2 Мәліметтер базасын құру және қосымшаларды өңдеу
2.1 С++ Buildеr ортасымен танысу
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Казіргі кезде олар процедуралык, логикалық және объектілі - бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі ("классикалық") процедуралық программалау тілдері — Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер — ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдыктауды тиімді дайындауга қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыкқа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде кұрылған программалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Объектіге багдарлы оқиғалы программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. C++- жалпы қолданыста компиляцияланатын, қатаң типке келтіретін программалау тілі. Ол программалаудың түрлі парадигмаларын( жалпылама, функциональдық) қолдайды, соның ішінде программалық жабдықтама қолдануға аса көңіл бөлінген.[1]
"C++" аты C- дан шыққан, ал ''++" ауыспалы инкрементті білдіреді.1900 жылдары бұл тіл жалпы қолданыста кеңірек қолданылатын программалау тіліне айналды.
C++- ті ойлап табу кезінде С тілімен ұқсастығын сақтауға тырысты.С-да жазылған көптеген программалар C++" компиляторымен де жұмыс істейтіндей болды. C++ синтаксисі С тілінің синтаксисіне негізделген.
С++ Builder тілі бағытталған визуалды программалау жүйесі болып табылады.Ол бастапқыда Borland Software компаниясымен әзірленді, содан кейін оның бөлімшесі CodeGear одан әрі жалғастырды , ал қазір компания Embarcadero Technologies-қа тиесілі болып табылады.
Бастапқыда тек платформа Microsoft Windows үшін құрылған . Кросс-платформалы компонентті кітапхана Borland, қолдау мен Windows, және Linux бар кейінірек нұсқалары пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |