Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Негізгі мақсаты



бет8/10
Дата24.11.2023
өлшемі51.73 Kb.
#484339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
00071d2b-7b1af236

Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:

Ең көп тараған түрі :ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.


Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.


Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет