«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет236/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- түс, пішін, қасиеті, мөлшер.
Нені игереді:
- сын есімді ажыратуды.
Нені біледі:
- ойыншықтарды сипаттау, екі ойыншықты салыстыру.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы


«Таным» білім беру саласы
Экология негіздері


Тақырыбы: «Бақша сыйы. Көкөністер»
Мақсаты: балаларда көкөністерге тән белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздік қорларын толықтыру.
Қостілділік компонент: көкөністер - овощи
пияз - лук
сәбіз-морковь
шалқан - репа
қызанақ-помидор
қияр - огурец



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Қоянның «Сиқырлы себеті».

Балалар қызығушылық танытады.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Сиқырлы себет» ғажайып сәті.


«Тауып ал да, көрсет», ойын-жаттығуы.


«Ғажайып қалта» дидактикалық ойыны.
«Дәміне қарай көкөністі ата» ойын-жаттығуы.

Балалар себеттегі көкөністердің түсіне, көлеміне назар аудара отырып, олардың аттарын атайды.
Көкөністердің арасынан аталған көкөністі тауып алады.
Көкөністерді сипап сезу арқылы анықтап, атын атайды.
Бала көзін жұмып, көкөністің дәмін татып, атын атайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Қоянның қиялдан шығарған көкөністер салатын балаларға ұсынуды ұйымдастыру.

Балалар сүйсініп жеп, қоянға алғысын білдіреді





Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- көкөністердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын білу және оларды атау.
Нені игереді:
- көкөністер туралы жалпы ұғымдар: сәбіз, қияр, қызанақ, шалқан, пияз (көкөністердің басқа да түрлерін алуға болады).
Нені біледі:
- көкөністерді атына, дәміне, түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажырату.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Шығармашылық» білім беру саласы
Сурет салу
Тақырыбы: «Су тамшылары»
Мақсаты: балаларды қалыптан тыс түрде сурет салу тәсілдеріне үйрету. Сурет салу барысында өзінің сезімі мен жан құбылысын білдіре білуге үйрету.
Қостілділік компонент: сувода
тамшы - капелька
саусақтар - пальчики



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Е. Өтетілеуовтің «Жаңбыр» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Балалар өздерінің сезімдері мен қызығушылықтарын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Сумен ойын ұйымдастыру — тамшы жасау.
Қалыптан тыс түрде сурет салу тәсілін көрсету.

Балалар тамшының «тырс-тырс» еткен дыбысын шығарып, су тамшыларымен ойнау ойынына қатысады.
Сия тамшысы дағының суретін салады, көңіл күйін білдіреді.
Жасаған бейнелері және көңіл күйлері, сезімдері туралы әңгімелейді.

Рефлексивті – түзетушілік

Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыруды ұсыну.

«Су тамшыларын» қимылмен көрсету.



Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- «кляксография» тәсілін қолданып, сурет салу.
Нені игереді:
- ұжымда жұмыс жасауды.
Нені біледі:
- гуашьты қолдану тәсілдері.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы


«Қатынас» «Таным» білім беру салалары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Көркем әдебиет


Тақырыбы: «Орман алаңқайына саяхат»
Бөлім: «Математика», «Көркем әдебиет»
Мақсаты: балаларда халық ауыз әдебиетінің шығармаларын эмоционалды қабылдауы мен «көп» деген түсініктерін қалыптастыру.
Қостілділік компонент: бір - один
қоян – заяц
тиін - белка
кірпі - еж



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Сиқырлы қолшатырдың» пайда болуы.

Балалар өздерін орман алаңқайында отырғандай сезінеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Сиқырлы қолшатырдың пайда болуы» ғажайып сәті.


Орман алаңқайына саяхат.
Орман алаңқайына аялдау (саңырауқұлақ теру, «көп», «бір» түсініктері).
Кірпі және тиінмен кездесу («көп», «бір» түсініктері).
«Ақ қоян» ойыны.


«Санамақ» саусақ ойыны: «Бес саусақ», «Он саусақ» өлеңдерін оқиды.
«Көп», «бір» түсініктерін бекіту.

Олар сиқырлы қолшатырды көріп қызыға қарайды, қуанады.
Орман алаңқайына сиысып отырады.


Ойша жануарлармен кездеседі.


Ойын ережелерін сақтап, талаптарын орындайды.
Тақпақты зейін қойып тыңдайды, санамақтарды қимылмен көрсетеді.

Рефлексивті – түзетушілік

«Сиқырлы қолшатырдың» көмегімен топқа қайту.

Балалар ойын кейіпкерлерімен қоштасып, әсерлі сезімдерін білдіреді



Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- тақпақтардың мазмұнын;
- «бір», «көп» түсініктері.
Нені игереді:
- өлең жолдары мен ойын қимылдары арасындағы байланыс, ойыншықтар мен заттардың «бір», «көп» болатыны туралы ұғымдар.
Нені біледі:
- тақпақтарды әсерлі сезіну, заттардың тобынан бір затты бөліп алу, заттардың тобын құру.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы


«Таным» білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет