Мемлекет өз міндеттемелерін орындайды ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченконың



жүктеу 65.32 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі65.32 Kb.
МЕМЛЕКЕТ ӨЗ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАЙДЫ

 Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченконың «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбаты (2009 жылғы 8 ақпан)


Аптаның басты қаржы жа­ңа­лықтары – теңгенің девальвациясы және бастапқы төрттіктегі екі банк­тегі мемлекет үлесінің ұлғаюы бол­ды. Көптеген адамдар қазір ең алды­мен депозиттегі, жалақыдағы өз тәуе­келдерін бағалай отырып, девальва­ция салдарына микродең­гей­де қарап отыр. Сірә, олар 4 ақ­панда атап көр­сетілген цифрларға назар аудармаса керек. Ал цифрлар өткен жылдың төртінші тоқса­нын­да және 2009 жылдың қаңтарында Ұлттық банк теңгені қолдау үшін алтын-валюта резервтерінен 6 миллиард доллар жұмсағанын, яғни елдің стратегиялық қоры 6 мил­лиард долларға азайғанын айтады. Теңгені одан әрі де қолдау саясаты қандай макроэкономикалық тәуе­келдерге апарар еді?

– Иә, макроэкономикалық мә­селелер туралы Ұлттық банк және Үкімет ойлануы тиіс. Біз ол үшін жауап береміз, ал халық өз мүддесі өз отбасының мүддесі туралы ой­лайды, ал бұл жерде микро­эко­но­микадан теріс айналып кете алмай­сың. Біз көп жыл бойы, (мен Ұлт­тық банк төрағасы лауазымын ал­ғаш атқарған кезде және менен кейін Әнуар Сәйденов және Ұлт­тық банктің барлық басшылары) соңғы он жылда бір жәйтті талай қайталап айттық. Қаражатты екі немесе үш “себетте” ұстап, оның ішінде кемінде 50%-ын теңгемен, ал қалғанын кім қалай ұнатады, кім қайда барады және қаражатты қандай валютамен жұмсайды соған байланысты екі немесе үш валю­таға бөліп салу қажет. Сондықтан осы ұсынысты ұстанғандар шын мәнінде ештеңе жоғалтқан жоқ. Се­бебі теңге долларға қатысты ны­ғай­ған 2003 жылдан 2007 жылдың ортасына дейінгі 4 жыл ішінде де­позит портфелінің теңгедегі құрам­дас бөлігі ұтты. Одан кейін екі жыл курс тұрақты тұрып, шамамен 120 теңге болды. Енді теңге долларға қа­тысты құнсызданған кезде порт­фельдің валюталық құрамдас бөлігі ұтады. Сондықтан, ақшаны әртүрлі валютада (немесе өзіміз айтқандай, түрлі “себетте”) ұстаған адамдар осы кезең бойы ештеңе жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар, егер “ұзақ” депозиттер, “ұзақ” (ұзақ мерзімді) кредиттер туралы айтатын болсақ, қазір адамдар міне, менде үш жыл­дық депозит бар еді, сендер құн­сыз­дандырып отырсыңдар дейді! Егер мұнай мен металл бағалары өсетін болса, онда теңгенің дол­лар­ға қатысты бағамының бір-бір жарым жылдан кейін айтарлықтай нығаюы мүмкін. Сонда бәрі де өз орнына келеді. Доллармен берілген “ұзақ” ипотекалық кредиттерге келер болсақ, 2005, 2006 жылдары, 2007 жылдың басында адамдардың көпшілігі оларды теңгенің долларға қатысты нығайғанын көргендіктен және доллармен берілетін кредит­тер­ді алу қолайлы болатындықтан алды. Енді теңге долларға қатысты 25% құлдырады, егер бір дәліздің ортасына қатысты басқа дәліздің ортасын алатын болсақ, үш жылдан кейін жағдайдың тағы да өзгеруі мүмкін. Сондықтан бір сәттік кө­ңіл-күйді немесе жекелеген БАҚ-тар­дағы дақпыртты жарияланым­дар­ды басшылыққа алудың орнына жақсылап ойлану керек. Адам­дар­дың көпшілігі дәл қазір ештеңе жасамау керектігін түсінді.

Біз бағамның бір деңгейінен екін­шісіне өттік. Бағам осы дең­гей­де айтарлықтай ұзақ сақталады. Жұма күні (7 ақпанда) биржадағы бағам бір доллар үшін 149,54 теңге болды, ал банкаралық рынок 149-дан төмен деңгейде жабылды. Со­ны­мен бірге Ұлттық банк аздап валюта сатып алды, яғни жұма күні нығаю басталды. Неге? Себебі, құн­сыздану күтіліп отырғандықтан көп­теген кәсіпорындар қараша-жел­тоқсанның өзінде-ақ долларды жап­пай сатып ала бастады. Нәтиже­сін­де, көпшілігі тауарды доллармен са­тып алды, және енді теңгемен есеп айырысып, теңгемен салық төлеу үшін олар валютаны сата бастайды.
Сіз атап өткен дақпыртты жа­рияланымдар мәселесіне келсек. Қазір интернетте әр түрлі пікірлер пай­да болды, осындай соңғы сыбыс­тар­дың бірі жақында барлық де­позиттерге “құлып” салынады және банкноттар ауыстырылады дегенге саяды. Тіпті 10 ақпан деп нақты күні де аталды.

– Біз қазір интернеттегі ең орын­сыз, қисынсыз идеяларды жи­найтын болдық. Шынында 10 ақ­панда ұлттық валюта банкноттары айырбасталады дегенді мен де оқы­дым. Жаңа банкнотты енгізу үшін бір жарым жыл керек дегенді талай айттым. Ұлттық банк төрағасы ретінде мен бірдеңе білетін шы­ғар­мын. Оның үстіне онда менің қо­лым болуы тиіс. Мәселе былай: бұл сияқты ешқандай жоспар жоқ. 2006 жылы енгізілген банкноттар қызмет көрсетіп тұр. Ортақ принцип сол бая­ғы біреу – қандай да бір қор­ғаныш элементін қосу, енді бірін алып тастау үшін 5-7 жыл уақыт қа­жет. Жақын жылдары ауыс­ты­руды да, қайта номинациялауды да жоспарлап отырған жоқпыз.

Депозиттерді тоқтату туралы мәселеге қатысты айтарым – бұл барып тұрған сандырақ. Мемлекет құрамына енген банктердің клиент­тері­не салықтық тексерулер, тағы басқалар болады-мыс дейді... Сы­быс­тың бір бөлігі саналы түрде тара­тылады және жекелеген БАҚ-тардың кімдерге тиесілі екені және осындай сыбыстарды тарататын “талдаушыларды” кімдердің қолдап отырғаны біздерге түсінікті. Іс жү­зін­де мемлекеттің екі ірі банк құрамына енуі жағдайды объективті түрде жақсартты, банктердің са­лым­шылары мен клиенттерінің уайымдамауларына болады, біз де бұл орайда алаңсызбыз. Оның сыр­тында біз, Ұлттық банк, қол жет­кізген уағдаластықтар шеңберінде осы банктерді қысқа мерзімді өтім­діліктер бойынша қолдау жөнінен міндеттеме алдық. Біз өз міндет­темемізді орындайтын боламыз.

Осы екі ірі банкпен мәселені ше­шіп алмай тұрып қаражатты эко­номиканың нақты секторына жет­кізу жөнінде іс-әрекет жасауға да (әңгіме өте көп, бірнеше миллиард доллар­мен бағаланатын ақша тура­лы болып отыр), сол сияқты де­вальвацияны жүргізуге де бол­май­тын еді.


Григорий Александрович, “Тұран Әлем” банкті сатып алуға Ресей Жинақ банкі мен Еуразия бан­кі мүдделі болып отыр деген хабар пайда болды. Әңгіме жақын уақыт­тағы мәміле туралы ма, әлде стра­тегиялық инвесторды таңдау үшін ұзақ келіссөздер талап етіле ме?

– Әрине, келіссөзді “Самұрық-Қазына” қоры жүргізетін болады, себебі қор басты акционер болып табылады (қосымша капиталдан­ды­ру нәтижесінде), онда акциялардың 78%-дан астамы бар. Бірақ, жалпы құрылым басқа ірі банктердегі сияқ­ты болуы тиіс, яғни “Самұ­рық-Қазынада” акциялардың небәрі 25%-ы қалуы тиіс. Олар үлкен, бірақ портфельдік инвестор болады. Яғни, оларда “тоқтатқыш” пакеттер де болмайды, бұл жағдайда 53,14% болатын бақылау пакетін страте­гиялық инвестор сатып алуы тиіс. Бұл Жинақ банкі немесе Еуразия банкі, не қандай да бір басқа топ бола ма (бұл келіссөздер мәселесі), кімнің жақсы талаптар ұсынарын уақытында көреміз. Басқа инвестор неғұрлым жылдам келсе, мемлекет­тің бұл банкті бақылауға мүдделі болмағаны да соғұрлым тезірек ай­қындала түседі. Басып алу, рей­дерлік туралы көп әңгіме болды, бұл әңгімелерді кім шығарып отыр­ғаны да түсінікті. Бірақ мұнда ондай ештеңе болған жоқ. Қаржы институтының, оның үстіне елдегі ең ірі банктің қалай жұмыс істей­тініне қарау қажет. Оның жағдайы­ның нашарлап кетуіне ешкім де жол бермейді, банк төлемдер жа­сап, өз салымшылары, клиенттері алдындағы міндеттемелерін орын­дауы тиіс. Сол үшін де мемлекеттің араласуы қажет болды. Бұл, бірін­шіден, мәжбүрлі қадам болды. Екін­шіден, ол уақытша қадам болып табылады. Оның сыртында (мен бұл туралы баспасөз конфе­рен­циясында айттым), егер Әбіл­әзов мырза өз әріптестерімен осы бір миллиард екі жүз миллион дол­лардан астам соманы жинаса, және ол ақша заңды болса, ол заңды түрде 53,14%-ды сатып алады. Онда ол осы банктің стратегиялық ин­весторы болады. Мұндай нұсқаны да қарастыруға болады. Бұл ретте ол өзін барлық жерде банктің иесі ретінде көрсетеді.

Соңғы уақыттары іскерлік белсенділікті ынталандыру қажеттігі туралы өте көп айтылды. ХВҚ-ның таяудағы есебінде де алдағы кезеңде Ұлттық банктің қайта қаржы­лан­дыру ставкасын абайлап төмендету үшін мүмкіндіктің бар екендігі айтылды, бұл іс жүзінде кредиттер бойынша да ставкаларды төмен­де­ту­ге әкелуі тиіс. Сіз 5 ақпаннан бастап қайта қаржыландыру ставкасы 10%-дан 9,5%-ға дейін төмендейтінін жария еттіңіз. Сіз банктердегі кредиттік ресурстар арзандайды деп күтесіз бе?

– Негізгі арзандау (қазір сол бас­талып та кетті) мемлекеттің қара­жатты беруі есебінен өтуде. Бұл цифрлар жария етілді. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) кредиттеу бойынша ставка 12-12,5% болады. Яғни, ШОБ үшін ставкаларға қара­ғанда 4-5% төмен. Алайда, арзандау неғұрлым арзан мемлекеттік қаражатты берудің арқасында орын алып отыр.

Дәл осы жағдай ипотекаға да қатысты. Ипотеканы қайта қаржы­лан­дыруға қатысты тұтастай бағ­дар­лама болады. Қазіргі уақытта дол­лармен ипотекалық кредит алған­дардың девальвациядан зардап шеккендігі туралы әңгімелер өте көп, дегенмен, қайта қаржылан­ды­ру бағдарламасы ауыртпалықты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік жасайды. Мен мұны өтемақы дей алмаймын, бірақ бұл ипотекалық кредиттері бар заемшыларға көмек болады.

Сондықтан ставкалар негізінен қайта қаржыландыру ставкасының төмендеуі арқылы төмендемейді, дегенмен, белгі ретінде бұл да ма­ңызды және біз дәл осы белгіні бе­ріп отырмыз. Бұл осымен бірнеше айдағы екінші төмендеу. Біз став­каларды төмендету қажеттігі туралы белгі береміз, себебі, инфляция деңгейі төмендеуде. Қаңтар айында Қазақстанда бүкіл біздің тарихы­мызда инфляцияның рекордтық төмен деңгейі белгіленді.


Григорий Александрович, сіздің Қазақстандағы жинақтаушы зей­нетақы жүйесінің идеологтары­ның және құрушыларының бірі бо­луыңызға байланысты, аса маңызды инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу үшін Үкіметтің зейнетақы активтерін тарту туралы шешіміне қатысты пікіріңізді білгіміз келеді.

– Соңғы бірнеше жылда біз жақсы инвестициялық жобалардың жетіспеушілігін анық көріп отыр­мыз. Екінші жағынан, инфрақұры­лым­дық жобаларға инвестициялар­дың жетіспеушілігі де көрінуде. Еліміздің түрлі аймақтарының өз­ара жақсы байланысуы үшін жол­дарды да, темір жолды да нақты са­луы­мыз керектігі түсінікті. Бұл суды тазарту және басқа да көп­теген мәселелерге қатысты.



Бұл өте дұрыс, өйткені, инфра­құрылымдық жобалар ұзақ мерзімді және зейнетақы ақшасы да ұзақ мерзімді. Сондықтан да зейнетақы жүйесін, оның іс-әрекетін 30-40 жыл бойы бағалау қажет екендігін түсіну керек. Девальвацияның не­месе қандай да болмасын үдеріс­тер­дің әсеріне келсек, жасы жет­кенде адамның қанша зейнетақы алатынына қарау керек. 30-ға кел­ген адамның, мысалы, бір жылды бағалай отырып зейнетке шыққан­да ештеңе алмаймын деп пайым­дауы, біріншіден, сауатсыздық. Екіншіден, адамдар мемлекеттік кепілдіктің бар екендігін және олар өз салымдарына қоса инфляцияға орай жинақталған түзету сомасын алатынын түсінуі тиіс, яғни, нақты алғанда адамдар кез келген жағ­дай­да да ұтылмайды. Сондықтан зей­нет­ақы қорларының қаражаты (бюджет қаражатымен және басқа ин­весторлардың қаражатымен қа­тар) тартылатын инфрақұры­лым­дық жобаларға қатысты осынау дұрыс механизмді пысықтап, заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет
«Егемен Қазақстан» №59 (25456) 11 АҚПАН СӘРСЕНБІ 2009 ЖЫЛ


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет