Мәліметтер базасы бойынша практикалық сабаққа тапсырмалар


Кестелер құру Өрістер атауы мен типі таңдалынады



бет3/3
Дата30.04.2024
өлшемі1.77 Mb.
#500171
түріСабақ
1   2   3
Мәліметтер базасы бойынша практикалық сабаққа тапсырмалар 2

Кестелер құру Өрістер атауы мен типі таңдалынады.


Жазба толтырылады.

Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың 3 тәсілі бар:


- Автоформа.
- Формалар шебері.
- Қолдан құру.
Осы кесте негізінде форма құру үшін Создание мәзірінен Форма батырмасын басу жеткілікті:
Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.
Access – те сұраныс құруға арналған құрал ( ішкі программа ) да сұраныс деп аталады.
Сұранысты өрістерін сортталғантүрде дайындау және оның сандық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өндеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.
Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар:
· Фильтрлеу.
· Қарапайым сұраныс шебері.
· Сұраныстар конструкторы.
Қарапайым сұраныс – кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте.
Сұраныс шеберінің көмегімен қарапайым сұраныс құруға болады. Мысалы негізгі кестеден информатика мамандығы бойынша оқитын студенттер тізімін бөліп алу қажет. Ол үшін Создание мәзірінен Мастер запросов батырмасын басып, Простой запрос батырмасын басып, ашылған терезеден қажетті өрістерді таңдау қажет: 
Ашылған терезеден Простой запрос таңдап аламыз. Келесі қадамда бізге қажет бағаналарды таңдап аламыз:

16.7-сурет. Өрістерді таңдау
Келесі қадамда Далее-Готово батырмасын басу қажет.

16.8-сурет. Тізімді шығару
Оқыту бөлімі бағанына барып, грант жазбасына жалауша қою қажет:

16.9-сурет. Қажет жазбаны таңдау
Осы қадамдарды орындағаннан соң, ОК батырмасын басқанда бізге қажет грантта оқитын студенттердің тізімі шығады:

16.10-сурет.Сұраныс нәтижесі.
Өз бетінше мына тапсырмаларды орындау қажет:
1. Ақылы бөлімде оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
2. 5-пен оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар
3. Ақылы күндізгі бөлімде оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
4. Математика мамандығында оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
5. Информатика мамандығында оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
MS Access 2007 бағдарламасында келесі кестелерді құрыңыздар:
1. Мектептегі бір сыныптың мәліметтер қорын құрыңыздар
2. Кафедра оқытушыларының мәліметтер қорын құрыңыздар
3. Банк қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
4. Кітапхана қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
5. Дүкен қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
6. Қаладағы кинотеатр желілерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
7. Сатылатын пәтерлердің мәліметтер қорын құрыңыздар
8. Сатылатын автомобильдердің мәліметтер қорын құрыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет