Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы


заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың



бет2/6
Дата27.06.2016
өлшемі374 Kb.
#159911
1   2   3   4   5   6

             заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың
             заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға
             қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер,


             прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң
             және олардың заңсыз айналымы мен терiс
             пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының
             негiзгi принциптерi

      Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;

      1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;

      2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу;

      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;

      4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;

      5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;

      6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

      7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;

      8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.



2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер,
прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi
мемлекеттiк реттеу мен ұйымдастыру және
олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс
пайдаланылуына қарсы iс-қимыл

      5-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар


            айналымы мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз
            айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы
            iс-қимыл шаралары

      1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудi және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      2. алып тасталды

      3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:

      1) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi реттеу және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етедi; U051678

      2) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және аталған саладағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;

      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      4) денсаулық сақтау органдарына, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың шектен тыс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастыруға және көмек көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

      5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкiлеттi органдардың ұсыныстары бойынша өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

      6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;

      7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды;

      8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;

      9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi бекiту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады.

      10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы ғылыми зерттеулердi және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимылды үйлестiрiп отырады;

      11) қызметi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласымен байланысты мамандар оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткiзудi және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

      12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады;

      13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

      15) алып тасталды

      16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;

      17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын әзiрлеудi жүзеге асырады;

      18) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар, нұсқамалар енгiзедi;

      19) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылдарды әзiрлейдi және iске асырады;

      20) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiредi;

      21) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;

      23) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмектi тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.31 N 327, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың


             айналымын мемлекеттiк бақылау және олардың заңсыз
             айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
             шаралары

      1. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.


      Тексеру "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:
      1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;
      3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексерiп-қарау жүргiзуге;
      4) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;
      5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн көрсетiлген өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар беруге;
      7) есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға;
      8) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгiзуге құқығы бар.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      7-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар


             айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн, осы Заңның 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бес жылға дейiнгi мерзiмге қызметтiң нақты түрiне лицензия алғаннан кейiн заңды тұлғалар жүзеге асырады. P070735

      2. Тiзiмге енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға рұқсатты, қойма қорларының ұрлануын немесе басқадай жоғалуын болдырмау мақсатында қауiпсiздiк шаралары қамтамасыз етiлген жағдайда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын уәкiлеттi iшкi iстер органы бередi. V011426

      3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрiне лицензия берген кезде өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлердiң тиiсiнше тексерiлгенi туралы iшкi iстер органдарының қорытындысы ескерiледi.


      Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында тiкелей есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлерге нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен айырмайтыны туралы, сондай-ақ аталған тұлғалар арасында кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi атқаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылғандар жоқ екендiгi туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындылары қажет.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды әзiрлеу, өндiру, дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту, босату, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелерiн белгiлейдi.


      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Мемлекеттiк квоталар

      1. Тiзiмге енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттiк квота - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қажеттiлiк есебi, лицензиясы бар заңды тұлғалар олардың айналымын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осы қажеттiлiк шегiнде жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттiк квота Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. Мемлекеттiк квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесi күнтiзбелiк жылға өтiнiм жасаған белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшерiн қамтиды.

      3. Заңды тұлғалар келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiтуге өтiнiмдердi уәкiлеттi органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеудi не құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрiлiк заттар өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар:

      1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiтуге өтiнiмдердi ұсынады;

      2) қамтамасыз ету нормативiне сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды жүзеге асырады.

      5. Уәкiлеттi органдар келесi күнтiзбелiк жылға арналған жиынтық тұтыну нормативiн бекiту үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жинақтап қорытылған өтiнiмдердi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн ұсынады.

      6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган:

      1) заңды тұлғалардың тұтыну нормативтерi өтiнiмдерiнiң негiздiлiгiн тексередi;

      2) бекiтуге өтiнiм жасаған тұтыну нормативтерiн жинақтайды және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аталған тұтыну нормативтерiн бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi; V022057

      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын бақылаудағы заңды тұлғаларға қамтамасыз ету нормативтерiн бөледi.

      7. Қамтамасыз ету нормативiн үлестiк бөлу Тiзiмге енгiзiлген барлық есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар өтiнiм жасаған, құрамында аталған заттар бар өнiмдерге қатысты жүзеге асырылады.


      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен


             прекурсорларды әзiрлеу

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу қолда бар есiрткiлермен салыстырғанда неғұрлым тиiмдi, неғұрлым қауiпсiз және оңай бақыланылатын жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар жасауды мақсат етедi.

      2. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды әзiрлеудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар мемлекеттiк ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдалануға арналған жаңа ықтимал есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды клиникаға дейiн және клиникада сынақтан өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi (ұйымдары) мен ғылыми-зерттеу институттарында жүзеге асырылады.

      3. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды тiркеу барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      10-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды
               өндiру, дайындау, өңдеу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат етiлген есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды өндiрудi, дайындауды, өңдеудi сол қызмет түрiне лицензиясы бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалар белгiленген мемлекеттiк квоталар шегiнде жүргiзедi.

      2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар өндiретiн, дайындайтын, өңдейтiн заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды


               буып-түю

      1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есiрткi және психотроптық заттардың әрбiр сериясы үшiн тұтыну бумаларын таңбалау бiрыңғай болуға және Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      2. Тiзiмде аталған заттар құрамында бар дәрiлiк заттарды таңбалау кезiнде осы заттардың атаулары және олардың салмақ бiрлiгiмен немесе процентпен алынған құрамы көрсетiледi.

      3. алып тасталды

      4. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттардың буып-түйiлуi мен жазбалары сәйкес келуге тиiстi шарттар бұзылған жағдайда есiрткi және психотроптық заттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынып қойылады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.31 N 327, 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

      12-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды


              Қазақстан Республикасының аумағына әкелу,
              Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және
              олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
              транзитi

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi осы қызмет түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу және әкету мемлекеттiк шекара мен кеден шекарасынан өткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлетiн лицензия және сәйкестiктi растау саласындағы тиiстi құжат көрсетiлген жағдайда жүзеге асырылады.
      Басқа заңды тұлғаның есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы аталған қызметке лицензиясы болуына қарамастан, оған әкелу мен әкетуге берiлген лицензияны беруге болмайды.

      3. Жүктiң әрбiр тобына есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге арналған лицензияның куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi, ол да жүк апарылатын елдiң үкiметiне жiберiледi.

      4. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды импорттаушылар мен экспорттаушылардың арасында әкелу және әкету сертификаттарын алмасу арқылы экспорт сертификатына нақты тобының түскенi туралы және әкелу немесе әкету операциясының аяқталғаны туралы белгi қойыла отырып, жүзеге асырылады.

      5. Егер есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың әкелiнiп (әкетiлiп) отырған нақты мөлшерi лицензияда көрсетiлген мөлшерге сәйкес келмесе, бұл туралы мәлiметтер әкелiнген (әкетiлген) елдiң тиiстi құзыреттi органына хабарланады.

      6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелудi (әкетудi) жүзеге асыратын кәсiпорындардың атаулары мен мекен-жайлары, осы заттардың тiзбесi мен мөлшерi дәл көрсетiлмейiнше, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.

      7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитiн заңды тұлғалар есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген рұқсат негiзiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.


      Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитiн жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.

      8. Осы бапта белгiленген талаптар бұзылған жағдайда есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркiленуге тиiс. Тәркiленген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды одан әрi пайдаланудың немесе жоюдың тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.


      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.31 N 327, 2006.12.29 N 209 Заңдарымен.

      13-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды


               тасымалдау, жөнелту

      1. Халықаралық тасымалдауды қоса алғанда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, сондай-ақ осы үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

      2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жүктi тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендiрiлген күзет немесе басқа күзет қызметтерi жүзеге асырады.

      3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды жүзеге асыру құқығы заңды тұлғаларға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiне тиiстi лицензиялар алғаннан кейiн берiледi.

      4. Емделу кезiнде құрамында есiрткi немесе психотроптық заттар бар дәрi-дәрмектердi пайдаланатын азаматтардың мұндай дәрiлердi сатып алудың заңдылығын растайтын құжаты болуға тиiс. Мұндай құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      5. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды почта, соның iшiнде халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберуге тыйым салынады.


      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.31 N 327, 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет