«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


Тақырыбы: «Тимурға жолдан өтуге көмектесейік»



бет108/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Тақырыбы: «Тимурға жолдан өтуге көмектесейік»
(жаттығу ойыны)
Мақсаты: Балаларды жолмен, жолдың бөлінген бөліктерімен: тротуар және жүру бөлігімен таныстыру. Бағдаршамның қызыл және жасыл белгілерімен таныстыру, олардың мағынасын түсінуге үйрету.
Жаяу жүргіншілердің қарапайым ережелерімен таныстыру:
- жаяу жүргіншілерге тек тротуармен жүруге рұқсат
- балалар жолдан үлкендермен бірге ғана өтулері тиіс
- жолаушылар көліктерді аялдамада күтеді.

1

7

Тақырыбы: «Қармен ойнаймыз»
(ойындық және ізденушілік іс -әрекеттері)
Мақсаты: Ойнауға болатын түрлі материалдармен таныстыру (қардан түрлі қар кесектерін, түрлі денелерді мүсіндеуге болады).
Балаларға қармен тәжірибе жүргізуді ұсыну (егер оны жылы жерге алып келсе, ол ериді). Тәжірибе нәтижесін байқау үшін балаларды дербес іс-әрекет етуге үйрету.

1

8

Тақырыбы: «Шыршаны безендірейік»
(еңбек іс-әрекетіне қатысу, ізденушілік іс-әрекет)
Мақсаты: Балаларды жаңа жылдық шаршаны безендіруде ат салысуға итермелеу (ойыншықтарды ілу, бөлмені безендіру).
Балаларға шыныдан жасалған ойыншықтар сынғыш болатынын көрсету (ескі ойыншықты сындыру). Жаңа жыл мерекесінің: шырша, шырша ойыншықтары, моншақтар, жаңа жылдық бетперделер және т.б. сыртқы қасиеттері туралы түсінігін кеңейту. Ересектер мен балалар осы мерекені ұнататыны және осы мерекеге дайындалатыны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

1

9

Тақырыбы: «Сумен ойнаймыз»
(ойындық және ізденушілік іс-әрекеттері).
Мақсаты: Ойнауға болатын түрлі материалдармен таныстыру (су құйылады, боялады, оған дәм беруге болады). Балаларға сумен тәжірибе жүргізуге ұсыныс жасау (суды тәтті, қышқыл, тұзды дәм беру, бояу). Тәжірибе нәтижесін байқау үшін балаларды дербес іс-әрекет етуге үйрету.

1

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет