Мектепке дейінгі ұйымда заттық ортаны қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен талаптары


Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлар



бет2/2
Дата11.09.2023
өлшемі70.95 Kb.
#477191
1   2
Заттық орта

Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлар

  • Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлардың бірі болып табылады, сондықтан да дамытушы ортаны жабдықтаған да оны өзгертуге жəне толықтыруға болатындай етіп жабдықтаған дұрыс.
  • Өйткені бала жылдам өседі, сондықтан да, ертеңіне ол орта баланың дамуына əсер бермейді, ал кейін оның дамуына кедергі келтіреді. 2 айдан соң дамытушы ортаны өзгертуді жəне толықтыруды қажет етеді, бұл практикада дəлелденді.
  • Кішкентай сəбилер ірі ойын жабдықтарын ұнатады, сонымен қатар ол жабдықтар көзге тартымды, ашық түсті болғаны дұрыс.
  • Топтағы дамытушы орта балаға сан- түрлі іс-əрекет кездерінде сараптауға, ойлауға септігін тигізуші болып табылады.
  • Балалардың саусақ моторикасын дамыту үшін арнайы ойыншықтарды пайдаланған жөн.
  • Дамытушы ортаны жобалағанда баланың жеке тұлғасына да аса көңіл бөлген жөн.
  • Баланың жеке тұлға ретіндегі іс-əрекетімен байланыстыру керек. Осы мақсатта топтарда сəбилердің жас ерекшеліктеріне сəйкес, əр түрлі белсенді іс-əрекеттерді атқаруға бірнеше орталықтар жасақталады:
  • қимыл-қозғалыс орталығы;
  • ойын əлемі;
  • бейнелеу-шығармашылық орталығы;
  • конструктивтік орталық.
  • Топта балалардың тынығып демалуына «тыныштық əлемі», немесе «оңашалану орталығын», ұйымдастыруға болады.
  • Мүмкіндігінше «жеке бұйымдар» орталығын ұйымдастыруға болады, яғни əр бала өзінің жеке затын сақтау үшін арнайы жер дайындау.
  • Педагогтардың жасақтаған дамытушы орта модельдері педагогикалық ұжымның көп жылғы іс- тəжірибелері мен шығармашылық ізденістерінің нəтижесі болып табылады.
  • Мектепалды даярлықта балаларды ұлттық тəрбиеге баулуды дамытушы орта арқылы қалыптастыру тақырыбында біз дамытушы ортаны дұрыс қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық тəрбиеге баулудың ерекшеліктерін зерттедік. Балалық шақта берілген білім бүкіл өмір бойына қалады жəне белгілі бір көзқарас қалыптасады. Тəрбиеші келешек Отанының патриот азаматын тəрбиелейтін болғандықтан, оған өз ұлтының салт-дəстүрлерін, ұлттық аспаптарын, халық ауыз əдебиетін, ою өрнек, нақыштарын, ұлттық кəсіпкерліктің қыр-сырлары жайлы біліммен таныстырады. Кез келген тəрбие бастауы баланың тілін дамытумен тікелей байланысты. Демек, халық ауыз əдебиетінің бұл жерде алар орны ерекше. Ол үшін балабақша топтарында дидактикалық материалдар орталығы, кітаптар бұрышы ұйымдастырылады. Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін түрлі макеттерді, құралдарды, заманауи технологияларды пайдалануға болады.
  • Мектепке дейінгі мекемелердегі заттық ортаны ұйымдастыру əр тəрбиешінің шеберлігіне байланысты. Егер заттық ортаны қозғалмалы етіп ұйымдастырса, баланың қалауын есепке ала отырып, оның орнын ауыстырып отыруға болады. Ұлттық би элементтерін не əн, күйлерін таныстыру жұмыстарын арнайы əн-күй залында өткізер болса, онда құрал-жабдықтарды көшіру тиімді болмақ. Заттық-дамытушы ортаның тағы бір ерекшелігі — оның сан алуандығы. Кіші сəбилер тобынан бастап ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта ересек топқа дейін толықтырылып отырады. Тəрбиеші міндетті түрде сол топтағы тəрбиеленуші балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, психологиялық ерекшеліктерін, танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын есепке алып отыру қажет. Себебі əр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сəйкес сан түрлі шығармашылық істерге бейім болады. Тəрбиеші-педагог заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыруда міндетті талаптарға сүйеніп жұмыс жасауы қажет.
  • Балабақшаның əр түрлі жас топтарындағы заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып, педагогтар балалардың ойын əрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тəрбиенің жеке тұлғалық- бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек.
  • Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық- дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл, бəрінен бұрын, баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету.
  • Сонымен бірге балалар белгілі оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйымда болатын сол жағдайды жəне мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Бұл мектепке дейінгі ұйымда балалармен ойнау құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар құрып, пайдалы ойындардың əр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін оны əмбебап заттық ойындық ортамен жабдықтап, ойын үшін қажетті барынша ыңғайлы күн тəртібіндегі уақыт емес, сонымен бірге ыңғайлы орын бөлу.
  • Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы жəне жоғары шығармашылық əрекет қажет. Себебі ойыншықтардың алуан түрлі болуы баланың дамуына негізгі жағдай болып табылмайды. Сондықтан тəрбиешілер топты дұрыс стандартты емес жабдықтай білуі керек.

Тапсырма:

  • Заттық ортаға қойылатын негізгі талаптар
  • Мектепалды даярлықта балаларды ұлттық тəрбиеге баулуды дамытушы орта арқылы қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет