Мектептің өзін-өзі бағалау құжаттары Text here «Ақтөбе облысы білім басқармасының Алға аудындық білім бөлімі»



бет1/2
Дата07.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#494705
  1   2
Мектептің өзін


Мектептің өзін-өзі бағалау құжаттары
Text here..«Ақтөбе облысы білім басқармасының Алға аудындық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін
өзін-өзі бағалауының қорытынды
АНЫҚТАМАСЫ
Бақылау түрі: өзін-өзі бағалау.
Өзін-өзі бағалау жүргізуге негіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 634 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық», "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 шiлдедегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдедегі бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Кузембаеваның «Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылдың екінші жарты жылдығына арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі» 25.06.2021 жылғы бұйрығы.
Өзін-өзі бағалау комиссиясының құрамы:

Уразова Анар Сексенбайкызы

Мектеп директоры

Есетова Лаззат Дуйсенкызы

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Тұрлыбаева Гульшат Шинаровна

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Байзакова Жанна Жанбулатовна

Кәсіподақ төрайымы

Жайшылықова Сая Мақсатқызы

Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші

Өзін-өзі бағалау барысында төмендегі мәселелер тексеріліп сарапталды, олар:
1) білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;
2) оқу және оқыту;
3) білікті қызметкерлердің болуы;
4) қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау;
5) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық база.
«А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы сипаттама.
Білім беру мекемесінің толық атауы: «Ақтөбе облысы білім басқармасының Алға аудындық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
· БСН 970440001499 заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 2021 жылдың 11 қаңтарында берілген. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 1997 жыл 29 сәуір.
· Заңды мекен-жайы: 030211, Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Алға ауданы Самбай ауылы Ә.Молдағұлова көшесі-1А. Электрондық мекен-жайы: a.baitursinov_om@mail.ru, Телефон, факс: 8 (71337) 5-30-82.
· Мектептің техникалық паспорты 2013 жылы 25 шілдеде жасалған. Сериясы –А, қабат саны-2, құрылыс ауданы-1318,1, ғимараттың ауқымы-9227, жалпы алаң-1851,3, салынған жылы-1988 жыл (көшірме қосымша ұсынылады).
· «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 11.01.2021 жылы тіркеліп, Ақтөбе облысының әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №469 қаулысымен бекітілген (көшірме қосымша ұсынылады);
· «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ–нің басқару органы -«Ақтөбе облысының білім басқармасы»; Құрылтайшысы-«Ақтөбе облысының әкімдігі».
· Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш селолық округі әкімінің 2006 жылғы 21 қарашадағы № 15 шешімі негізінде тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі (жер учаскесінің алаңы – 1,5138 га) кадастрлық номері: 02-022-007-030 (көшірме қосымша ұсынылады).
· Мектептің білім беру қызметі ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің нормативті құжаттарына, ҚР БжҒМ нұсқаулық хаттары мен бұйрықтарына, ҚР орта жалпы білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік Ережелеріне, Мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылуда.
· Жалпы негізгі білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензия: 21 қаңтар 2021 жылғы №KZ251AA0009733, мерзімі– шектелмеген (көшірме қосымша ұсынылады).
· Мектептің қаржы-экономикалық жағы Аудандық білім бөлімінде орталықтандырылған. Мекеменің ағымдағы шоты, мөрі бар.
· «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мектепішілік тәртіп ережелері «Білім туралы» Заң, Жарғы және басқа да азаматтық қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық құжаттар негізінде құрылған.
Мектеп директоры Уразова Анар Сексенбайкызы 2014 жылы 8 тамызда Алға аудандық білім бөлімінің №1-69§2 бұйрығымен А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды. 2021 жылдың 5 қаңтарында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №1-1§29 бұйрығымен мектеп директоры қызметінде қалдырылды.
Мектеп Мемлекеттік аттестаттаудан 2014 жылы өтті. «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің 25 қараша 2014 жылығ №457-нқ бұйрығымен «аттестатталды».
Мектепте 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың бағдарламасы жоспарланған.
Бағдарламаның іске асыру 3 кезеңнен тұрады:
І кезең-2020-2021 жж.
Білім саласын дамыту бойынша негізгі шараларды іске асыру және білім беруді дамытудыңбасты міндеттерін қамтамасыз ететін кіші бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аясында МТБ-ны жаңарту;
ІІ кезең-2021-2023 жж.
- Білім беру жүйесін дамытудың инновациялық бағытын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;
- Жаңа білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу;
- Мектепте білім беру жүйесіне қосымша ресурстарды тартуға жағдай жасау.
ІІІ кезең – 2024-2025 жж.
Мектептің білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыру, жұмыс нәтижелерін жалпылау.
Мектептің өзекті мәселесі үш жылға арналған. Өзекті мәселе:«Жаңа технологияларды пайдалана отырып,саналы тәрбие,білім беру».
Мектептің өзекті мәселесі бойынша алға қойылған міндеттері:
ü ҚР жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын оқушыларға меңгерту;
ü Жеке оқушылардың шығармашылық,рухани және мәдени, сауықтыру және спорттық мүмкіндіктерін дамыту;
ü Отандық және жахандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу,қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихи әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу,мемлекеттік тілді және үш тілді саясатты меңгерту;
ü Оқушыларға жан-жақты еңбек пен жахандық деңгейлердегі қойылатын талаптарға сай сапалы білім беру;
ü Салауатты өмір ұстанымдарын дамыту,интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;
ü Оқушыларды ұлтжандылыққа,елжандылыққа,ұлттық тәрбие негізінде тәрбиелеу.
Істер номенклатурасы:1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі» (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 06 қазандағы № 271 бұйрығымен өзгерістер енгізілді)
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарының»;
3. Ақтөбе облысының білім басқармасының 2021 жылғы «18» наурыздағы №1 сараптау комиссиясының хаттамасымен келісілген«Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, жалпы білім беретін мекемелерқызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі» негізінде құрастырылды.
Білім мекемесінің іс қағаздары:
01-Басшылық және бақылау
02-Кадрлармен жұмыс
03-Оқушылармен жұмыс
04-Оқу бөлімі
05-Оқу-әдістемелік бөлімі
06-Оқу-тәрбие бөлімі
07-Психолог кабинеті
08-Кітапхана
09-Медициналық кабинеті
10-Шаруашылық бөлімі
11- Әлеуметтік педагогтың жұмысы
12 - Кәсіподақ комитеті.
Өзін-өзі бағалау кезінде номенклатураға құжаттар реті номенклатураға сәйкес жүргізілген,құжаттар реті номенклатураға сәйкес.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 34-1 тармақшасы негізінде «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңының 5-бабы 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкесҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» №192 бұйрығын орындау мақсатында мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрамы мектеп директорының 2020 жылы 18 тамыздағы №29-1 бұйрығымен 3 жылға құрылды. Кеңес құрамы хатшыны есептемегенде 7 адамнан тұрады.
Өзін-өзі бағалау тексеру парағы:
1) Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқару және ұйымдастыру оқу жылдарына арналған жұмыс жоспарларымен анықталған. Жұмыс жоспарлары тамыз айындағы педагогикалық кеңестерде талданып, бекітілген.
2017-2018 оқу жылында
Мақсаты: - Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау:
- Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектептің педагогика- психологиялық кеңістігінде баланың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалының дамуына ықпал жасау;
- Жеке тұлғаға бағытталған мектептің оқу- тәрбие үрдісінде жаңа технологиялар мен әдістерді бейімдеу және енгізу;
- Баланы жан-жақты мәдениетті, қазақ халық педагогикасы қағидаларына бағыттап, алдыңғы қатарлы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу;
- Ақпараттандыру құралдарын кеңінен қолдану.
Міндеттері: 
-Жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндігін және қызығушылығын ескере отырып толық , сапалы білім алуға жағдай жасау;
-Оқушының бойында адамгершілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық, өзін- өзі қадірлей алатын, өзіне талап қоя алатын қасиеттерге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
-Шығармашылық еңбек ететін мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін шығармашылық топтар, пән лабораториясын ұйымдастыру;
-Оқу- тәрбие үрдісіндегі диагностика мен мониторинг жүйесін жетілдіру;
-Оқушылардың жалпы мәдениеттілік бағытын күшейту;
-Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін анықтау.
Осы алға қойған мақсат, міндеттерді басшалыққа ала отырып, жұмыстандық.
Нәтижесінде: 1,2,5,7 сыныптардың жаңартылған мазмұнда білім алуына байланысты жылдың басында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Өткізген: мектеп үйлестірушісі Есетова Л.Д. Мектеп тренері тарих пәнінің мұғалімі Жайшылықова Сая Мақсатқызы «Сын тұрғысынан ойлаудың мәні, жаңа әдіс тәсілдер» тақырыбында семинар-коучинг өткізді.
Оқу жылында дарынды балалармен жоспарға сәйкес балалардың шығармашылық, өнерге, эстетикалық бейіміне байланысты жұмыстар жүргізілді. Атап айтатын болсақ, 1 оқушы шығармашылық көркемсурет байқауынан ІІ дәрежелі диплом, Халықаралық жас таланттар байқауынан 6 оқушы І, ІІ ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Халықаралық сурет және қолөнер байқауынан 2 оқушы І,ІІ орындарды иеленді. Республикалық «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі лауреат атағын 1 оқушы иеленді. Көркемсөз оқудан «О.Бөкей-тіл шебері» атты байқауда 1 оқушы аудандық деңгейде І орынды иеленді. «Ізтай оқулары» көркемсөз оқулары байқауында 2 оқушы қатысып, сертификаттармен марапатталды. 2 оқушы «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсына аудандық кезеңге 2 оқушы қатысып, 1 оқушы орыс тілі , 1 оқушы ағылшын пәндерінен сертификаттармен марапатталды.
2018-2019 оқу жылының мақсаты: адами капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Міндеттері:
· білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру;
· оқыту сапасын арттыру;
· сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру;
· қоғамдық сананы жаңғырту;
· функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Жыл бойы жүргізілген жұмыстар алға қойған мақсатқа бағытталды. Соның ішінде жас мамандарға әртүрлі практикумдарсұхбаттар, дөңгелек үстелдер мен сайыстар ұйымдастырылды. Осы оқу жылында жас маман химия пәнінің мұғалімі Кубдашев Асхат Ануарович химия пәнінен үштілділік бойынша В1, В2 деңгейін бітіріп, үштілділіктің элементтерін өз сабақтарында қолдана бастады. Пән мұғалімдері аудан, облыс бойынша іс-тәжірибе тарату мақсатында әдістемелік құралдар, электронды орталар құрастырды. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында сабақтарда сыни тұрғысынан ойлау технологияларын кеңінен пайдаланды.
2019-2020 оқу жылы
Мақсаты: оқу үрдісінде бейінді білім алуға бағытталған жұмыс жүйесін қалыптастыру, құзіретті тұлға тәрбиелеудің алғышарттарын құру, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері арқылы білім бәсекесіне қабілетті тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:

  • Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету.

  • Пән мұғалімдеріне оқу мен оқыту жаңа әдістемелерін қолдану және білім сапасының тиімділігін қолдану үшін жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларын енгізу.

  • Оқушылардың даму динамикасын байқайтын, әр оқытудың кезеңінде біліктіліктің деңгейін белгілейтін диагностикалық жүйесін әзірлеу. Оқушылардың өз бетімен білім алу және өзін-өзі дамыту дербестігін өркендету.

  • Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату;

  • Тәжірибе алмасу ортасын жоғары деңгейге көтеру;

  • Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курс бағдарламасын іске асыру;

  • Дарынды оқушылармен жұмыс сапасын арттыру.

  • Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; 

  • Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

  • Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мектептің тәрбие жүйесіне араластыру

Оқу жылында бейінді білім алуға бағытталған жұмыстар тамыз айынан бастап жүргізілді. 9-сыныпты бітіріп, 10-сыныпқа келетін оқушылардан сауалнамалар алынып, нәтижесінде оқу жоспарының тереңдетілген деңгейі бойынша физика мен биология пәндерін, стандартты деңгей бойынша құқық негіздері пәнін таңдады. Жылдық жоспарға сәйкес ашық сабақтар, апталықтар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып отырды. Математика пәнінен «Математика-ақыл-ой гимнастикасы» , химия пәнінен «Химия әлеміне саяхат» тақырыбындағы апталықтар жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар түрлі интернет олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстарға қатыстырылды. «Ақбота» интеллектуалды сайысына математика, жаратылыстану пәндерінен 3 оқушы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Кенгуру» интеллектуалды сайысына 3 оқушы жүлделі І орынды иеленсе, 3 оқушы ІІ орыға ие болды. Халықаралық «Пони» сайысына 1-сыныптан 5 оқушы қатысып, 1 оқушы жүлдегер атанды. 2-сынып бойынша 5 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі І орынды иеленді. 3-сынып бойынша 3 оқушы қатысып, 1 оқушы І орынды иеленді. 4-сынып бойынша 4 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлдегер атанды.
2020-2021 оқу жылында
Мақсаты:
- Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау:
- Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектептің педагогика- психологиялық кеңістігінде баланың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалының дамуына ықпал жасау;
- Жеке тұлғаға бағытталған мектептің оқу- тәрбие үрдісінде жаңа технологиялар мен әдістерді бейімдеу және енгізу;
- Баланы жан-жақты мәдениетті, қазақ халық педагогикасы қағидаларына бағыттап, алдыңғы қатарлы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу;
- Ақпараттандыру құралдарын кеңінен қолдану.
Міндеттері:
-Жеке тұлғаның қабілетін, мүмкіндігін және қызығушылығын ескере отырып толық , сапалы білім алуға жағдай жасау;
-Оқушының бойында адамгершілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық, өзін- өзі қадірлей алатын, өзіне талап қоя алатын қасиеттерге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
-Шығармашылық еңбек ететін мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін шығармашылық топтар, пән лабораториясын ұйымдастыру;
-Оқу- тәрбие үрдісіндегі диагностика мен мониторинг жүйесін жетілдіру;
-Оқушылардың жалпы мәдениеттілік бағытын күшейту;
-Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін анықтау.
2020-2021 оқу жылында зерттеу сабақтарын жүргізу жоспар бойынша жүргізілді. Зерттеу топтары құрылды. Оқушылар таңдалып, зерттелді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде кей сыныптарда білім сапасы артты. Мысалы, 2019-2020 оқу жылында 9-сыныптың білім сапасы 25% болса, 10-сыныпта білім сапасы 66,7 %-ға көтерілді. 8-сыныпта білім сапасы 33,3% болса, 9-шы сыныпты аяқтағанда 36,4% болды.7-сынып оқушыларының білім сапасы 40%-дан 42,9%-ға көтерілді. 5-сынып оқушыларының білім сапасы 56,3%-дан 64,7%-ға көтерілді. 4-сынып оқушыларының білім сапасы 72,7%-дан 81,8%-ға көтерілді. Бұның барлығы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Сонымен қатар, оқушыларымыз шығармашылық және интеллектуалдық конкурстардан жеткілікті орындарға ие болды. Негізгі математика, қазақ тілі,жаратылыстану пәндері бойынша өткен «Ақ бота» ителлектуалды марафонына белсене қатысып, 13 оқушы II, III дәрежелі дипломның иегерлері атанды. Қыркүйек айының 25 жұлдызында жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты III республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кееңі бойынша «Менің туған өлкем» номинациясына белсене қатысып, ұшқыр қиялы мен терең білімін көрсете білгені үшін 9-сынып оқушысы Шаукебай Ару жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі- Жайшылықова С.М.
"Ақтөбе-Дарын" ӨҒҚББТ орталығы ұйымдастырған 2021жылғы 18 қаңтарда ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткен 5-6 сынып оқушылары арасында өткен облыстық кешенді олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебіміздің 5,6 сынып оқушылары Аманғосов Данияр (6-кл)-ағылшын тілі мен информатика пәндері бойынша жүлделі I орынды қанжығасына байласа, Жақсылық Анель (5-кл)- ағылшын тілі бойынша жүлделі I орын, информатика пәнінен жүлделі I орынды иеленді. Жетекшілері: Турлыбаева Г.Ш., Шаукебаева И.А., Карабекова Г.Қ.
"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТҚББ орталығының ұйымдастыруымен бастауыш класс оқушылары арасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту мақсатында 4- класс оқушылары үшін 2020 жылдың 11-қарашасы күні өткен облыстық "Кішкентай білгірлер" атты интеллектуалдық олимпиаданың аудандық кезеңінде жүйрік ойлары мен алғырлықтарын көрсеткен 4-класс «Ұшқын» тобы жүлделі II орынды қанжығаларына байлады. Топ мүшелері: Уразгалиева Н.,Арстанғали Ә., Қанатбаев Ә., Қаршыға Б. Жетекшілері:Кныкова Н.А.
2020 жылдың қараша айында өткен «Пони-әлемді ашады» халықаралық интеллектуалды сайысына даярлық доп, 2-4 сынып оқушылар қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне (аудандық) қатысуға мектепішілік кезең қорытындысы бойынша 8 оқушы жолдама алып, ақпан айының 8-11 аралығында ІІ кезеңіне (аудандық) қатысты. Қорытындысы бойынша:
1.Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Тлектесова Диляра 10-кл III орын Жетекшісі:Шаукебаева А.С.
2.Құқық пәні бойынша Елемес Ермахан 10-кл III орын. Жетекшісі: Жайшылықова С.М.
3.Қазақстан тарихы пәні бойынша Орынбасар Шернияз 9-кл III орынды қанжығаларына байлады. Жетекшісі: Жетенова А.Ж.
Диполом «BilgenBaige» ұлттық білім сайсының 4-ші Республикалық кезeңінде «Білімді» атағын (2-орын) иеленгені үшін 4-сынып оқушысы Қаршыға Бимырзаға берілді.
«Ұшқыр ой алаңы» мәдени-білім беру аяснда «Болашақ және жастар» атты аудан мектептері арасында аудандық пікірсайыс турнирінде «Дебаттық креатив» номинациясы бойынша Дипломды ораторлар Бектібаeва Амина, Шаукебай Ару иеленді.
Жалпы білім беретін мектептер арасында 7-8 класс оқушыларына арналған облыстық ауызша олимпиадасында география пәнінен жоғары білім көрсекені үшін 8-класс оқушысы Темірғали Сабиназ маратталды 3 орын . Жетекшісі: Базаргалиева А.А.
Сонымен қатар осы олимпиадада физика панинен Елемесова Альбина 7-сынып. 3-орын Жетекшіс: Конысбаева А.А., химия пәнінен Өмірбекова Даяна Алғас хатпен марапатталды.Жетекшісі: Даулетова Л.Б.
«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББ бастауыш сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» атты математикалық құрама-топтық олимпиадасының аудандық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткендер үшін «Ахимед ізбасарлары» Бауыржан Мағжан, Сәрсенова Іңкәр, Қанатбаев Әбурахман топ құрамы жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Кныкова Н.А.
Орыс тілі пәні бойынша Халықаралық «Русский медвежонок-языкознание для всех» атты сайысында 8 оқушы жүлдегер атанды.
2021-2022 оқу жылында
Мақсаты: білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.
Міндеттер:
1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай білім беру мен тәрбие мазмұнының сапасын арттыру.
2. Білім алушылардың білімін толықтыру.
3. Оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру.
4. Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету.
5. Цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.
6. Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.
7. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.
2) Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі. Бағалаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі;
2017-2018,2018-2019,2019-2020,2020-2021,2021-2022 жұмыс оқу жоспарлары тексерілді.
2017-2018 оқу жылында 1,2-сыныптар ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 үлгілік оқу жоспарының 1-қосымшасы;
- 3-4,6,8-11-сыныптар ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, алпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің» үлгілік оқу жоспары;
- 5,7-сыныптар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 18 тамыздағы №422 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалаы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары»;
- «2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хат, Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017.-368 б (2017 жылғы 21 сәуірдегі №5 хаттама) басшылыққа алынды.
2018-2019 оқу жылында 1,2,3-сыныптар ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 үлгілік оқу жоспарының 1-қосымшасы;
- 4,9,10-11-сыныптар ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, алпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің» үлгілік оқу жоспары;
- 5,6,7,8-сыныптар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 18 тамыздағы №422 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалаы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары»;
- «2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хат, Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018.-372 б (2018 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттама) басшылыққа алынды.
2019-2020 оқу жылында 1-4-сыныптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 үлгілік оқу жоспары;

  • 5-9-сыныптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 үлгілік оқу жоспары;

  • 10-сынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8

қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы
орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) үлгілік оқу
жоспары;

  • 11-сынып ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 үлгілік оқу жоспары;

  • «2019-2020 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хат, Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019.-440 б (2019 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттама) басшылыққа алынды.

2020-2021 оқу жылында 1-4-сыныптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 17 тамыздағы №350 үлгілік оқу жоспарының 6- қосымшасы;

  • 5-9-сыныптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 17 тамыздағы №350 үлгілік оқу жоспарының 16- қосымшасы;

  • 10-11-сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 17 тамыздағы №350 үлгілік оқу жоспарының 120- қосымшасы;

  • Инклюзивті оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 17 тамыздағы №350 үлгілік оқу жоспарының 19- қосымшасы;

  • Үйден оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына» өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 17 тамыздағы №350 үлгілік оқу жоспарының 73- қосымшасы.

  • «2020-2021 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хат, Нұр-Сұлтан қ.:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2020.-331 б басшылыққа алынды.

2021-2022 оқу жылында 1-4 сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығының 1-қосымшасы;

  • 5-9 сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығының 6-қосымшасы;

  • 10-сынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығының 31-қосымшасы;

  •  11-сынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы
    № 125 бұйрығының 22-қосымшасы, 

  • Инклюзивті оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
    2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы 19-қосымшасы;

  • Үйден оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы 73-қосымшасы.

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
2017-2018 оқу жылында 1-2 сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және ҚР Білім және ғылым министрінің 8 сәуір 2016 жылғы №266 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасымен» күнтізбелік жоспар құрылып, пәндер бойынша базалық мазмұн игерілді.
3,4,6,8-11 - сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылды.
6,8,9 –сыныптар «Қазақстан тарихы» пәнін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығының 2-қосымшасымен оқытылды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптағы Қазақстан тарихы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығының 5-қосымшасымен, қазақ тілі 4-қосымшасымен, «Адам.Қоғам.Құқық» 6-қосымшасымен оқытылды.
5,7-сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылды.
2018-2019 оқу жылында 1,2,3 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және ҚР Білім және ғылым министрінің 8 сәуір 2016 жылғы №266 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасымен» күнтізбелік жоспар құрылып, пәндер бойынша базалық мазмұн игерілді.
4,9,10-11 - сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылды.
6,8,9 –сыныптар «Қазақстан тарихы» пәнін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығының 2-қосымшасымен оқытылды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптағы Қазақстан тарихы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығының 5-қосымшасымен, қазақ тілі 4-қосымшасымен, «Адам.Қоғам.Құқық» 6-қосымшасымен оқытылды.
5,6,7,8-сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылды.
2019-2020 оқу жылында 1-4 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылды.
11 - сынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылды.
5 - 9 –сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бағдарламамен оқытылды.
10-сынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына оқу бағдарламаларымен оқытылды.
Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндері 5-9 сыныптарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде оқытылды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығы, 9,10-сыныптардағы құқық негіздері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығы негізінде оқытылды. 
2020-2021 оқу жылында 1-4 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылды.
5 - 9 –сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бағдарламамен оқытылды.
10-11-сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына оқу бағдарламаларымен оқытылды.
Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндері 5-9 сыныптарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде оқытылды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптардағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығы, 9,10,11-сыныптардағы құқық негіздері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығы негізінде оқытылды. 
2021-2022 оқу жылында 1-4 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылуда. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілген).
5 - 9 –сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бағдарламамен оқытылады.
10- сынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына оқу бағдарламаларымен оқытылады.
11-сынып Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндері 5-9 сыныптарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде оқытылды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптардағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығы, 9,10,11-сыныптардағы құқық негіздері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығы негізінде оқытылады. 
Жаратылыстану-математика бағытындағы дүниежүзі тарихы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығын басшылыққа ала отырып, жүзеге асырылуда.
4) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);
Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебіндегі тәрбие ісі жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне» басшылыққа алынып жасалған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған. 
«Туған жер» бағдарламасы өзеліне, өз ауылына, өз қаласына деген махаббаты, жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.
Аталған бағдарлама «Рухани жаңғыру» жалпы сана – сезімін қалыптастыру бағдарламасының ең негізгіэлементі болып табылады.
Жалпы, «Туғанжер» бағдарламасы тек ауыл-аймақты дамыту меншектеліп қалмайтын жоба екенін түсінуіміз керек. Бағдарламаның ауқымы әлдеқайда кең және мақсаты да ұлттың рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған.
Ең алдымен бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегітарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. 
2017 – 2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.Қазақстан Республикасының Конституциясында (12, 27, 28, 29, 30- баптарда), «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарында және т.б. маңызды құжаттар мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы қараша айында бекітілген «Қазақстан Республикасы Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын,Ақтөбе облысында тәрбие жұмыстарының 2013-2020 жылдарға арналған Бағыт – бағдарламаның концепция мен төлқұжатын басшылыққа ала отырып құрылды.
Бағдарламаның мақсаты - жастар мен балалардың рухани - адамгершілік тұрғысынан қалыптастыру, оларды өз бетінше өмір сүруге дайындау қоғам мен мемлекет дамуының алғы шарттары болып табылады.
Бағдарламаның негізгі ережелерін жүзеге асыру Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің инновациялық даму механизмін құруға мүмкіндік береді және адамгершілікті, азаматтылықты, патриоттылықты, әлеуметтік белсенділікті, шығармашылық шеберлікті, қазақстандық өскелең ұрпақтарының бойында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағыттайды.
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері: 
1. Жаңа демократиялық қоғам да өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту. 
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен
психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін
факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін
кеңістік орнату.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола
отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылыөтті. ҚР үздіксіз білім беру
жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізінде тоғыз бағыты : 
Ø Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Ø Ұлттықтәрбие
Ø Отбасытәрбиесі
Ø Рухани-адамгершіліктәрбие (Діни тәрбие. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет)
Ø Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Ø Қоршаған ортаны, өзін – өзі оңтайлы қабылдауы, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу
Ø Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Ø Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Ø Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
«Ұлттық құндылықтарды бойына жинаған шығармашыл, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету» мақсатында жасалынып бекітілді. Тәрбиенің кешенді бағыттары мектепішілік, мектептен тыс шаралардың, үйірмелердің , балалар ұйымының жұмысы, ҚР-ның рәміздерін оқып, тану, қолдану, насихаттау жұмыстары, ата-аналармен жұмыс, класс жетекшілер отырыстары, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жұмысын ұйымдастыру және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу,Діни экстремизмнің алдын-алу «Тәртіп сақшылыр »тобының жұмысы, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының, «Тоғжан» қыздар клубының жұмыстар жүйесімен ерекшеленеді.
Мектебімізде тәрбие ісі жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне» басшылыққа алынып жасалған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел»- жалпы ұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары , сондай – ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
«Туған жер» бағдарламасы білім, экология және абаттандыру, өңір тарихын зерделеу, жергілікті деңгейдегі мәдени - тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілерді қалпына келтіру саласындағы маңызды өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған. Аталған бағдарлама «Рухани жаңғыру» жалпы сана сезімін қалыптастыру бағдарламасының ең негізгі элементі болып табылады.
2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конститутциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конститутциясында (12, 27, 28,29,30 баптарында) «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестік туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы», Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы», Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарында және т.б. маңызды құжаттар мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы қараша айында бекітілген «Қазақстан Республикасы Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Ақтөбе облысында тәрбие жұмысының 2013-2020 жылдарға арналған Бағыт – бағдарламаның концепция мен төлқұжатын басшылыққа ала отырып құрылды.
Бағдарламаның мақсаты: жастармен балалардың рухани – адамгершілік тұрғысынан қалыптастыру, оларды өз бетінше өмір сүруге дайындау қоғам мен мемлекет дамуының алғышарттары болып табылады.
Өзекті мәселесі: Білім алушылардың тәрбиесіндегі жаңа заман талабына сай, өмірдің ағымдағы мәселелерін шешуге қабілетті тұлға, Қазақстан Республикасының патриоты ретінде қалыптасуы мен өзін өзі дамуына мүмкіндік туғызатын «Мәңгілік Елдің» азаматын тәрбиелеу.
Мақсаты: Үздіксіз білім беру жүйесіндегі жаңа заман талабына сай қабілетті тұлға мен Қазақстан Республикасының патриотын, өзін – өзі дамуына мүмкіндік туғызатын «Мәңгілік Елдің» азаматын тәрбиелеу үшін жағдай жасау.
Міндеттері:

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет