Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру



бет2/5
Дата16.08.2022
өлшемі0.51 Mb.
#459959
1   2   3   4   5
4 тақырып

Күн сайын:
  • сынып журналына жоқ оқушыларды белгілейді;
  • сынып оқушыларының өзін-өзі басқару органы мен мектептің өзін-өзі басқаруындағы сынып өкіліне педагогикалық көмек көрсетеді;
  • оқушылардың сыртқы түрін және оларда ауысымдық аяқ киімнің болуын қадағалайды;
  • оқушылардың тамақтануларына және олардың асханадағы өз-өздерін ұстау мәдениетіне бақылау жасайды;
  • сынып бойынша кезекшілікті бақылайды;
    • Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
    • Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді
    • Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды
    • Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.
    • Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.
    • Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
    • Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет