Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата01.11.2023
өлшемі496.64 Kb.
#482085
  1   2   3   4   5   6   7
00403001-kaz



Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік 
қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 маусымда № 20883 
болып тіркелді 
 
Мәтін 
 
 
Ресми жарияланым
 
Ақпарат 
 
 
Өзгерістер тарихы 
 
 
Сілтемелер 
 
 
Көшіру 
 
 
Басқа
"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 
10-бабының
 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету 
қағидалары
 бекітілсін. 
2. Осы бұйрыққа 
қосымшаға
 сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім 
беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-
ресурсында орналастыруды; 
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен 
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң 
қызметі департаментіне осы тармақтың 
1)

2)-тармақшаларында
 көзделген іс-шаралардың 
орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі  
А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым 
министрінің 
2020 жылғы 19 
маусымдағы
№ 254 Бұйрықпен
бекітілді 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет