Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»



Дата12.07.2016
өлшемі40.23 Kb.
#193547
Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі №267 заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы еліміздің барлық жеке және заңды тұлғаларына қатысты қолданылады. Заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қызметтен қуылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымда болуға өмір бойы тыйым салынған.

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды міндет екендігін атап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты әрекет оның алдын алуға бейімделген стратегия болғанда ғана мүмкін. Сондықтан, жазалауды қатаңдатумен және қылмыстық қудалауды күшейтумен бірге сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар пысықталуда. Осы мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның күш салуын біріктіруге аса көңіл бөлінуде.

Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылатынын және құқық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етілетінін әрбір адам білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық орын алған жағдайды хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие.

Елбасымыз халыққа арнаған сөздерінде жемқорлық індетінің тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтынын жиі айтып келеді.

Жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайтыны белгілі. Мұндай әрекеттер экономикамыздың бәсең дамуына, әлеуметтік жағдайымыздың төмендей түсуіне әкеліп соқтырады.

Сондықтан, мемлекеттің барлық органдары мен лауазымды адамдары өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі тиіс.

Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған ішкі ведомствоішілік іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалуына мониторинг жүргізілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарына арналып 21-5-45 сенім телефоны болып белгіленді.



Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бас маманы Р.Тұрманбетова

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты халыққа Жолдауында әлемнің 30 дамыған елдері қатарына енудің ұлғайған жоспары ұсынылған.    

Елбасы мемлекеттің жаңа саяси бағытының мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қалыптастырып, іске асыруды ең маңызды міндет ретінде қарастырады.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру арнасында еліміздегі болып жатқан ауқымды өзгерістер  жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттар, тетіктер мен құралдарды жаңарту қажеттілігі айқын болды.     

Бұл жұмысты үйлестіру үшін Премьер-Министр К.Қ. Мәсімов басқаратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Ұлттық сыбайлас жемқорллықа қарсы стратегияның жобасын әзірлеумен құрамына Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың, қазақстандық және халықаралық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, атақты ғалымдар мен сарапшылар енген сараптамалық топ айналысады.

Қазіргі уақытта сараптамалық топ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді стратегиясын іске асыра алған елдер тәжірибесі арқылы зерделеуде.

Осы тәжірибе сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты әрекет оның алдын алуға бейімделген стратегия болғанда ғана мүмкін. Сондықтан, жазалауды қатаңдатумен және қылмыстық қудалауды күшейтумен бірге сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар пысықталатын болады.  Осы мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның күш салуын біріктіруге аса көңіл бөлінеді.

Ол үшін Қаржы полициясы агенттігінің www.finpol.gov.kz ресми сайтында 5 шілдеден 25 шілдеге дейін «Халықтық құқықшығармашылық» атты бөлім жұмыс істейтін болады. Аталған бөлімге әрбір азамат өзінің ұсыныстарын көрсете отырып хабарлама қалдыра алатын болады.



Әрбір ұсыныс қарастырылады, олардың өзектілері жұмыс тобының талқылауынан кейін Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жобасына енгізілетін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет