Мектепке дейінгі ұйымда қазақ этнопедагогикасын қолданудың мәні



бет3/3
Дата24.11.2022
өлшемі29.01 Kb.
#465721
1   2   3
Педагогикалық іс-тәжірибе Этнопедагогика балабақшада

Қорытынды
Мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық тәрбие берудің жай-күйін талдау зерттеліп отырған мәселенің көкейкестілігін айқындап берді. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалмас үшін балабақшадан бастап қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын балалардың бойына сіңіру мәселесінің педагогика ғылымында қажеттілігі артып отырғандығын дәлелдеді.
Қазақ халқының ұлы ойшылдарының, көрнекті ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің құнды ой-пікірлерін зерделеу және тақырыпқа сәйкес ғылыми еңбектерді оқып-үйрену ұлттық тәрбиенің мәнін айқындап, оның негізі халықтық педагогика екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып, ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асыру қажеттілігі анықталды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру балабақшада оқу-тәрбие процесін сабақтар мен тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру қажеттігін дәлелдейді. Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыс нәтижелері этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесінің тиімді екенін көрсетті.
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. Халық педагогикасының мазмұны арқылы арқылы балаларға этномәдени білім беру, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ақадықова Б. "1001 мақал". // Қазақстан мектебі. 2003ж, №7.

  2. Арғынбаев X. "Қазақ отбасы". -Алматы: "Қайнар", 1996ж.

  3. Асарбаева А. Ұлттық ойындар — халық педагогикасының
    құрамдас бөлігі. // Ұлт тағылымы. 2002ж. №2.

  4. Әбдіқадырова Г. Халықтық педагогиканың мәні зор.
    //Қазақстан мектебі. 2003ж., №8.

  5. Әбілова 3., Қалиева Қ. "Этнопедагогика". Алматы, 1999ж.

  6. Әбуова А. Жаңылтпаштар — тіл дамыту~құралы// Бастауыш мектеп. 2003ж.

  7. Нұрғанова 3. Ертегілер еліне саяхат. // Бастауыш мектеп. 2002 ж. №10.

  8. Сағындықов Е. "Қазақтың ұлттық ойындары". -Алматы: "Рауан", 1994ж.

  9. Сауранбаева Н. "Ұлттық әдет-ғұрыптар туралы". -Алматы, 1968ж.

  10. Табылдиев Ә. "Халық тағылымы". -Алматы: Казақ университеті, 1992ж. '

  11. Табылдиев Ә. "700 жұмбақ". -Алматы: "Жалын", 1985ж.

  12. Табылдиев Ә. "Қазақ этнопедагогикасы". -Алматы: "Санат", 2001ж.

  13. Төлебекова Р. "Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика".
    —Алматы, 1994ж.

  14. Ұзақбаева С. "Тамыры терең тәрбие". —Алматы: "Білім", 1995ж.

  15. Ұзақбаева С. "Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық
    дәстүрлері". —Алматы: "Білім", 1990ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет