Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы


Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата01.11.2023
өлшемі496.64 Kb.
#482085
1   2   3   4   5   6   7
00403001-kaz

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету 
қағидалары 


1-тарау. Жалпы ережелер 
1. Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан 
әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 
Конституциясы
, Қазақстан Республикасы "
Білім 
туралы
", "
Педагог мәртебесі туралы
", "
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы
", "
Қазақстан 
Республикасындағы баланың құқықтары туралы
", "
Кемтар балаларды әлеуметтiк және 
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
", "
Әскери қызмет және әскери 
қызметшілердің мәртебесі туралы
", "
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары 
туралы
" заңдарына, "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан 
Республикасы Заңының 
10-бабының
 1) тармақшасына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы 
туралы" Қазақстан Республикасының 
Кодексіне
 сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 
мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос 
орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдамаларды беру, 
құжаттарды қабылдау, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау) тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) архив - мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдаманы табысты алуға байланысты немесе 
осы Қағидаларда көзделген басқа да себептер бойынша кезектен алынған өтініштер жиынтығы
2) блокчейн технологиясы - түзетуге жатпайтын деректерге өзгерістер енгізуді сәйкестендіруге 
мүмкіндік беретін белгілі бір қағидалар бойынша деректерді сақтау және өңдеу архитектурасын 
құру тәсілі; 
3) бос орын - баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін мектепке дейінгі ұйым, жас 
тобы, тәрбиелеу және оқыту тілі, жас кезеңі, топтың түрі (жалпы дамытушы, арнайы), жұмыс 
тәртібі (толық күн болатын, жарты күн болатын, тәулік бойы болатын), қабылдау тәртібі (жалпыға 
бірдей белгіленген, ерте брондау, уақытша болу), мектепке дейінгі ұйымға баратын күні бойынша 
шектеулердің болуын және қабылдаудың басталатын күні көрсетілген бос орын туралы ақпарат; 
4) босаған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне бөлу үшін мектепке дейінгі 
ұйымдардан бос орындарды беру хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама; 
5) жалпыға бірдей белгіленген қабылдау тәртібіндегі бос орын - жолдама алғаннан кейін 
жолдаманың қолданылу мерзімі бірден есептелетін бос орын; 
6) ерте брондау тәртібіндегі бос орын – орын нақты босағанға дейін ерте жолдама алуға 
болатын бос орын; жолдаманың қолданылуын есептеу мерзімі және мектепке дейінгі ұйымға 
қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;
7) кезектілікті басқару жүйесі – мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға және орындарды 
бөлуге өтініштерді қабылдаудың бизнес-процестерінің автоматты орындалуын қамтамасыз ететін 
көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі; 
8) кезектілік нөмірі – осы кезекте басқа да өтініштерге қатысты кезектегі өтініштер реті; 
9) кері қайтарылып алынған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне мектепке 
дейінгі ұйымдардан бұрын бөлуге берілген орындарды қайтару (кері қайтарып алу ) 
хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама; 
10) мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) – мектепке дейінгі 
ұйымға қабылдау және тиісті құжаттарды рәсімдеу кезеңінде мектепке дейінгі ұйымнан өтініш 
берушіге орынның уақытша сақталуы туралы хабарлама;


11) өтініштер кезегі (бұдан әрі – кезек) - кезектілікті басқару жүйесінде табысты тіркелген 
және осы Қағидаларға сәйкес бір-біріне қатысты реттелген мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға 
арналған өтініштер; 
12) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша 
берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс 
абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық 
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет; 
13) тоқтату парағы – өтініш берушілер тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылық анықталған 
жағдайда жолдама алу мүмкіндігі тоқтатылған, кезектен алынған өтініштер орналастырылатын 
уақытша архив; 
14) уақытша болуға арналған бос орын – уақытша кеткен тәрбиеленушінің мектепке дейінгі 
ұйымда сақталатын бос орны, сондықтан осы орынға қабылданатын баланың келу мерзімі 
шектеулі болады; 
15) хабарлама – өтініш берушіге мектепке дейінгі ұйымнан орын алудың белгіленген 
кезеңдерінен өткені туралы хабарлау мақсатында кезектілікті басқару жүйесімен жолданған 
электронды мәтіндік хабарлама. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет