«Мектепке дейінгі ұйымы басшысы қызметін жоспарлаудың күнтізбелік (күнделікті) инновациялық формасын ұсыну» Орындаған: БҚО, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылы, «Бүлдіршін»



бет2/3
Дата11.02.2022
өлшемі27.39 Kb.
#455287
1   2   3
басылым5а Нургуль Мурзакаева

ІІ. Негізгі бөлім
Республикамызда білім беру жүйесі қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Қазіргі уақытта балабақша реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, балабақша ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен жаңаруда. Біз бүгінгі  күні  әлемдік білім  беру жүйесіне негізделген  басым  бағыттарды ұстануда ең алдымен педагогтарды жаңаша оқытуға бағыттауымыз қажет. Дамыған елдерді  білім беру  жүйесіндгі  тенденциялардың бірі – білім беруді  басқарудың  тиімді жолдарының  қарастырылуы. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Ұжымда әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігін үнемі талдап отыру әдістемелік көмек көрсету жұмысын ары қарай жақсартуға және оны дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан білім беруді басқару жүйесін жоспарлағанда келсідегідей жұмыстар үнемі назарда болу қажет:

  • жүргізілген іс-шараларға нақтылы баға беру, қабылданған шешім дәлелді болу, жұмысты дұрыс жоспарлау;

  • ұжымның жағдайы мен қажеттілігін ескеру;

  • әдістемелік жұмыстың кезеңдерінің тығыз байланыста болуы;

  • ұжымдық және жекеше жұмыс түрлерінің өзара байланыста дамуы;

  • педагогтарды мазмұны мен түрі жағынан бір-біріне жақын іс-шараларға қатыстыру. Яғни, әдістемелік жұмысты ретке келтіруде оның қалыпты жағдайын зерттеп, ұйымдастырушылық құрылымын, мақсат, міндеттерді дұрыс анықтау қажет.

Жоспарлаудың мазмұны, мақсаты және міндеттері.

Жоспарлау дегеніміз не? Қашан, қалай орындалатындығы және кім орындау керектігі туралы болашақтағы шешім процесін дайындау. Жоспарлаудың қызметтері бұл мақсаттарға жету үшін мектепке дейінгі ұйым мүшелері қандай қызмет атқару керек екендігін және ұйымның мақсаттарын көрсетеді. Мағынасына қарай жоспарлау қызметі келесі үш сұраққа жауап береді:

1.Қазір біз қайда тұрмыз? Білім мен тәрбие беру ұйымның әлсіз және күшті жақтарын бағалау керек. Бұның бәрі ұйымның нақты мақсатын анықтау кезінде іске асады.

2.Қайда қозғалғымыз келеді? Экономикалық жағдайлар, жаңа технология, жабдықтау, әлеуметтік және мәдени өзгерістер сияқты ұйымды қоршаған орталар оны бағалау мүмкіндіктеріне ие болады және ұйымның мақсатқа жетуіне не кедергі жасайтынын жетекшілік анықтап отырады;

3. Біз бұны қалай жасаймыз? Балабақшаның мақсатының орындалуына жету үшін жетекшілер ұжым мүшелерінің жалпы не істеу керек екендігін шешу керек.

  Мектепке дейінгі ұйым басшысы қызметін жоспарлаудың артықшылықтары:



  • Жоспарлау жетекшілерді перспективті түрде ойлауға ынталандырады;

  • бұл келусі бақылау қызметінің көрсеткіштерін орнатуға әкеледі;

  • білім ұйымындағы әрекетті реттеуді жақсарту;

  • білім ұйымын кездейсоқ өзерістерге дайындау;

  • алдағы жұмыстарында өз шешімдерін жүзеге асыруға жетекшілерді ынталандыру;

  • қорларды иімдірек бөлуге ықпал ету;

  • білім ұйымында бақылауды жақсарту.

Бүгін балабақшаны кез-келген заманауи мектепке дейінгі ұйым ретінде инновациялық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ал енді осы инновациялық технологияларды мектепке дейінгі ұйымның жұмысына жүйелі түрде, талапқа сай енгізуді ұйымдастыру балабақшаны басқару жұмысына тікелей байланысты. Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық үдерістерді басқару тәрбиелеу мен оқыту үдерісін оңтайландыруға, тәрбиелеу мен оқытудан алынған нәтижелерді арттыруға бағытталған басқарушы мен педагогтардың, балалардың және ата-аналардың бірі-бірімен тығыз ықпалдастықта ұйымдастырылатын әрекеті. Демек мектепке дейінгі ұйым жұмысына инновациялық технологияларды енгізу осы әрекетке қатысушы жауапты тұлғалардың өз жұмыстарын алдын - ала жоспарлап алып реттілікпен, сабақтастықпен, үздіксіздікпен атқаратын әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Жоғарыда аталған мәселерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарға инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу бойынша бағдарламаның маңызы өте жоғары. Бағдарлама мына ұстанымдарға:

- ізгілікке (мектепке дейінгі ұйымда педагогтың жеке тұлғасына сыйластықты қамтамасыз ететін, қарым-қатынастың жағымды алаңын құру, әрбір педагогты білім беру үдерісіне оңтайлы қосу мақсатында жеке тәсіл құралдарын іздеу);

- демократияландыруға (инновациялық технологияны таңдау мен жоспарлау барысында инновациялық әрекеттің барлық субъектілерін қатысуын белсендіру);

- ғылыми, талдау әрекетіне; - жүйелі тәсілге (мектепке дейінгі ұйымдағы инновациялық әрекетті жоспарлауды жүйеге келтіру);

- болашаққа және үздіксіздікке (соңғы нәтижеге жетуге бағытталған);

- сабақтастыққа (инновациялық әрекетке қатысушы педагогтардың арасында бір жыл бойы барлық әрекеттерді тең бөлу) негізделіп құрылды.


Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу – оқыту барысын иннновациялық әдістермен технологияларды қолданудың әдістері мен формалары мен қамтамасыз ету, тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру үшін мектепке дейінгі ұйымда инновациялық білім беру кеңістігінің төмендегідей үлгісін құру қажет:
- мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану аясында

педагогтардың педагогикалық кәсіби шеберліктерін жетілдіру;

- инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу барысын белсендіру;

- баланың құнды шығармашылық тұлғасын дамытуға және танымдық және интелектуалдық қабілеттерін қалыптастыруға арналған жағымды күн тәртібін қамтамасыз ететін, инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу бойынша жағдайлар жасау;

- шығармашылық ізденістерді ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және психологиялық қолдауды жүзеге асыру;

- бұхаралық педагогикалық тәжірибеде инновациялық әрекетті насихаттау.

- мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық үлгісіне көшу;

- мектепке дейінгі ұйымның бәсекеге қабілетілігін арттыруға бағытталған үздіксіз дамуын қалыптастыру;

- мектепке дейінгі ұйым жұмысының сапасын арттыру үшін мектепке дейінгі ұйымда инновациялық білім беру кеңістігінің үлгісін жетілдіру;

- өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырушы педагогтардың санын арттыру;

- педагогтардың инновациялық педагогикалық тәжірибені аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде жалпылау мен таратуға белсенді қатысуы;

- заманауи білім беру технологияларын меңгерген педагогтардың деңгейін арттыру.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Инновациялық білім берудің 3 мақсатын айрықша атауға болады.
1. Тұлғаның интеллектуалды - тұлғалық және рухани дамуын жоғары деңгейге жеткізу.
2. Тұлғаның жаңа білімге бейімділігін қалыптастыру және соған сай ойлау қабілетін арттыру.
3. Кәсіби бағыттағы жаңашылдықтар әдістемесімен қамтамасыз ету;
Инновациялық әрекет- бұл жаңашылдықты ендіру, қабылдау және қолдану процесі.

Мектепке дейінгі ұйымы басшысы қызметін жоспарлаудың инновациялық формасында мынадай проблемалық міндеттерді басшылыққа алынады:


1. Негізгі мақсатты анықтау;
2. Балалардың қызығушылық талаптарын қанағаттандыру;
3. Жетістікке жету жолдарын іздеу;
4. Білім мен тәрбие сапасын арттыру;
5. Маман біліктілігін дамыту;
6. Көрсеткішті талдау және бағалау.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілетіне қарай зерттеу жұмыстарын жүргізу жолдары:
1. Жалпылама емес, тиянақты жас ерекшеліктеріне, балалардың таным бағытына сай тәрбие мен білім беру;
2. Тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу;
3. Ақпаратты технологиялық әдістерді пайдалануға жол ашу;
4. Тәрбиеші білімінің жоғары деңгейде болуы;

Білім беру жүйесіндегі білім сапасын арттырудың бірден- бір жолы инновациялық тұрғыда басқару жүйесін құру болып табылады.

Басқару – басқарылатын жүйені инновациялық тұрғыда сапалы дәрежеге көшіру, жаңа жағдайға икемдеу үшін осы жүйеге әсер ету үрдісі.
Дұрыс ұйымдастырылған білім беру жүйесі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің бірден-бір кепілі.
Білім беру жүйесіндегі инновация білім сапасын арттырудың мынадай жолдарын қарастырады.

-ғылымилық;


-мақсаттылық;
-ұжымдық шешім қабылдау;
-демократиялық, (жариялылық)
-бірегей бастаушылық;
-жүйелілік;
-жекелей жауапкершілік;
-табиғи үйлесімділік;
-жеке тұлға ретінде қарау.

Инновация тұрғысындағы басты жаңалықтар:

- Кешенді мақсатты жоспарлау;
- Проблемалық-бағдарлы талдау;
- Басқару мониторингінің жүйесін құру;
- Авторлық бағдарламаларды әзірлеу және ресми түрде мақұлдау;

- Тәрбиелеу мен білім сапасын арттырудағы жұмыс түрлерін көбейту.
Егеменді еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – педагогтар еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.

Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастыра отырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай түзету қажет. Әрине ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педогогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау – қазіргі таңдағы әрбір педогогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – бастыт мәселенің бірі. Білім беру жүйесінде педогогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педогогтың міндеті болып табылады. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде: ынтымақтастық педогогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педогогикалық әдістемелік білімді, педогогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарын жоспарлау - заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;

- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;

- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын қолдану дағдыларын дамыту;

- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;

- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет