Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



бет81/89
Дата23.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#487655
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   89
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

VI ТАРАУ
АЙТЫС ӨЛЕҢДЕРІ
Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының жасаған ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы – айтыс өлеңдері.
Қазақтың айтыс өлеңдері жайында үлкенді-кішілі зерттеу еңбектер жазған С.Мұқанов, М.Әуезов, Е.Исмайылов, Х.Жұмалиев, Т.Нұртазин 228тағы басқалардың айтуына қарағанда, «айтыс» деген сөз бірнеше мағынада қолданылған. Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған. Және де «айтыс» қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиет көлеміне енетіндері және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да – осы өлең түрінде айтылған айтыстар.
Белинскийдің жоғарыда келтірілген пікіріне сүйенген және оны қуаттаған қазақ әдебиетшілері, айтыс өлеңдері халықтың жазу өнері болмаған кезінде туғандығын дәлелдей түседі. «Бір кезде көшпелі тұрмыс құрған елдердің, - дейді Сәбит Мұқанов «айтыс» туралы жазған еңбегінде, - сауаты аз болды, оқуы, мектебі жоқтың қасы еді; мектебі, оқуы жоқ елде ақынның күші аузына түсіп, басқа жанрлар сықылды, «айтыс» жанрын ауызша тудырды, ауызша айту жолымен өркендетті».
Демек, қазақтың айтыс өлеңдері халықтың қоғамдық өміріне, тұрмыс тіршілігіне байланысты және жазу өнері болмаған кезінде туып, қалыптасқан. Оны тудырғандар да, дамытқан да ақындар болған. Бұл жағдай тек қазақта ғана емес, ол қазақпен ағайындас және бір кезде тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түрікпен, қарақалпақ т.б. халықтарда да «айтыс» болған.
Айтыстың түрлері
Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы. Бұл соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады.
Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жерінде, ойын-сауық үстінде шығарылған. Оларды шығарушы да ақындар болған. Бұл айтыстар жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері болғандықтан да өзіне тән ерекшеліктері барлығын көрсетеді. Ең алдымен, ол ойын-сауық ретінде, халықты көңілдендіру, күлдіру негізінде туғандығын аңғартады. Өлеңі жұрттың жаттап алып, айта беруіне лайықталған болады. Мұнда нағыз ақындар айтысындағыдай тыңнан қозғалатын күрделі әңгімелер, оқыстан туған оқиғалар, буырқанып-бұрсанып шығатын сөз саптасы кездеспейді. Көбінесе жеңіл-желпі айтылған әзіл-оспақ түрінде болып отырады. Екіншіден, бұл айтыстарда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған әр түрлі ұғым, түсініктер араласа жүреді.
Бұл айтылғандар тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып салтқа байланысты туған айтыс өлеңдерінің кемшілігі емес. Ол – айтыс өлеңдерінің қалай туып, алғашқы қалыптасу ретінде нені сөз еткендігін аңғартатын ерекшеліктері болуға тиісті. Және осы айтыстар кейіннен үлкен айтыс өлеңдерінің, яғни ақындар айтысының шығуына негіз салды, соның бастамасы болды деп түсінеміз.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде бастылары: «жар-жар», «бәдік айтысы», «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы». Бұларды талдағанда «жар-жар» мен «бәдік» айтысына тоқталып жатпаймыз. Өйткені ол екеуін осы кітаптың алғашқы тарауында қарастырғанбыз. Бұл арада, қайталау түрінде, «жар-жар» мен «бәдік»- айтыс өлеңдерінің ең ескі алғашқы үлгілерінен саналатындығын ескертпекпіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет