Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды
Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.
Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.
Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.