Мемлекеттің шығуы туралы теориялар:
1.Теологиялық (діни) теория, мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдайдың құдіретінен, яғни «барлық билік құдайдан» деп түсіндіреді. Діни мазмұнына қарамай бұл теория шындықты көрсетті. Ежелгі ( Иудейде ) теократиялық алғашқы мемлекетте билік абыздардың,храмның қолында болды. Олар діни және әкімшілік орталық ретінде билікті бөліп алды. Әсіресе, бұл теория орта ғасырда кең тарады. XVI-XVIII ғасырларда теократиялық теорияны монархтың билігін қамтамасыз ету үшін пайдаланды.
2.Патриархалды теорияда мемлекеттің пайда болуын кедейленген отбасымен, монархтың билігін әкенің өз отбасы мүшелеріне билігінен пайда болды деп көрсетеді. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігіне негізделді. Оның негізін қалаған б.д.д. IIIғ.Аристотель болды. Қазіргі уақытқа дейін бұл қағида өмір сүруде.
3.Органикалық теория бойынша мемлекет адам организмі сияқты дамиды. Ол мемлекет заңдарын адам психикасы процестерімен салыстырды. Бұл теория б.д.д. IV-III ғасырлардағы ежелгі грек ойшылдары идеяларында, соның ішінде Платонның еңбегінде көрініс тапты. Бұл теория өкілдері Блюнчли, Г.Спенсер,Вормс,Прейс т.б. болды.
4.Келісім - шарттық теория, мемлекеттің пайда болуын келісім нәтижесіндегі адамның саналы еңбегінің жемісі ретінде түсіндіреді. Мемлекет-адамдардың саналы түрде келісім-шартпен бірігуі және олардың өздерінің бостандығы мен билігінің бір бөлігін ерікті түрде мемлекетке беруі. Бұл теория ерте буржуазиялық ойшылдардың еңбегінде XVII-XVIII ғасырларда кең түрде дамыды. Бұл теорияны жақтаушылар Г.Гроций,Б.Спиноза,Т.Гоббс,Д.Локк,Ж.Ж.Руссо,А.Н.Радищев болды.
5.Күштеу теориясы мемлекеттің пайда болуын әскери-саяси факторлармен байланыстырады. Бір халықтың екінші халықты жаулап алуы,жеңілген халық үстінен билікті бекіту үшін мемлекет қажет болды. Күштеу теориясын жақтаушылар рулық демократия мемлекеттік ұйымдардың құрылуына алып келеді деп көрсетеді. Барлық уақыттарда сыртқы тайпалардың шапқыншылығы, олардың билігінің күшейуі, тайпалардың бірігуіне әсерін тигізді. Оның өкілдері К.Каутский,Л.Гумплович,Е.Дюринг еді.
6.Психологиялық теория XIX ғасырда пайда болды. Оның өкілдері Г.Тард,Л.И.Петражицкий болды. Мемлекеттің пайда болуын адамдардың психикалық қасиетіне байланыстырады. Алғашқы қауым элитасына саналы түрдегі тәуелділігі,оларға еліктеуі,бағыныштылығы, әділетті түрде қарым-қатынасына байланысты адам мінез-құлқының, қызметінің нәтижесінде мемлекет пайда болады. Сондықтан адам психикасы бұл заңдылықты іске асыруға анағурлым әсерін тигізеді.
7.Тарихи-материалистік теория бойынша мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстың табиғи дамуының нәтижесі, мемлекет дамуының материалдық жағдайын қамтамасыз ететін экономиканың дамуы,қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің болуы. Бұл теорияның негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс, Л.Морлан болды.
8.Ирригациялық теория. Оның өкілі К.А.Виттфогель болды. Ол өзінің «Шығыстық деспотизм» еңбегінде мемлекеттің пайда болуын өте ірі ирригациялық құрылыстардың салынуымен, шығыстық аграрлық жұмыстардың жүргізілуімен байланыстырады. Бұл «менеджерлік бюрократтық тапты» алып келді.К.Виттфогель деспотизм деп «гидравликалық»немесе «агроменеджерлік» өркениетті атайды.
Дәлдеп келгенде, бұл теориялардың барлығы мемлекеттің әркезеңдегі тарихи құбылыстарға байланысты дамып,қалыптасуын көрсетеді. Сөйтіп, мемлекет адамзаттың өмір сүруі үшін қажеттілік, ол белгілі бір экономикалық, әлеуметтік және рухани ортада пайда болады, өте маңызды саяси роль атқарады және зор әлеуметтік құндылық болып саналады.
Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік;
2. Аппараттық билік;
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі. Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның мақсат – міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория. Мемлекеттің функциялары ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөлінеді.
Мемлекттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция— мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі бар:
- Салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп басқару;
- Экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту;
- Ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру;
- Мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция — мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты — адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты — адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
3. Қаржы реттеу функциясы — қоғамдағы барлық азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп, басқарып отыру.
4. Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдебиет, өнер, музыка, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.
5. Экологиялық функция.
6. Құқықтық тәртіпті және қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы.
7. Ғылыми – техикалық прогресті дамыту функциясы.
Мемлекеттің сыртқы функциялары:
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету немесе өзін -өзі қорғау.
2.Басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту.
3.Әлемдік келелі мәселелердің шешімін табуға қатысу.
4.Халықаралық қатынастарда мелекеттің мүддесін қорғау, сақтап қалу. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады. Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы. Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық. Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2)құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1)Мемлекеттік органдардан;
2)Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3)Мемлекеттік қызметшілерден;
4)Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай –ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның:
а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады;
б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады;
в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады;
г)қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы-бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді.
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот.
3.Қызметінің құқықтық нысаны бойынша – құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4.Иерархия бойынша – республикалық және жергілікті.
5.Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).
6.Құзырлығының сипаты бойынша – жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).
Мемлекет нысаны – бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы. Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз – мұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – мұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламентті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, мұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді. Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:
1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер–министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады;
2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады;
3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады.
ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай-ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді. Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады.
Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет. Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет.
Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар – бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады. Конфедерациялардың империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.
Федерация – бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет, онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады. Федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады, формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін. Достастық – бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі. Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері. Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: |