|
Аялайық гүлдерді
(І апта)
|
Дене шынықтыру
1. Топпен бірқалыпты жүру және жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары және төмен кезектестірілген адыммен өрмелеу. Отыру қалпында допты бастан асыра алысқа лақтыру.
2. Еденге салынған тақтай бойымен тапсырманы орындай жүру — тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру. Отыру қалпында допты бастан асыра алысқа лақтыру. Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру.
3. Қолдарын беліне ұстап бірқалыпты жүру, жүгіру. Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру. Бір шеңберден екінші шеңберге екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итеріліп біртіндеп секіру және ақырындап бүгілген аяқпен жерге түсу.
|
Сөйлеуді дамыту
Сөздерді шынайы интонациямен анық айта білуге үйрету. Балалардың сөздік қорларын дамыту. Гүл туралы мақал-мәтелдер айту.
Көркем әдебиет
Гүл туралы өлең оқу. Өлеңнің ұйқасын, ырғағын бере білуге үйрету.
Драма
Жұбымен келісе отырып, сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
|
ҚМҰҚ
Заттарды биіктіктері бойынша салыстыру. Геометриялық пішіндерді геометриялық денелерден ажырату біліктерін дамыту.
Жаратылыстану
Орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
|
Сурет салу
Балалардың сурет салу үшін түстердің жылы реңктерін таңдау дағдыларын қалыптастыру. Үлгі бойынша гүлдердің пішінін, түсін ескере отырып салу.
Аппликация
Гүл бөліктерін қию (бұрыштарды дөңгелету арқылы кесу), олардан әдемі сурет құру. Түсті сезуді,эстетикалық қабылдауды дамыту. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.
Музыка.
Таныс емес музыкамен оның негізгі көңіл-күйін бере отырып, әндерді орындауға үйрету. Балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.
4. Музыка.
Ән орындаушылық дағдыларды қалыптастыру. Музыканың сипаты өзгергенде қимылдарын да өзгерту дағдыларын дамыту.
|
|