Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы


-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар



бет14/20
Дата26.01.2023
өлшемі133.69 Kb.
#468771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
348 стандарт

5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

56. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.


57. 10-11-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.


58. Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күн.


Оқу жылы ішінде үш рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.



Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына
5-қосымша

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.


Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.


2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:


1) ӘАОО-ның компоненті – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң тиiстi ең аз көлемi;


2) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, білікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі.


3) базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың жиынтығы;


4) базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;


5) білім алушының жеке компоненті – жобалау жұмысы арқылы біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі;6) білім беру ұйымының таңдау компоненті – WorldSkills стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымы анықтайтын модульдер және(немесе) пәндер тізбесі;


7) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;


8) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;


9) жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;


10) жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық жұмысы;


11) жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты пәні және (немесе) модулі үшін ТжКБ ұйымы әзірлейтін құжат;


12) жұмыс оқу жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және/немесе модульдердің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;


13) кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;


14) кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;


15) консультация – білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;


16) кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;


17) кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;


18) міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі;


19) факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет