Сөйлеуді дамыту
Әңгімеге қатысу және әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көркем әдебиет
Тақпақтар түсініп, есте сақтауға үйрету.Отан туралы тақпақ жаттату. Тақпақты көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету.
Драма
Адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету дағдыларын қалыптастыру.
|
ҚМҰҚ
4 санымен таныстыру. «Барлығы неше?», «Қайсысы?», «Есеп бойынша нешінші?» сұрақтарына жауап беруді үйрету. Төртбұрышты ажырату және дұрыс атай білу.
Жаратылыстану
Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін сақтауға үйрету.
|
Сурет салу
Қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру. Сурет салу техникалық дағдылар мен біліктерді игерту.
Аппликация
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Музыка.
Музыкалық сүйемелдеуден кейін ән айтуға жаттықтыру. Ересектердің орындауындағы би әуенін тыңдауға үйрету. Музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту; шапшаңдық пен икемділік таныту дағдыларын қалыптастыру.
Музыка.
Хормен ән айтуға үйрету. Би қимылдарын есте сақтау дағдыларын дамыту. Сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу біліктіліктерін жаттықтыру.
|
Қоршаған ортамен танысу
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өздеріне тән мәдениеті бар екені жайлы түсініктерін кеңейту.
|
|
Туған өлкем
(ІІ апта)
|
Дене шынықтыру
1. Түрлі тапсырмалармен шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшімен ауыса отырып жүгіру. Оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2-2,5м қашықтықтан), дәлдеп лақтыру.
50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру.
2. Екі сызықтың арасымен жүру және жүгіру. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Қолдарын белдеріне қойып, гимнастикалық орындық бойымен жүру.
3. Қатардан шықпай қолдың еркін қимылымен жеңіл және ырғақты жүгіру. Қолдарын белдеріне қойып, гимнастикалық орындық бойымен жүру. Гимнастикалық қабырғадан кезектескен қадаммен өрмелеу.
|
Сөйлеуді дамыту
Шағын әңгімелер айтып беруге үйрету. Туған өлкеге байланысты өлеңдер оқу. Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Русский язык
Учить называть некоторые свойства предметов: цвет, форма. Расширить знания о животных и птицах в зимнее время года.
|
|