4
-
жаз мезгілінде сауықтыру жұмыстарын ұйымдартыру және
балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту үшін тиімді жағдай құру;
-
жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру үдерісінде ата-
аналармен өзара байланысты нығайту.
Күтілетін нәтижелер:
-
балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды
жоспарлаудың алуан
түрін құру дағдылырын меңгереді;
-
мектепке дейінгі ұйымдарда сауықтыру шараларын ұйымдастырып,
өткізудің дағдыларына ие;
-
білім беру салаларын кіріктіру тәсілдерін біледі;
-
шынықтыру шараларының түрлі түрлерін енгізе алады;
-
ата-аналармен бірге балалардың демалысын ұйымдастыра алады.
Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңін
ұйымдастырып, өткізу ұсынымдары мен балалардың сауықтыру,
толыққанды
демалысына қажетті жағдай құруға бағытталған.
Дене шынықтыру-сауықтыру және шығармашылық-эстетикалық
бағыттарындағы балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру жазғы сауықтыру
кезеңінің басым бағыты болып табылады.