындық ситуация оқушыларды ойын арқылы оқыту әдісі. Бұл оқушылардың эмоциясына әсер ету арқылы іске асады, оқу материалдарын түсінуді жеңілдетеді, адамның сезім мүшелері арқылы баланың оқуға деген ынтасын көтереді.

в) Оқулықпен сұхбат немесе пікір-сайыс әдісі ұстаздың шәкірттермен еркін әңгімелесуі. Ұстаз бен шәкірттер бүкпесіз өз көзқарастарын еркін білдіреді. Әрине бұл жерде осы сұхбатты ұйымдастырушыға, оның таңдап алған тақырыбына, құрған сұрақтарына, оның жүргізу тәсіліне көп байланысты. Оқулықпен сұхбат балалардың көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.

г) Оқу-лабораториялық эксперимент жалпы лабораториялық жұмыстардың жалғасы. Бұл әдіске арнайы көрнекті, техникалық құралдар керек микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар т.б. жабдықталған кабинеттерде ұстаздың басшылығымен шәкірттер табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді, эксперимент құрады. Мұндай әдіс оқушылардың физика, химия, биология пәндеріне терең білім алуға мүмкіндік береді. Лабораториялық сабақтарда тақырып бойынша жаңа оқу материалдарын ұғыну үшін мынандай тәсілдер ескеріледі: а) сабақтың тақырыбын, міндетін анықтау; б) сабақты өткізу тәртібін түсіндіру; в) сабақтың нәтижесін жинақтап, қорытындылау; г) сабақтың нәтижесін талдау. Лабораториялық жұмыстардың түрлері - бақылау, тәжірибелер, эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық-эксперименттік жұмыс оқушылардың таным қабілетін, ой-өрісін дамытады, оларды түрлі приборлар және жабдықтармен жұмыс істей білуге үйретеді, ғылыми эксперименттердің элементтерімен таныстырады. Бұл жұмыс оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, еңбек мәдениетіне тәрбиелейді.

Оқыту әдістерінің екінші кезеңіне тағы бір бөлігі білімді жаттығу, өзара оқу, тірек конспектісі, еркін ақпарат арқылы бекіту.



а) Жаттығу білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдісі болып табылады. Жаттығулардың түрлері көп, ол пәндерге байланысты. Жаттығуды түсініп орындау керек және оны беруде баланың жас және дербес ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Жаттығулар еске түсіру немесе түсінгенін бекітетін және шығармашылық жаттығулар, қайталау болып бөлінеді.

б) Өзара оқу немесе бірігіп оқу әдісі үй тапсырмаларын орындауда қолданылады. Балалар бірінің білмегенін бірі үйретеді. Оқушылар мұнда қосымша ақпарат алады, еркін пікір алмасады, бір-бірінің білімін тексереді, бағалайды, ұстаздық қызмет атқарады. Өзара оқу немесе бірігіп оқуда екі бала, немесе топ бала болып өткізуі мүмкін.

в) Тірек конспектісі. В.Ф.Шаталовтың тірек сигналымен байланысты. Бұл оқушылардың сабақ оқуына көп көмек етеді. Тірек конспектісін пайдалана отырып, бала сабақтың мазмұнын айтып беруіне мүмкіндік болады. Тірек конспектісінде әр түрлі символиканы, белгілерді, даталарды, бейнелерді, қысқартылған сөздерді, әріптерді пайдаланады. Тірек конспектісі, немесе тірек сигналы бұрынғы оқушылардың астыртын қолданып жүрген шпаргалка тәріздес. Айырмасы тек тірек конспектісін немесе тірек сигналын оқушы ашық пайдалануына болады.

г) Жүйелі ұйымдастырылмаған ақпараттарды бағытты білім ретінде қабылдау, яғни оқушы ұстаздың нұсқауымен немесе өз бетімен ақпарат құралдарын оқу жүйесіне пайдалану жолдары. Ақпарат оқушыларға көмекші материал болып табылады. Осы жерде газет, журналдар, түрлі әдебиеттер, радио т.б. толып жатқан ақпараттың рөлі ерекше. Бұл баланың білімін байытып, көзқарасын тереңдетеді. Бірақ ұстаз мұны електен өткендей етіп сараптап жүйелеуі тиіс.

¹) Диагностика қою, кері ақпарат алу. Диагностика қою оқыту әдістерінің барлық түрлерінде қолданылады. Диагностика қоюдағы мақсат - баланың білімінi» тереңдігін тексеру. Сол арқылы баланың білімінің мықты және осал жерлерін пайымдау, бағдар жасау арқылы ұстаз өз ісіне түзетулер енгізеді. Диагностика сұрақ-жауап арқылы іске асады. Мұны сабақтың барлық түрінде, барлық пәндерде қолдануға болады. Білімді тексерудің әр түрлі жолдары бар: есептеу, емтихан, ауызша, жазбаша тексеру, тест.

а) Тексерудің ең жоғарғы түрі есеп-емтихан. Есеп курстың белгілі бір тарауы немесе тақырыбы бойынша оқушының атқарған жұмысының бүкіл өн бойында ұстаз қолданған тексерудің барлық түрлері ескеріле отырып қойылады. Егер оқушы бірнеше дүркін ауызша жауап беріп, баяндама немесе хабарлама жасап, семинарларға белсене қатынасып, жазбаша жұмыстарды қанағаттанарлық орындап отырса, ұстаз сол тақырып есеп қояды.Егер де ұстаз шәкірттің біліміне күдіктенсе сол тақырып немесе тарау бойынша шәкірттің білімін тесереді. Бұл әдіс те баланың біліміне диагноз қоюдың жолы. Оқушының білімін текскріп, диагностика қоюдың тағы бір жолы-емтихан. Емтихан шәкірттердің білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы болып табылады, ол сонымен бірге әр ұстаздың және тұтас алғанда бікіл мектептің жұмысына мемлекеттік бақылау құралы қызметін атқарады.

Оқыту әдістерінің үшінші бөлімінде оқыту білімді оқу-шығармашылық арқылы ұйымдастыру кезеңі жатады. Олар: өз бетінше ізденіс, шығармашылық, сын, пікір білдіру.

а) Өз бетінше ізденіске әрбір оқушы бірден кірісіп кете алмайды. Оған ұстаздың көмегі қажет. Ұстаз шәкірттің білімге деген құштарлығын бақылап сол пән, тақырып, прблема бйынша кеңес беріп, керекті әдебиеттерді, ақпарат құралдарын, білім көздерін тауып оқуға, алған білімін сараптауға бағыт-бағдар береді. Қысқасы ұстаз нұсқау бере отырып шәкірттің қосымша алған білімінің даму бағытын қадағалайды.

б) Шығармашылық орындау әдісіне ұстаз шәкірттің шығармашылық қызметтестігі жатады. Бұл өнер арқылы іске асады. Ұстаз шәкіртке қоршаған ортаның, табиғаттың, өнер салаларының көркемдігін түсіндіріп, шәкіртті сол әсемдік көркемдікті өз бетінше игеруге итермелейді. Әдеби шығарма жазу, әдеби шығармаларды, ән-күйді орындау, сурет салу т.б. іс-әрекет-шығармашылық орындау әдісі. Бұл көп жағдайда эстетикалық тәрбиеге жақын. Эстетиканы әр пәннен, өздігінен орындаушылық қызметтерден табуға болады. Өлең айту, мәнерлеп оқу, театрға құштарлық, сахнаға шығып өзінің орындаушылық шеберлігін көрсету, әсемдікке құмарлық-шығармашылық орындау әдісі.

Оқыту процесі барысындағы оқу-сын әдісін қолдануға болады. Ол үшін ұстаз бен шәкірт қызметтес деңгейіне көтерілуі керек. Сонда ғана ұстаз өз шәкірттерімен істелген істің нәтижесін талқыға салып сын-ескертпе жасай алады. Сын-ескертпені тек ұстаз жасамайды, оған шәкірттер де араласады. Бұл әдістің мақсаты істелінген істің жақсы-жаман жақтарына талдау жасап, кемшіліктен қорытынды шығарады, жетістіктерді насихаттайды. Сын-ескертпе ауызша болуы мүмкін немесе оған жазбаша пікір де жатады.[15]

Сонымен оқыту әдістерін талдай отырып мынандай қорытындылар шығаруға болады:

Б.И.Лихачев көрсеткен оқыту әдістерінің үш кезеңдері де (білімді игеру, игерген білімді қолдану, шығармашылық әрекет арқылы білімді меңгеру) өзара байланысын оқыту процесін байытады.

- жоғарыда көрсетілген оқыту әдістерінің әр пән, тақырып бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе бұл ерекшеліктер еңбек, өнер, дене шынықтыру арқылы айқындала түседі.

- оқыту әдістері ұстаз бен шәкірт қызметтестік танытып көрнекті, техникалық құралдарды қолданса, әдіс өз деңгейіне көтеріледі.

- оқыту әдістерін тиімді пайдалану ұстаздың біліміне, тәжірибесіне, шәкірттердің ықыласына, оқуға деген қызығушылығына да байланысты.

- Б.Т.Лихачевтің оқыту әдістеріне берген классификация (топтап-жұптауы) басқа классификацияларға қарағанда жаңа және толық.

Сонымен осы классификацияға сәйкес оқыту әдістері мазмұны жағынан алуан түрлі материалды меңгеруде оқушылар іске асыратын танымдық қызметтің сипатымен және осы әр түрлі қызметті ұйымдастыратын мұғалім қызметінің сипатымен ерекшелінеді.

Оқытудың қызметтік әдісі - оқу ісін білім мен дағдыны игерілетіндей оқушының тұлғалық дамуымен бірлестікте ұйымдастыратын мұғалімнің өз қызметінде ұстанған оқыту әдістері түсіндіріледі. Егер әдістерді классификациялаудың негізі ретінде оқытудың мақсаты мен мазмұнын анықтайтын дидактикалық міндеттер алынса, онда әдістерді түсіндіру, өңдеу және бақылау әдістеріне бөлуге болады. Түсіндіру әдістері, өз кезегінде, репродуктивті (дайын білімді хабарлау) және продуктивті (проблемалық мазмұндау және дедукциялық тұжырым) болуы мүмкін. Жаттыға игеру әдістері жаттығулардың көмегімен, жаттау арқылы және кезең-кезеңге бөліп жаттыға игерумен сипатталады.

Оқыту әдістерінің басқа да классификациясы бар. Бұл мәселеге қатысты көптеген әдістердің көптігін зерттелетін обьектінің күрделілігімен және қоғамның қазіргі мектептердің алдына қойған міндеттерінің маңыздылығымен түсіндіруге болады.

Оқыту әдістерін классификациялаудың барлық әдістерін бағалай отырып, көптеген дидактер мен әдіскерлердің оқыту процестеріне ақпараттық әдістерді және солармен қатар басқа да адам ақыл-ойының “терең қайнарына бойлай алатын” әдістерді пайдалану жолындағы ізденістері мен ұсыныстарын бүгінгі таңда дұрыс әрі өзекті деп санау қажеттігін атап айтуымыз керек. Бұл ізденістер мыналарға бағытталған: а)енжар білімдердің қызметін ынталандыру, оларды белсенді түрге қайта өзгерту; б) жаңа білімді игеруге, оларды практикада қолдануға мүмкіндік туғызу.

Педагогика ғылымында мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін оқытып-үйрету мен қорытудың негізінде нақты жағдайлардың әр түрлі сабақтастығына және оқу процесінің өту жағдайына байланысты оқыту әдістерін таңдаудың белгілі бір тәсілдері қалыптасып отыр.



Оқыту әдістерін таңдау мыналарға байланысты:

- білім берудің, тәрбиелеудің жалпы мақсаттарына, оқушылардың және осы заманғы басты талаптардың дамуына;

- нақты оқу пәнін оқытудың және оның жалпы дидактикалық әдістерге қойылатын талаптарының өзіндік өзгешеліктерін айқындайтын әдістемелердің ерекшеліктеріне;

- нақты сабақ материалдарының мақсатына, міндеттеріне және мазмұнына;

- материалды оқуға бөлінген уақытқа;

-оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындық деңгейіне (білімділігіне, тәрбиелігіне, дамуына);

- оқу орнының жабдықталуына, жабдықтардың, көрнекі құралдардың, техникалық құралдардың қолда болуына;

- мұғалімнің мүмкіндіктері мен қабілетіне, теориялық және практикалық даярлық деңгейіне, оның жеке сипатарына.

Аталған жағдаяттар мен шарттар кешенін пайдалану кезінде мұғалім белгілі бір сөздік, көрнекі немесе практикалық әдістерді, өз бетінше жұмысты басқарудың репродуктивті немесе ізденістік әдістерін, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін таңдау туралы бірқатар дәйекті шешімдер қабылдайды.

Оқу процесіндегі әдістердің маңызын ұлы физиолог И.П.Павловтың сөзімен көрсетуге болады, ол:”…Жақсы әдіспен өте талантты емес адам да көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді,”-деген болатын.

κûòó ¸äiñòåðiíi» òèiìäiëiãií àðòòûðó ñàáàºòàðäà ¾íåìi áiðêåëêi ¸äiñòåðäi ºîëäàíó åìåñ, ¸ð ò¾ðëi, áiðíåøå ¸äiñòåðäi ½øòàñòûðûï, ºîëäàíà áiëóãå áàéëàíûñòû. Áið ¸äiñ ºàíäàé æàºñû áîëñà äà, îë îºûòó ïðîöåñiíi» áàðëûº ìiíäåòòåði ìåí º½ðûëûìûíû» á¼ëiêòåðií ºàìòàìàñûç åòå àëìàéäû. ²àçiðãi äèäàêòèêàäà (îºûòó òåîðèÿñûíäà) îºûòó ¸äiñòåðií òîïòàñòûðóäû» ºàëûïòàñºàí áiðû»¹àé æ¾éåñi æîº. Á½ë ì¸ñåëå òóðàëû ¸ðò¾ðëi ê¼çºàðàñòàð áàð. κûòó ¸äiñòåðií òîïòàñòûðóäû» ò¾ðëi æîëäàðû áàð åêåíií áiëó êåðåê. Áiëiì àëóäû» ê¼çiíå ºàðàé, îºûòóäû» ìàºñàòòàðûíà ºàðàé, ñîíäàé-ຠîºóøûëàðäû» òàíûì áåëñåíäiëiãiíi» äå»ãåéiíå ºàðàé ò.á. áåëãiëåðãå ºàðàé ¸äiñòåðäi áiðíåøå òîïºà á¼ëóãå áîëàäû.

κûòó ïðîöåñi åêi æàºòû ïðîöåññ áîë¹àíäûºòàí, îºûòóøû ìåí îºóøûëàðäû» òàíûì ¸ðåêåòi áiðëåñiï æàñàéòûí ñèïàòòà áîë¹àíû æ¼í. Îñû¹àí îðàé ïðîôåññîð Í.Â.Êóçüìèíàíû» ½ñûí¹àí îºûòóøû ìåí îºóøûëàðäû» ¼çàðà áiðiêêåí áiðò½òàñ ¸ðåêåòiíi» º½ðàìäûº ìîäåëií ïàéäàëàíó – îºûòó ¸äiñòåðiíi» òèiìäiëiãií àðòòûðàäû. Á½ë ìîäåëü – îºûòóøû ìåí îºóøûëàðäû» áiðiãiï æàñàéòûí áåñ ò¾ðëi ¸ðåêåòiíåí (áiëiêòåðäåí) º½ðàëàäû: 1) ãíîñòèêàëûº (òàíûìäûº); 2) ïðîåêòiëåó (áîëæàìäàó); 3) êîíñòðóêòèâòiê (æà»à ìiíäåòòåðäi ºîþ ìåí øåøó); 4) êîììóíèêàòèâòiê (ºàðûì-ºàòûíàñ æàñàó); 5) ½éûìäàñòûðóøûëûº áiëiê. Á½äàí øû¹àòûí ºîðûòûíäû : îºûòó ¸äiñòåði – îºûòó ïðîöåñiíi» áàðëûº êåçå»äåðiíäå îºûòóäû» ò¾ðëi ìàºñàò-ìiíäåòòåðií îðûíäàó áàðûñûíäà îºóøûëàðäû» òàíûì ¸ðåêåòií àðòòûðó¹à áà¹ûòòàëó¹à òèiñòi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет