ҚОРЫТЫНДЫ
Жазғы сауықтыру кезеңінде мектепке дейінгі ұйым ұжымының күші
міндеттерді жүзеге асыру бойынша таза ауадағы ойындарға толы әр түрлі
әрекеттерге жағдайларды жақсартуға бағытталған. Салауатты өмір салты
құндылықтарына қатыстыру кезінде балалардың көңіл-күйлері көтеріледі
және эмоционалдық жайлылық қамтылады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жазғы сауықтыру жұмыс нәтижесі
көбіне, мектепке дейінгі ұйым ұжымының қаншалықты оған сауатты және дер
кезінде дайындалғанымен анықталады.
Табиғат жағдайындағы балалардың ойланып жасалған қимыл
әрекеттері мектеп жасына дейінгі балаларда дене шынықтыруға
қызығушылық, денсаулық және салауатты өмір салтына ынтасын
жоғарылатады. Серуендеу кезінде балалар күн және ауа былауларын
қабылдайды. Шынықтыру қарқынды жүргізіледі: массаж кілемшелері
бойымен жүру, ойын алаңдарында жалаңаяқ жүру. Дене дамуы жүзеге
асырылады, бала ағзасының төзімділігі дамиды.
Қызықты мультфильмдерді көру балалардың ой және тілдік
белсенділігінің дамуына ықпал етеді. Тәрбиешімен жинақталған тақпақтар,
жұмбақтар, мақалдар, санамақтар баланы рухани байытатын халықтық салт-
дәстүрлерге қатыстырады.
Жазғы кезеңдегі мақсатты ұйымдастырылған серуендер мен
бақылаулар балалардың ойлау мен қиялын дамытады, ой әрекеті, ептілігі мен
зеректігін белсендіреді. Жазғы мезгілде балаларда еңбек дағдылары белсенді
түрде қалыптасады.
Бағдарламаны іске асыру педагогтарға бала денсаулығын нығайтуға,
ағзаның ауруларға қарсыласуына, салауатты өмір салты дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған міндеттерді кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, авторлар жазғы сауықтыру
кезеңге арналған материалдар мазмұнын нақтылап, күн тәртібі
ерекшеліктеріне, сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйым педагогтары кәсіби
құзыреттілігін арттырудағы шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін
жағдайлар жасауға назар аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |