Мектепке дейінгі ұйымда қазақ этнопедагогикасын қолданудың мәні



бет2/3
Дата24.11.2022
өлшемі29.01 Kb.
#465721
1   2   3
Педагогикалық іс-тәжірибе Этнопедагогика балабақшада

Балабақшада қазақ этнопедагогикасын пайдалану іс-тәжірибесі

Инновациялық тәжірибе жұмыстары қашанда педагогтың еңбек жолындағы дамуына өзгерістер әкеледі.


Алға қойылған мiндеттердi түбегейлi шешу мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi жүргiзiлдi. Балалардың ұлттық тәрбие беру оқу процесінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті.
Ал эксперимент ұсынылған бағдарлама бойынша жүргізілді.
Тәжірибелік–эксперименттік жұмыс барысында біз ересек топ балаларына этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын әзірледік.
Кесте 1
Мектеп жасына дейінгі балаларға халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы

Тәрбиелеу және білім беру блогы

Тәрбиелеу және білім беру мазмұны

1

2

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Тәрбиеленушілерді халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу

Шешендік сөздер

Шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілердің қойылымдарын жасап, оларды сахналаудың жеке тұлғаның қалыптасуына әсері мен ықпалы, тәрбиелік мәні ерекше. Шешендік көркем сөздер мен мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар баланы мәнерлі, көркем сөйлеуге, шешендікке үйретеді, адамгершілікке, сұлулыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйіспеншілікке тәрбиелейді

Ата-баба дәстүрі –
ұрпақтарға өнеге

Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда, оны жан-жақты дамытып тәрбиелеуде үлгі-өнеге болатын ұлы ғұламалар мен хандар, билер, батырлар, классик ақын-жазушылар, ағартушылар, өнер адамдары өмірімен олардың жасаған туындыларын таныстырып, ерлік істерін үлгі ету, мақтаныш сезімдерін ояту

Әуен – саз

Музыкалық шығармалардың авторы және айтыс, терме, жыр, күй, ұлттық би өнері туралы тәрбиеленушілерге тереңірек білім беру. Айтыс, терме, жырларды үйрету арқылы ұлттық өнерге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері: зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, киіз үй жабдықтары мен оның жасау-жиһаздары мен оларды өрнектеген ою-өрнек түрлерін таныстыру. Халықтың шеберлігін, ұлттық ою-өрнектерінің әсемдігін көре білуге тәрбиелеу

Ұлттық тағам

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тағам түрлері мен оның жасалу жолдарын таныстыру, ұлттық тағам түрлері, еттен, ұннан, сүттен жасалатыны туралы түсінік беру

Табиғат тынысы

Туған жердің байлығы орман, тоғай, қорықтар және оны мекен еткен жануарлар, құстар, өсімдіктермен таныстыру, оларға қамқор бола білуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындарды үйрету барысында баланың тілін дамыту, бір-біріне деген достық, ынтымақ, ұйымшылдық, толеранттылық, ізеттілік сияқты, қасиеттерді дамыту және батылдыққа, ұқыптылыққа, зеректілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Имандылық-иірімдері

Туыстық қарым-қатынастар, туыстық атаулар мен жеті ата туралы түсінік беру. Айналадағы қоршаған адамдардың іс-әрекетін бағалап, жылы шырай білдіру, сыпайы сөйлеу, әдептілік сақтау, достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бауырмалдыққа баулу, жағымсыз жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті болғандықтан, ойын түрлері этнопедагогика материалы ретінде негізге алынды. Ойындар картотекасы дайындалып, қажетті құралдар жасақталды.


Балаларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру, жүйелілікті басшылыққа алу принциптері тәрбиешінің балаларға ұлттық тәрбие беру тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жерде материалдық, әдістемелік, психологиялық жағдайлар да негізге алынуы қажет. 
Мектеп жасына дейінгі балаларға этнопедагогика, халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін дәлелдеп берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет