Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы. ҚР «Білім туралы»



бет3/5
Дата30.09.2024
өлшемі35.38 Kb.
#504175
түріКодекс
1   2   3   4   5
ІШКІ ТӘРТІП ориг. №1.НШБ оқуш.мінд

Окушылардың мiндеттерi:
4.8.Әрбiр адамның ар мен намысын кұрметтей отырып, өзін кез-келген жағдайда лайықты ұстау;
4.9. Оқуға арналған уакытты толық пайдалануға, өзiнiң бiлiм аясын кенейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу;
4.10. Мұғалiмдер мен мектептiң басқа кызметкерлерiн қадiр тұту, мектеп намысын, беделiн қорғап, онын дәстүрлерiн жалғастыру;
4.11. Мiнез-құлық ережелерін сақтау:
- үлкендердi кұрметтеу;
- басқа адамның ар-намысын қадiрлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу; 2
- мектеп окушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады:
4.12. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемi тазалықта ұстау;
4.13. Өндiрiстiк және коғамдык пайдалы енбекке белсендiлiкпен катысу;
4.14. Әр оқушы бекiтiлген мектеп формасының үлгiсi (косымша №92) бойынша киiнуге және сабаққа кажеттi оқу-құралдарын үнемi әкелуге, екiншi аяк киiмi мен алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, технология пәндерiнiң талап етiлген киім үлгiлерiн, катаң турде сақтауға міндетті;
4.15. Мектепке және оның ауласына қару, жарылғыш немесе басқа қауiптi заттарды, спирттік ішiмдiктерді, есірткі, темекі, газ баллоншаларын кандай мақсатта болмасын алып келуге және қандай жолмен болмасын қолдануға тыйым салынады;
4.16. Сабақ және iс-шаралар уақытында педагогтардың рұқсатынсыз мектептен кетiп қалуға болмайды. Себепсіз сабақтан қалуға тыйым салынады. Сабаққа келмеген жағдайда оқушы сынып жетекшiсiне сабақтан қалу себебi жөнiндегi дәрiгер анықтамасын немесе ата-анасының түсiнiктеме хатын сынып жетекшiге көрсетiп тапсыруы тиiс. Оқу-тәрбие үрдiсi кезiнде окушы бiр жерi ауырып, өзiн колайсыз сезінген жағдайда мектептегi медицина қызметкерiне жолығуы керек. Медбике рұксат етсе, үйiне қайтуына болады;
4.17. Мектеп оқушысы өзiмен қажеттi оқу құралдарын, дәптерлерiн, күнделiгiн алып келеді. Мектепкe сабақ кестесіне сәйкес пәндер бойынша үй тапсырмаларын орындап келеді;
4.18. Мектеп оқушысы үлкендерге сый-құрмет, кiшiлерге қамқорлык көрсетеді. Мектепке келген кісілермен амандасады. Оқушылар үлкендерге, үлкен оқушылар-кiшiлерге, ұл балалар-қыз балаларға жол береді. Мектептен тыс жерде өздерiн мектеп атына, өзiнiң ар-намысына кір келтірмейтіндей етiп ұстайды;
4.19. Оқушылар мектеп мүлкiн сақтап, оны жөндеуге көмектеседi;
4.20. Қыз балалар шаштарын үнемі өрiп, беттiк бояуларын (косметика) пайдаланбай, мектеп оқушысына сай бантик тағып шаш үлгісін сақтауға тиіс;
4.21. Мектеп оқушылары мектеп iшiнде (тақия, орамал, телпек) киiп жүруiне және мектеп iшiнде 2.5-3 см. жоғары биік өкшелi аяқ киiм киiп, тiзеден 5 см. жоғары юбка киюге тыйым салынады;
4.22. Мектепке бағалы ұялы телефон алып келуіне жане сабақ уакытында ұялы
телефондарын пайдалануға тыйым салынады;
4.23. Қоғамдық іс-шараларга белсене араласып, өзінің саналы түрде болашақ мамандығын тандауга дайындалуы тиіс;
4.24. Окушы қоғамға кері әсер ететiн насихат жұмыстарына араласпауга мiндеттi;
4.25. Мектеп оқушылары кешкі сағат 22.00-ден бастап қоғамдык орындарда заңды
өкiлдерсіз (ата-анасыз) жүруге тыйым салынады;
4.26. Әр мектеп окушысы мектептiң iшкi тартiп ережесіне бағынуға мiндеттi;
4.27. Осы Ереже талаптарын жүйелі түрде бұзган жане оған мойын ұсынудан бас тартқан оқушыларға Мектеп жарғысына сәйкес, Мектеп кеңесiнiң талқысына салынады, ата-анасы шақыртылып тартiптiк шара қолданылады:
4.28. Оқушыларга тыйым салынады:
•Мектепте iшiмдiктер, шылым, наркотиктік заттар әкелуге, таратуға, қолдануға
болмайды; Жанатын және атылғыш кез-келген заттарды қолдануға болмайды;
•Карым-қатынастарын шешу кезiнде бiр-бiрiне қол көтеруге, күш керсетуге,
кажетсiз талаптар қоюга, айкай-шу көтеруге;
• Коршаған айналаға қауiп әкелетiн кез-келген iстерге;
• Мектеп кызметкерлерiне және басқа окушыларға дөрекі сейлеуге;
• Мектепке сабаққа қатысы жоқ заттар әкелуге;
• Ойын карталарын, сiрiңке, кесетiн және қадалатын заттар әкелуге;
• Мектеп мүлкiне зақым келтiретiн және өзіне, айналасына кауiп акелетiн iстермен шұғылдануға;
• Мектеп және кабинет мүлiктерiне, кабырғаларына жазуға, сызуға, оларды
сындыруға; Мектепке қатысты кiтаптарға жазуға, оларды жыртуға;
• Мектеп iшiнде және айналасына қоқысты шашуға, қоқыстарды кез-келген
жерлерге тастауға;
• Сабақ уақытында ұялы телефондарды, электронды ойындарды қолдануға;
• Оқу сабақтары кезiнде дәлiзде бос жүруге; жүгiруге, терезеге жақын аралық
ойықтарда тұруға, ойнауға болмайтын орындарда ойнауға;
• Оқушылардың көп жиналған орындарында;
• Өз беттерiмен рұқсатсыз сабақтан немесе мектептен кетуге;
• Мұғалiмнiң рұксатынсыз кабинеттiң кiлтiн алып ашуға, сыныптың есiгiн iш
жагынан жабуға, терезені ашуға;

4.29. Окушылардың тәртiбiне қойылатын жалпы талап:


1. Оқушылар ұстаздарға «Сiз» деп сөйлеу және аты-жөнiн толық айту, үлкендерді сыйлау;
2. Оқушылар үлкендерге, үлкендерi-кiшiлерiне, ұлдары-қыздарга жол беруге;
3. Мектептен тыс орындарда өз абыройларын сақтау, мектептiң атына сын келтiрмеу;
4. Мектеп оқушылары тіл мәдениетін және ана тiлiнiң тазалығын сақтауға міндетті;
5. Оқушылар өрт кауiпсiздiгi тәртiбiн, жолда жүру тәртiбiн, техника кауiпсiздiгiн сақтауға міндетті. 3
6. Оқушылар мектеп кызметкерлерiнiң және кезекшiлердiң ескертулерiне дұрыс карау, кезекшiнiң
немесе мұгалiмнiң алғашқы талабынан өз тегiн, атын немесе сыныбын хабарлау.
7. Ересектермен сөйлеу кезiнде қолын калтасына салмау, дөрекі сөйлемеу, жағымсыз тәртiптердi жібермеу.
8. Окушылар мектеп мүлiгiне зақым келтiру барысында (ата-аналар аркылы) жауапкершiлiкке алынады.
4.30. Оқушылардың оқу кұжаттары.
Әр оқушы өзiмен бiрге нұсқауға сәйкес бекітiлген үлгiдегi оқушы күнделiгi болуы керек және оны мұгалімнің алғашқы талабынан көрсету керек.Оқушы әр апта соңында оқу апталығының қорытындысы ретінде күнделігін ата-анасына қол койғызуға беру керек. Ескерту, күнделiктi жазбалар, баға қорытындысы сол күні-ақ ата-аналарына керсетiп, қол койғызу керек. Қойылган бағаларды жане күнделiктегі жазбаларды түзету, сонымен бiрге парақтарды жыртуга тиым салынады. Оқу бағдарламасының өтуi туралы мәлiмет оқушының жеке iсiне енгiзiледi, жеке iс оқу бөлiмiнде сақталады.

4.31. Окушылардың сабақ барысындағы тәртiбі.


Әрдайым сабаққа қалып келетiн оқушыларды мектеп әкiмшiлiгi түсiнiктеме беруге шақырылады, оқушының ата-анасына тәртiп бұзғандыгы туралы ескертiледi. Коңырау соғылганнан кейiн окушылар кабинетте өз орындарын тауып, сабаққа керектi барлық заттарды дайындау керек. Сабақта окушыларда мiндеттi турде күнделiк, пән бойынша жұмыс даптерi, оқулық жане оқулық нұсқаулары, жазба және сызба заттары, сабаққа қатысты заттары болуы керек. Окушылардың сабаққа қандай заттарды әкелуiн мұгалiм шешеді. Сабаққа окуға қатысы жоқ заттарды әкелуге болмайды. Күнделiк жане оқушы дәптерлерi мұғалiмге алғашкы талаптан-ак берiлу керек. Оқушы үй тапсырмасын әрдайым
орындап келу керек. Окушылар мiндеттi түрде мұғалiмнiң түсiнiктемесiн, жолдастарының жауабын тыңдау керек. Сабақта бөгде iстермен айналыспау, сейлеспеу, шуламау керек. Окушылар мұғалiмнiң ескертулерiне уакытында назар аудару; Өз беттерімен сабақтан кетуге тыйым салынады. Сыныптан мұғалімнің рұқсатынсыз шығуга: Окушылар оқу кабинеттерiнiң талабына сай еңбек қауiпсiздiгi ережелерін сақтау керек; Сабақтан кейiн үзiлiс тек мұғалiм үшiн берiледi. Тек мұғалiм гана сабақтың аякталғанын, шығуға болатынын хабарлайды. Сыныптан шығарда оқушылар өз орындарын тәртiпке келтiредi;

4.32. Сабақ алдында, үзiлiсте және сабақ соңындағы окушы тәртібі.


1. Yзілістe кабинеттi желдету мақсатында оқушылар дәлiзге шығу керек;
2. Оқушылар мектептiк кезекшi қызметкерiне бағынуға, тәртіп сақтауға міндетті;
3. Басқаларға нұқсан келтiретiн, кедергі жасайтын iстерге немесе жүгiруге, секіруге, козғалыс ұйымдастыруға болмайды;
4. Үзiлiсте оқушылар сыныптан шығып, жұмыс орындарын таза ұстап, тартiпке келтiредi;
5. Сынып кезекшiсi мұғалімге кабинеттi келесi сабаққа әзірлеуге көмектеседі: Yзiлiс кезiнде баспалдақта жүгiруге, еденде немесе терезе алдында отыруға тыйым салынады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет